Қазақша жаңаша жазайық

Латын әліпбиіне көшу – заман талабынан туындап отырған қажеттілік екенін және латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы жайлы жан-жақты мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында 2019 жылдың 17-ші шілде күні Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері арасында «Қазақша жаңаша жазайық» тақырыбында қазақ тілінің дамуына үлес қосып, жаңа жүйе бойынша мәтін жазып, жаңашалатын латын қарпімен диктант жазылды.
Подробнее Просмотры: 518 Категория: Новости Дата: 18.07.2019

Талдықорған – Лепсі бағыты бойынша арнайы туристік саяхат

Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен тұңғыш Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Өз өлкеңді танып біл» бағытын насихаттауда «Жетісу жауһарлары» атты жобаны іске асыру мақсатында Талдықорған – Лепсі бағыты бойынша арнайы туристік саяхат жүргізілді. Саяхат бағыты облыс орталығы Талдықорған қаласынан басталып, Лепсіге дейінгі бағытта кездесетін кесенелер, ескерткіштер, киелі орындар,табиғат ескерткіштері мен М.Төлебаев атындағы мемориалды музей жайлы экскурсия жүргізілді.
Подробнее Просмотры: 435 Категория: Новости Дата: 18.07.2019

«Қазақстандағы металлургияның пайда болуы» атты танымдық музей сабағы

Үстіміздегі жылдың 11 шілдесінде, Қарасай ауданының тарихи-өлкетану музей қызметкерлері, Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даладағы ежелгі металлургия» жобасы аясында Бекболат ауылындағы Бірінші Май орта мектеп ішілік лагерь балаларына «Қазақстандағы металлургияның пайда болуы» атты танымдық музей сабағын өткізді. Балаларға ата-бабаларымыздың металлургия және металл өңдеуді дамытуы туралы, көшпенділердің өмірінде қажетті түрлі металдардан жасалған әдемі өнімдердің өндірісі туралы айтылды. Қортындылай келе балаларға қола және темір дәуіріндегі музей экспонаттары туралы таныстырылды. В рамках проекта «Древняя металлургия Великой степи» статьи Елбасы Н.А. Назарбаева, 11-го июля текущего года в историко-краеведческом музее Карасайского района, был проведен познавательный музейный урок «Зарождение металлургии в Казахстане», для детей пришкольного лагеря средней школы 1-е Мая села Бекболат. Детям рассказали о занятии наших предков металлургией и ра...
Подробнее Просмотры: 353 Категория: Новости Дата: 11.07.2019

«Тарихқа тағзым» атты тақырыпта жылжымалы көрме ұйымдастырды.

2019 жылдың 10-шы шілде күні Кеген аудандық тарихи - өлкетану музейінің ұйымдастыруымен 1916 жылғы Қарқара көтерілісіне арналып Кеген ауданы, Қарқара аулына қарасты Ереуіл төбе маңына «Тарихқа тағзым» атты тақырыпта жылжымалы көрме ұйымдастырды. Жылжымалы көрменің мақсаты: Жетісу жеріндегі 1916 жылғы Қарқара көтерілісінің тарихы мен көтерілістің басшылары болған Жәмеңке Мәмбетов, Ұзақ Саурықов, Әубәкір Солтанбеков, Жаңабай Құдайбергенов, Нүке Ыстыбайұлы, Қазыбек Шормановтың ұрпақ үшін жасаған өнеге істерін халыққа жеткізу. Музей қорындағы Қарқара көтерілісінің басшыларынан қалған құнды жәдігерлерді көрсетіп, тарихын баяндау. Тарихи сананы жаңғырту, ұлттық болмысымызды сақтау, жас буынды ұлттық тәрбиемен сусындату, ұлт мақтаныштарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыруға жол ашу. Жылжымалы көрмені Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты Сұлтанов Қуаныш Сұлтанұлы, Білім және ғылым қызметкерлерінің «Демеу» Алматылық жергілікті кәсіподағы қоға...
Подробнее Просмотры: 499 Категория: Новости Дата: 11.07.2019

«Есіл жағасындағы – еңселі қала» атты тақырыпта жиын өткізілді.

