Пресс-центр
«АРАЙЛЫ АСТАНАМ» |
5 шілдеде Ү. Кәрібаев музейі Үмбетәлі мектебінің жазғы лагерь балаларымен Нұрсұлтан қаласының туған күніне орай «АРАЙЛЫ АСТАНАМ» атты іс-шара өткізді. Музей меңгерушісі Ә. Искаков Астана атауының өзгеруіне орай әңгімелеп, оқушылар өздері алып келген Нұрсұлтан қаласының көрікті жерлерінен фото коллаж жасады. |
Подробнее Просмотры: 389 Категория: Новости Дата: 09.07.2019 |
«М.Төлебаевтың операсы» |
Ақын Сараның мемориалды музейінің «Тәуелсіздік» залында «Біржан-Сара» атты операның дүниеге келгеніне 75 жыл толуына арналған «М.Төлебаевтың операсы» атты лекция өткізілді. Музей қызметкерлері «Біржан и Сара» атты операның шығу тарихын айтып, М.Төлебаевтың өмірбаяны мен басқада да шығармаларына тоқталды. Музей залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, балалармен ойындар ойнатылды. |
Подробнее Просмотры: 361 Категория: Новости Дата: 05.07.2019 |
«Нур-Султан – город будущего» |
5-го июля текущего года, в преддверии Дня столицы, сотрудники историко-краеведческого музея Карасайского района провели совместно с членами партии «Нур Отан» Карасайского филиала круглый стол на тему «Нур-Султан – город будущего». В мероприятии приняли участие почетные граждане района, одноклассники Первого Президента РК Нурсултана Абишевича и молодые учителя школ города Каскелен, собравшиеся с воодушевлением делились своими мнениями о новом названии города, его процветании и о заслугах Елбасы Н.А. Назарбаева в строительстве северной столицы и ее достопримечательностях. Мероприятие прошло в теплой и позитивной атмосфере. |
Подробнее Просмотры: 281 Категория: Новости Дата: 05.07.2019 |
«Алты алашқа тәж қала» |
5 шілде күні Қабанбай батыр атындағы тарихи -өлкетану музейінде Нұр-Сұлтан қаласы күніне орай «Алты алашқа тәж қала» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Шарада оқушылар Нұр-Сұлтан қаласының тарихымен және қаланың шежіресімен танысып қайтты. |
Подробнее Просмотры: 351 Категория: Новости Дата: 05.07.2019 |
«Домбыра – ұлттық қазына» |
Үстіміздегі жылдың 4 шілдесінде Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінде Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – ұлттық қазына» атты танымдық шара өткізілді. Шараның мақсаты домбыра аспабының құрылысымен, шығу тарихымен таныстыра отырып, домбыраның ән-күй өнеріндегі алатын орны жайлы баяндау. |
Подробнее Просмотры: 358 Категория: Новости Дата: 04.07.2019 |
«Жаз келді алақай!» |
4 шілде күні Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Кеген ауданындағы «Балбөбек» балалар бақшасының тәрбиеленушілерімен «Жаз келді алақай!» атты тақырыпта интеллектуалды танымдық ойын ұйымдастырды. Ойынға қатысушылар өздерінің алғырлығы мен белсенділіктерін танытып, сайыстың көңілді өтуіне атсалысты. Шара соңында музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді. |
Подробнее Просмотры: 363 Категория: Новости Дата: 04.07.2019 |
«Нұр-Сұлтан – болашақтың қаласы» |
4 шілде күні Сүйінбай Аронұлының әдеби- мемориалды музейінде Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейімен бірлескен «Нұр-Сұлтан – болашақтың қаласы» атты көрме ұйымдастырылды. Көрменің басты мақсаты - ел тарихын білуге еліне, елбасына деген құрмет, отанымыздың елімізді өркендетуге білімді ұрпақ тәрбиелеу және оқушылар бойында ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыру болды. Көрмеде музей қонақтары бас қаланың бүгінгі жарасымды келбетіне жетуі мен қаланың тыныс-тіршілігін бейнелейтін фото суреттерді және кітаптарды тамашалады. |
Подробнее Просмотры: 380 Категория: Новости Дата: 04.07.2019 |
"Нағыз қазақ-қазақ емес, нағыз қазақ домбыра" |
"Ұлттық домбыра күнін" қолдау мақсатында 4 шілде күні М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи өлкетану музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Нағыз қазақ-қазақ емес, нағыз қазақ домбыра" атты "Бəйтерек" күндізгі сауықтыру орталығының бүлдіршіндеріне қайырымдылық шарасы өткізілді. Шараның басты мақсаты:жасөспірімдердің ой ұшқырлығын шыңдап, ата-бабадан нәсіп болған домбыраға,дәстүрлі күйлерге қызығушылық сезімін оятып, өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыру. Шарада музыка аспаптарын жасаушы Т.Рымжанұлы өз шеберлігін көрсете отырып,домбыра жасаудыңқыр-сырымен таныстырды. Сүйінбай атындағы облыстық филармониясының фольклорлы-этнографиялық "Сазген"ансамблінің мүшесі А.Қайратұлы және 14 мектеп оқушыларының орындауында əн айтылып, "Ақсақ құлан" аңызы желісінде күй шертілді. |
Подробнее Просмотры: 345 Категория: Новости Дата: 04.07.2019 |
«Астана - алашымның аманаты» |
Ақын Сараның мемориалды музейінің «Тәуелсіздік» залында 6 шілде Астана күні мерей тойына арналған «Астана - алашымның аманаты» атты танымдық сағат өткізілді. Іс шара барысында Қазақ елінің әр сатысында әр түрлі астана болған қалалардың суреттері көрсетіліп, Астананың қалыптасу тарихы мен ол туралы аңыз-әңгімелер айтылып кетті. Мерекелік іс - шараға қатысқан оқушылар Астана символы Байтерек туралы аңызын айтып, бүгінгі күні Астананың Нұр-Сұлтан атына байланысты сөздер құрастырып жарысты. Іс шара соңында музей залдары бойынша экскурсия тамашалады. |
Подробнее Просмотры: 343 Категория: Новости Дата: 04.07.2019 |
"Біз бақытты баламыз, Астанаға барамыз" |
Шілде айының 3-ші жұлдызында М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи өлкетану музей қызметкерлері Талдықорған қаласы "Бəйтерек" күндізгі сауықтыру орталығындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Нұр-Сұлтан қаласы күніне орай "Біз бақытты баламыз, Астанаға барамыз" атты интеллектуалды ойын ұйымдастырды. Шараға балалар ата-аналарымен бірге белсене қатысып, сыйлыққа ие болды. Шара соңында музей залдары бойынша саяхат жүргізілді. |
Подробнее Просмотры: 406 Категория: Новости Дата: 04.07.2019 |