Пресс-центр
Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы |
Ү. ж. тамыз айының 5 жұлдызы күні қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңындаПанфиловаудандық кітапханасы мен бірлескен Абай өлеңдерінен мәнерлеп оқу ұйымдастырылды. |
Подробнее Просмотры: 417 Категория: Новости Дата: 12.08.2019 |
Аңыздар кеші |
Қазақ.халқының оқиғасын шындық өмірден алып ауызша шығарған көркем шығармаларының бір саласы – аңыз әңгімелер. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен.«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде,аталмыш тақырыпқа орай, өз туған жерінің, өлкесінің тарихын білу мақсатында,І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері жас ұрпаққа Ақсу өңірінің киелі жерлерінің аңыз-әңгімелерін, әдеби мұрасын насихаттау барысында аңыздар кешін ұйымдастырды. |
Подробнее Просмотры: 349 Категория: Новости Дата: 08.08.2019 |
"Үлкеннен - ұлағат, кішіден - ілтипат" |
Анаға құрмет музейінде Қарасай ауданының ардақты анасы Ұлтарақова Зәурегүл Раушанқызының қатысуымен "Үлкеннен - ұлағат, кішіден - ілтипат" атты тақырыпта "Күлиман ана" медресе оқушыларымен тағлымы мол кездесу ұйымдастырылды. |
Подробнее Просмотры: 371 Категория: Новости Дата: 08.08.2019 |
Экскурсия |
Ү.ж. 7 шілде күні Ақын Сараның мемориалды музейінде "Тамшыбұлақ" жазғы демалыс лагерь балаларына танымдық ойын ұйымдастырылып, музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді. |
Подробнее Просмотры: 276 Категория: Новости Дата: 08.08.2019 |
«Алаштың асыл мұраты» |
Сарқан ауданының тарихы музейінде жаздық лагерь оқушыларына Алаш қайраткері Жұмахан Күдериннің өмірі мен қызметіне арналған «Алаштың асыл мұраты» атты тақырыптық экскурсия жүргізілді. |
Подробнее Просмотры: 302 Категория: Новости Дата: 07.08.2019 |
Ақын Мақпал Мысамен кездесу |
Ү.ж. 5 тамыз күні Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінде өскелең ұрпақты рухани және адамгершілік құндылыққа тарту, ұлттық өнерімізді дәріптеп, беделін арттыру, ақындық бағытты студенттер арасында кеңінен насихаттау, ұлт әдебиетінің бүгінгі өкілдерін жастар арасында дәріптеу мақсатында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, ақын Мақпал Мысамен кездесу өтті. Шараға қатысушылар кездесу барысында сырласып ой бөлісумен қатар, ізбасар жастардың жыр-шашуына куә болып қайтты. |
Подробнее Просмотры: 412 Категория: Новости Дата: 05.08.2019 |
Экскурсия |
Есік археологиялық - өлкетану музейіне кадеттер арасында күрес бойынша Қазақстан құрамасының мүшелері мен Ресей Федерациясының Сургут қаласынан команда өкілдері арнайы келіп, музей экспозициясымен танысып қайтты. |
Подробнее Просмотры: 292 Категория: Новости Дата: 05.08.2019 |
«Жыр дүлдүлі-Ілияс» |
Ү. ж. 22 шілдесінде І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ақын, жазушы, қоғам қайраткері І.Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойына орай, Ақсу ауылдық кітапханасы залында, кітапхана оқырмандарына арнайы «Жыр дүлдүлі-Ілияс» атты тақырыпта ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған дәріс оқылды. |
Подробнее Просмотры: 387 Категория: Новости Дата: 05.08.2019 |
Экскурсия |
Ү.ж. 4 тамыз күні Ш.Уәлихановтың «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейіне Алматы қаласынан композитор, ақын Бауыржан Есебаев және Кербұлақ ауданының тумасы, айтыскер Балғынбек Имашев бастаған түсірілім тобы келіп, музей экспозициясы бойынша экскурсиямен танысып қайтты. |
Подробнее Просмотры: 321 Категория: Новости Дата: 05.08.2019 |
«Ұлттық құндылықтарымыз – рухани жаңғырудың негізі» |
Қасиетті жұма күні Кеген ауданындағы Тоғызбұлақ ауылы үшін ұмытылмас күндердің бірі болып қалды. Осы өңірден шыққан әнші, композитор, ақын әрі ағартушы дара тұлға Қапез Байғабылұлының 123 жылдығына арналған ауқымды еске алу шаралары болып өтті. Осыған орай, Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейі жұрт назарына «Ұлттық құндылықтарымыз – рухани жаңғырудың негізі» атты тақырыпта жылжымалы көрме ұйымдастырып, ауыл тұрғындары мен қонақтарын экскурсиямен таныстырды. |
Подробнее Просмотры: 372 Категория: Новости Дата: 05.08.2019 |