Әнші Досымжан Таңатаров Ш.Уәлихановтың «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейін тамашалауға келді.

Қазақ жұртына белгілі әнші Досымжан Таңатаров еліміздің төрі Нұр-Сұлтаннан арнайы отбасымен Алматы облысы, Кербұлақ ауданы Шанханай ауылдық округіне қарасты Шоқан ауылындағы Ш.Уәлихановтың «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейін көріп тамашалауға келді. Музей ішіндегі ғалымға қатысты қойылған жәдігерлерді асықпай аралап көріп шыққан әнші Досымжан Таңатаров өзінің Шоқан әлеміне енгендей күйде болғанын айтып,музей қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, осы музейден алған керемет әсерін музейдің естелік кітабына да жазып, қолтаңбасын қалдырды.
Подробнее Просмотры: 425 Категория: Новости Дата: 19.08.2019

Қазақ поэзиясының құлагері Ілияс Жансүгіровтың туған жері "Кіндікқоңырға" экскурсиялық саяхат

Ү.ж 15 тамызында І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері Қазақ поэзиясының құлагері Ілияс Жансүгіровтың туған жері "Кіндікқоңырға" экскурсиялық саяхат ұйымдастырды. Экскурсия ақынның туған ауылы Ойтоғанға кіре берістегі ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталы.Одан ары Ойтоған ауылы маңындағы ақынның кіндік қаны тамған"Кіндікқоңыр" мекенінде жалғасын тапты.
Подробнее Просмотры: 524 Категория: Новости Дата: 16.08.2019

«Өткеннен сыр шертетін Қаскелең»

Ү. ж. 14 тамыз күні Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Қарасай ауданының 90 жылдығына орай, Абай атындағы орта мектеп гимназиясының ұстаздарына «Өткеннен сыр шертетін Қаскелең» атты тақырыптық экскурсия жүргізілді. Экскурсия барысында Қаскелең қаласының кеңес заманы жылдарындағы тарихы таныстырылып, қызықты мәліметтер берілді.
Подробнее Просмотры: 365 Категория: Новости Дата: 15.08.2019

"Дарынымен дараланған саңлақ"

Ү.ж. 14 тамыз күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері Сара Тастанбекқызының шығармашылығына арналған "Дарынымен дараланған саңлақ" атты тақырыптық экскурсия ауыл тұрғындарымен өткізді. Ақын Сараның өмірі мен шығармашылығына шолу жасалып, өлеңдері мен айтысы турасында мағлұмат берілді. Ақынның "Тұзақ" поэмасына талдау жасалды.
Подробнее Просмотры: 390 Категория: Новости Дата: 15.08.2019

«Елі сыйлаған Балпық би»

Он екі ата Жалайырдың ішіндегі біртуар тұлға, ел басқарған көсем, қол бастаған батыр, сөз бастаған шешен Балпық би Деріпсалыұлының туғанына биыл 325 жыл. Тарихи тұлғаның көрегендігі мен ерлігі ұрпақ жадында мәңгі сақталуы керек. Осы мақсатта Балпық бидің 6-шы ұрпағы Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінде «Елі сыйлаған Балпық би» атты тақырыптық экскурсия жүргізілді. Экскурсия барысында Балпық бидің өнегелі өмірі, ел бірлігі мен татулығы жолындағы қызметі жайлы мағлұмат берілді.
Подробнее Просмотры: 1458 Категория: Новости Дата: 14.08.2019

Мұқан Төлебаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы экскурсия

Ү.ж. тамыз айының 14 күні Талдықорған қаласынан аранйы келген «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне композитор, Халық артисі Мұқан Төлебаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы экскурсия жүргізіліп, музей экспозициясы таныстырылды.
Подробнее Просмотры: 313 Категория: Новости Дата: 14.08.2019

«Жастар – жарқын болашақ бастауы»

Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінде «Жастар – жарқын болашақ бастауы» атты әңгіме-сұхбат өткізіліп, Жетісу өңірінің жас ақын-жазушыларының шығармашылығынан сыр шертетін «Ел ертеңі - жастар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көпшілік назарына ұсынылды.
Подробнее Просмотры: 382 Категория: Новости Дата: 13.08.2019

"Ер қаруы - бес қару"

Үстіміздегі жылдың тамыз айының 12-сі күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері "Тамшыбұлақ" жазғы демалыс лагерінің балаларына "Ер қаруы - бес қару" атты дәріс оқыды. Ата-бабаларымыз қолданған бес қарудың мақсаты түсіндіріліп, тарихқа шолу жасалды.
Подробнее Просмотры: 424 Категория: Новости Дата: 12.08.2019

Қытай жерінде Қазақстан музейлерінің жоғарғы буын басшыларына арналған семинар

Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының елшілігі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесе отырып екі елдің музейлері арасындағы мәдени-гуманитарлық тәжірибе алмасуды тереңдету және ынтымақтастықты кеңейту мақсатында 2019 жылдың 30-шы шілде – 8-ші тамыз аралығында Қытай жерінде Қазақстан музейлерінің жоғарғы буын басшыларына арналған семинар ұйымдастырылып, оған республиканың барлық өңірлеріндегі облыстық тарихи-өлкетану музейлерінің мамандары қатысты. Теориялық және практикалық оқулар Пекин, Синин, Ланьчжоу қалаларының жетекші музейлерінде өткізілді. Аталмыш семинарды Қытай мемлекетінің мәдениет және туризм министрлігіне қарасты Басқарма кадрларының орталық академиясы ұйымдастырды. Семинарға қатысушылар Қытайдың Астаналық, Ұлттық, Гугун, Ұлттық өнер, Ганьсу провинциясының, Цинхай провинциясының музейлері мен Ұлы Қытай қорғаны, Цинхай көлі мен Таэрсы храмын тамашалап, өңір басшыларымен кездесіп, Қытай музейлерінің тарихы туралы лекцияларды тыңдады...
Подробнее Просмотры: 382 Категория: Новости Дата: 12.08.2019

Нұрғали Нүсіпжанов Жаркент мешіті сәулет-көркемөнер музейіне арнайы келіп музей экспозициясымен танысып қайтты.

2019 жылдың 10 тамыз күні Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов Жаркент мешіті сәулет-көркемөнер музейіне арнайы келіп музей экспозициясыментанысып қайтты.
Подробнее Просмотры: 456 Категория: Новости Дата: 12.08.2019