Пресс-центр
"Қазақтың Қанипасы " |
Ү.ж 18 қыркүйек күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері Ғ.Орманов атындағы орта мектебінің оқушыларына Қанипа Бұғыбаеваның өмірі мен шығармашылығына арналған "Қазақтың Қанипасы " атты әдеби кеш өткізді. Шара қонақтарына Қанипа Бұғыбаева жайында мағлұмат берілді. Ақынның шығармашылығына шолу жасалып, оқушылар ақынның өлеңдерін оқыды. Кеш соңында Қанипа Бұғыбаеваның өмірінен сыр шертетін фотокөрме көрсетілді. |
Подробнее Просмотры: 373 Категория: Новости Дата: 19.09.2019 |
«Үмбетәлі оқулары» |
Қазақтың «Қара жорғасы» атанған Сүйінбай, Жамбыл жырларын жалғастырушы, шашасына шаң жұқпас суырып салма ақын –Үмбетәлі Кәрібаевқа 130 жыл толып отыр. Бұл кісінің есімі қазақ халқы үшін ерекше , олай дейтініміз көрнекті халық ақыны Жамбыл бабамыздың шәкірті.Үмбетәлі Кәрібаев өзінің бүкіл шығармашылық жолында ұлттық поэзиямыздың озық үлгілерін бүгінгі заманға жеткізіп, жаңарта пайдаланған дәуір шындығына белсенді үн қосқан үздік таланттардың бірі болды.Үстіміздегі жылдың 17 қыркүйек күні «Үмбетәлі оқулары» атты байқау өтті. 5-8 сынып аралығында өткен байқау 2 кезеңнен тұрды. Бірінші қатысушылар Үмбетәлі Кәрібаевтің қанша өлеңдерін жаттағанын дәлелдесе, екінші кезең бойынша қатысушылар ақынға өздері жазған арнау өлеңдерін оқыды. Соңында қатысушылар әділқазылар алдында Үмбетәлі Кәрібаев шығармасы мен өмірі бойынша құрастырылған сұрақтарға жауап берді. Жүзден жүйрік шыққандарды әділқазылар бағалап отырды.Ал, қалған оқушылар да жүлдесіз қалмай ынталандыру сый... |
Подробнее Просмотры: 463 Категория: Новости Дата: 18.09.2019 |
«Тұғыры биік тұлға» |
Ү.ж. 17 қыркүйек күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Рухани жаңғыру » бағдарламасы аясында «Тұғыры биік тұлға» тақырыбында белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, атақты ғалым, экономика ғылымының докторы, профессор, ҚР ауыл шаруашылығы ғылымы академиясының Құрметті мүшесі, халықаралық экономикалық Еуразия Академиясының академигі Жұмахан Балапановтың өмірі мен шығармашылығы, қоғамдық қызметiне арналған жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: ғалымның артында қалған мол мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттай отырып, еңбекқорлыққа, адалдыққа, туған жерін сүюге тәрбиелеу.Көрмеге ғалымның фотосуреттері, марапаттары және ауыл шаруашылығы саласында жазған еңбектері қойылды. Көрмені «Жоңғар Алатау» мемлекеттік табиғи паркі Алакөл филиалының қызметкерлері мен ауыл тұрғындары тамашалады. |
Подробнее Просмотры: 310 Категория: Новости Дата: 18.09.2019 |
"Ұлттық аспаптар сыр шертеді" |
Үстіміздегі жылдың 16 қыркүйегінде І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Ұлттық аспаптар сыр шертеді" атты тақырыпта әр түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық музыкалық аспаптарынан құралған көрме өтті. Көрермендер көрме барысында әр халықтың музыкалық аспаптарының өзіндік ерекшеліктерімен, атауымен және шығу тарихымен танысты. |
Подробнее Просмотры: 419 Категория: Новости Дата: 17.09.2019 |
«Асылдың сынығы» |
Ағымдағы жылдың 10 қыркүйек күні І.Жансүгіров әдеби музейі және Талдықорған агротехникалық колледжінің ұйымдастыруымен І.Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойына орай «Асылдың сынығы» атты шара өтті. Кеш барысында «Ақын мұралары» атты көрме таныстырылып, танымды баяндамалар жасалды. Шараға Ілияс Жансүгіровтің ізбасарлары, ақын атындағы Жетісу мемлекеттік университеттің профессорлары, колледж қызметкерлері мен білімгерлері, қала мектептерінің оқушылары қатысты. |
Подробнее Просмотры: 371 Категория: Новости Дата: 12.09.2019 |
«Музейдегі түн-2019» |
Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 9-шы қыркүйек күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында және Кеген ауданының 90 жылдығына сәйкес «Музейдегі түн-2019» жобасы ұйымдастырылды. Музей түнінде «Әрбір үйге еркеміз, суреттен сыр шертеміз» атты тақырыпта сурет көрмесі ұйымдастырылды. Шараның мақсаты Кеген ауданының тарихын терең ұғынып, рухани жаңғыртып, сана сілкінту. «Әркім музейден тағылым алуы тиіс» деген ұлағатты ұстанымды көпшіліктің бойларына сіңірту, әрі елдің назарын рухани музейге бұрып, жастарды өлкетануға шақыру. Негізгі шаралардан басқа шеберлік сабақтары, дидактикалық ойын минуттары және фуршет үстелі ұйымдастырылды. Ұлттық әуенмен көмкерілген, әсем сазды мәдени шараны тамашалаушылар музей қызметкерлері дайындаған шағын фуршеттен дәм ауыз тиіп, жылы лебіздерін білдіріп, фотосуреттерге түсіп тарқасты. |
Подробнее Просмотры: 355 Категория: Новости Дата: 11.09.2019 |
Экскурсия |
11 сентября в Есикском археологическом краеведческом музее воспитанники областной специализированной школы-интерната для детей с нарушениями интеллекта г. Есик получили возможность бесплатно посетить выставку организованную в рамках акции" В дар музею". |
Подробнее Просмотры: 278 Категория: Новости Дата: 11.09.2019 |
«Ұмытылмас есімдер» |
2019 жылдың қыркүйек айының 10-шы жұлдызында, Сарқан ауданының тарихы музейінің қызметкерлері «Музей түні» жобасы аясында «Черкасск қорғанысы» күніне орай «Ұмытылмас есімдер» атты көрме өткізді. Көрмеде көтерілістің шығу себептері, Черкасск қорғанысына қатысқан елді мекендердің тарихы, жауынгерлердің ерліктері туралы мәліметтер айтылды. |
Подробнее Просмотры: 384 Категория: Новости Дата: 11.09.2019 |
«Ат әбзелдері» |
11 сентября в Есикском археолого-краеведческом музее состоялся познавательный урок «Ат әбзелдері» в рамках статьи Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры». Поскольку жизнь кочевников напрямую связана с коневодством, использование его снаряжения также считается видом искусства. Обучение человеком диких лошадей и изобретение седла стало большим подспорьем для всемирной цивилизации. Школьникам была дана информация об использовании конной упряжки, им были показаны седло, уздечка, стремя и подхвостник из фонда музея. |
Подробнее Просмотры: 288 Категория: Новости Дата: 11.09.2019 |
"Рухы биік тұлға" |
Ү.ж. 10 қыркүйегінде І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ақын, журналист, публицист, қоғам қайраткері Жамау Беркімбайұлы Бұқарбайевтың туғанына 70 жыл толуына орай "Рухы биік тұлға" атты тақырыпта танымдық сағат өтті. |
Подробнее Просмотры: 370 Категория: Новости Дата: 11.09.2019 |