Кеген аудандық тарихи - өлкетану музейінің ұйымдастыруымен 6-шілде Нұр-Сұлтан күніне орай «Есіл жағасындағы – еңселі қала» атты тақырыпта жиын өткізілді. Жиынның басы музейге тақырыптық экскурсия жүргізумен басталды. Жиынның басты мақсаты: Қазақстанның Елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының саяси – мәдени, әлеуметтік- экономикалық маңызын көрсету. Елорда – Отанымыздың жүрегі , тәуелсіздігіміздің тірегі, бірлік пен келісімнің негізі, республикамыздың жетістіктері мен қарқынды дамуының белгісі екенін таныту. Жиынға Кеген ауданының әкімінің орынбасары Қ.Омарқалық, Аудандық мәслихат хатшысы Н.С.Советов, Нұр Отан партиясының Кеген аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Н.Мұқаев, Аудандық мекеме және бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері.
Подробнее Просмотры: 364 Категория: Новости Дата: 11.07.2019

«Домбыраға тіл бітсе...» атты тақырыпта мәдени іс-шара

Ағымдағы жылдың 8-шілдесі күні, Батыр бабалар мемориалды музейі қызметкерлері шілде айының алғашқы жексенбісі домбыра күніне орай, Қарасай ауданы, Қайнар орта мектебі жанындағы лагерь оқушыларына «Домбыраға тіл бітсе...» атты тақырыпта мәдени іс-шара ұйымдастырды. Шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа домбыраның қазақ халқының ерте замандардан қолданылып келе жатқан бірден-бір ұлттық музыкалық аспабы екендігін түсіндіру және домбыраның көмегімен атақты – Құрманғазы, Дина сияқты дәулескер күйшілер мен жыр алыбы – Сүйінбай, Жамбыл сынды т.б. ақындардың жеткен жетістіктері жайында түсіндіру болды.
Подробнее Просмотры: 340 Категория: Новости Дата: 11.07.2019

«Астана келбеті – Ұлт келбеті»

2019 жылдың 5-шілдесі күні, Батыр бабалар мемориалы қызметкерлері, Қарасай батыр мектебі жанындағы лагерь оқушыларына Нұр-Сұлтан қаласы күніне орай, «Астана келбеті – Ұлт келбеті» атты тақырыпта дәріс оқыды. Дәріс барысында арнайы дайындалған слайд-шоулардың көмегімен Нұр-Сұлтан қаласының өткені мен бүгінгі келбеті жайындағы фотоматериалдар көрсетіліп, елордасы – Астанананың бүгінгі жай-күйі жайында баяндалды.
Подробнее Просмотры: 294 Категория: Новости Дата: 11.07.2019

"Тіршіліктің тірегі сен - Жер Ана"

9-шы шілде күні Алматы облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінде №1орта мектептің жазғы лагерь демалысында жүрген оқушыларына "Тіршіліктің тірегі сен - Жер Ана" атты танымдық ойындар өткізілді. Жердің аспан әлеміндегі орны, оның адамзат үшін маңыздылығын оқушыларға ойын арқылы жеткізді. Ойынға балалар белсене қатысып, өз ептіліктерін, білімділіктерін көрсетіп, шара соңында сыйлықтарға ие болып, көңілді тарқасты.
Подробнее Просмотры: 405 Категория: Новости Дата: 09.07.2019

«Ашық есік күні»

2019 жылдың шілде айынының 5 – ші жұлдызында, Нұр – Сұлтан қаласының туған күніне орай Сарқан ауданының тарихи музейінде «Ашық есік күні»өткізілді. Келушілер музей залдары және жаңа экспонаттармен танысты.
Подробнее Просмотры: 321 Категория: Новости Дата: 09.07.2019

"Нұр-Сұлтан- қазақ елінің жүрегі"

Жер бетіндегі Еуразия құрлығының кіндігінде орналасқан Нұр-Сұлтан – Еуразия мен Азияны жалғастырушы алтын көпір, қақпаның кілті болса, күллі қазақ халқының – жүрегі және өзге елдермен терезесі тең, болашағы айқын және жұлдызы жарық қалалар қатарына қосылды. Нұр-Сұлтанның осындай жетістікке жетуі, тұғырлы тәуелсіздік пен тұңғыш Елбасымыздың қол жеткізген биік белестерінің арқасы. Сондай-ақ армандар орындалатын, дамушы Қазақстанның жарқын жетістіктерінің нышаны.6 – шілде Астана күніне орай І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Нұр-Сұлтан- қазақ елінің жүрегі" атты фотосурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрме еліміздің бас қаласының тарихы, қазіргі келбеті, жетістіктері, даму бағыттары, ескертікіштері мен сәулет ғимараттары туралы мәлімет беретін суреттер жиынтығынан құралды.
Подробнее Просмотры: 343 Категория: Новости Дата: 09.07.2019