«В дар музею»

10 сентября в Есикском археолого-краеведческом музее открылась выставка экспонатов, собранных в рамках выставки «В дар музею» на которой представлены экспонаты личного пользования жителя г. Есик, поэта и писателя Естеу Нусипбекова,наручные часы, очки, а также ручная мельница, глиняные сосуды, утюг и другие.. Данную выставку посетили школьники и жители города.
Подробнее Просмотры: 294 Категория: Новости Дата: 11.09.2019

«Ұмытылмас есімдер»

2019 жылдың қыркүйек айының 10-шы жұлдызында, Сарқан ауданының тарихы музейінің қызметкерлері «Черкасск қорғанысы» күніне орай, Черкасск соғысына қатысқан жауынгерлердің құрметіне арнап «Ұмытылмас есімдер» атты тақырыптық экскурсия өткізді. Экскурсия Черкасск орта мектебінің 9, 10 сынып оқушылар арасында «Черкасск қорғанысы» экспозициялық кешенінде, Черкасск қорғанысына қатысушылар және Черкасск қорғанысы әскерлерінің бірінші қолбасшысы Мстислав Никольскийдің жеке бөлмесі жайлы, қолбасшы Иван Венедиктовтің сейф - орындығы туралы көптеген мәліметтер айтылды. Оқушылар өте қызығушылықпен тыңдап, өздеріне көптеген мәліметтер алғандарын айтып, алғыстарын білдірді.
Подробнее Просмотры: 352 Категория: Новости Дата: 10.09.2019

Экскурсия

Үстіміздегі жылдың 10 қыркүйегінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Алматы облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музей қызметкерлері "ПРАВО" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жан-жақты қолдауды қажет ететін кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерге музей залдары бойынша тегін экскурсия жүргізді.
Подробнее Просмотры: 262 Категория: Новости Дата: 10.09.2019

«Тұғыры биік нар тұлға»

2019 жылдың 10 қыркүйек күні Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Жаңалық ауылы Жаңалық негізгі орта мектебінде «Тұғыры биік нар тұлға» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: есімі ел есінде сақталған халқының біртуар ұлы Екі мәрте Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновтың халқына тигізген шарапатын, сіңірген еңбегін көрсету, азаматтық тұлғасын таныту. Аталмыш көрмені мектеп оқушылары, ұстаздары мен ауыл тұрғындары тамашалады.
Подробнее Просмотры: 342 Категория: Новости Дата: 10.09.2019

«Қорғаныс батырлары»

2019 жылдың қыркүйек айының 9-шы жұлдызында Сарқан ауданының тарихы музейінің қызметкерлері Черкасск орта мектебінің 8 және 10-сынып оқушыларына «Черкасск қорғанысы» күніне орай Черкасск қорғанысына қатысқан батыр сарбаздардың өмірбаяны мен ерлігі туралы «Қорғаныс батырлары» атты тақырыпта дәріс өткізді.
Подробнее Просмотры: 349 Категория: Новости Дата: 09.09.2019

"Білім нұрын шашқан-Мамановтар"

2019 жылдың 9 қыркүйегінде І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Білім нұрын шашқан-Мамановтар" атты тақырыпта танымдық сағат өтті. Шара барысында жас ұрпаққа 120 жылдық тарихы бар -1899 жылы киелі Қарағаш мекенінде ірге тасы қаланып бой көтерген Жетісу жеріндегі алғашқы білім ордасы "Мамания" мектебі жайында, сол мектептің негізін қалаған Маман ұрпақтары жайлы және онда алғаш білім алған қазақ зиялылары жайында жан-жақты мағлұматтар берілді.
Подробнее Просмотры: 419 Категория: Новости Дата: 09.09.2019

«Көненің көзі, асылдың сынығы»

Ж. Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде 9 қыркүйек күні Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Музейге сый» акциясы аясында «Көненің көзі, асылдың сынығы» атты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты ежелден келе жатқан ата-дәстүрімізді дәріптеу, өткен тарихқа үңіле отырып, жас ұрпақты өз мәдениеті мен өнерін сүюге тәрбиелеу. Шараға «Музейге сый» акциясы барысында ауылымыздың тұрғыны, Жамбыл ауданы құрметті азаматы 90 жасқа келген Кулмайрам Ахметова әжеміз қатысып, музей қорына жез құмған, кілемше және тоқылған үстел жапқыш тапсырды. Кулмайрам әжеміз әр жәдігердің тарихымен таныстырып, кілемшеге бір ғасыр болғанын ерекше атап өтті. Өзінің қайын атасы Меккеге барған сапарында ала келген бұл заттың ерекшеліктері мен қасиеттерін айтып берді. Сондай-ақ Республикалық «Сөз өнері» газетінің оқырманы Ақтөбе облысы, Шалқар қаласының тұрғыны Қалмұханов Мұхамбетсадық Ұлықпанұлы өзінің әжесі қолданған тұрмыстық бұйым «келі келса...
Подробнее Просмотры: 1156 Категория: Новости Дата: 09.09.2019

«Сен қоғамға керексің»

«Сен қоғамға керексің» атты тақырыпта Қарасай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен «Анаға құрмет» музейі бірлесіп, аяғын шалыс басқандардың қоғамға керектігін сезіндіру мақсатында концерттік бағдарлама және экскурсия жүргізілді.
Подробнее Просмотры: 341 Категория: Новости Дата: 09.09.2019

Послание

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алғашқы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын талқылау бойынша 6 қыркүйек күні Алдабергенов ауылдық округінде жиын өтті. Жолдаудың бағыты Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуіне негізделген. Елімізді реформалаудың жаңа кезеңіне қадам басуы анықталды. Жиынға қатысушы мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары Елбасының Жолдауында атап өткен негізгі міндеттері бойынша өз пікірлерімен бөлісті.
Подробнее Просмотры: 327 Категория: Новости Дата: 09.09.2019

"Музейдегі түн "

5 қыркүйек күні Шелек тарихи -өлкетану музейінде еліміздегі барлық музейлер арасында ұйымдастырылып жатқан, "Музейдегі түн " жобасы аясында, "Отты жылдар " атты тақырыпта музей көрермендеріне мәдени шара өткізіліп, "Суреттер сөйлейді " тақырыпта дәріс оқылды. Ауыл тұрғындары өз ой -пікірлерімен бөлісіп, "Ер есімі -ел есінде " атты тақырыпта музей залдары бойынша дайындалған көрмені тамашалап қайтты.
Подробнее Просмотры: 373 Категория: Новости Дата: 06.09.2019