«Музей қорына үлес қос!»

Ағымдағы жылдың 3 шілдесінде Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінде өткен «Музей қорына үлес қос!» акциясы аясында белсенділік танытып, атажұртындағы музей қорына құнды экспонат - кенеп матаға майлы бояумен салынған суретші Мұрат Ерхасанның туындысы, мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың портретін сыйға тартқан арда азамат Жексембиев Бақытжан Разақұлымен кездесу өткізілді. Шараға Бақытжан Разақұлымен бірге үзеңгілес әріптес әрі достары Алыбаев Серікхан, Қасымов Алтай сынды танымал ел азаматтары мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бөпешбаев Әлібек пен аудандық мәдениет үйі қызметкеткерлері, ардагерлер өкілдері, сондай-ақ ауыл жастарынан құрылған «Жасыл ел жасақтары» мүшелері қатысты. Музей экспозициясымен танысқан қатысушылар жүздесуі дөңгелек үстел басындағы сыр-сұхбатқа ұласты. Қонақтарға арналған ақ тілектер айтылып, алғысқа толы ақындардың ода-жырлары жолданып, Бақытжан Разақұлына аудан әкімі Тоқпейісов Ғалым Қасымұлын...
Подробнее Просмотры: 332 Категория: Новости Дата: 04.07.2019

«Какая песня без домбры»

В предверии дня Домбры, 3-го июля текущего года, сотрудники историко-краеведческого музея Карасайского района провели познавательную беседу «Какая песня без домбры» среди учащихся пришкольного лагеря средней школы им. Н. Алимкулова. Детям рассказали историю возникновения домбры, познакомили с устройством музыкального инструмента, так же поведали о знаменитых певцах нашего района, чьей верной спутницей была – «певучая и звонкая» домбра.
Подробнее Просмотры: 290 Категория: Новости Дата: 04.07.2019

"Көңілді жазғы демалыс"

Шілде айының 2-і күні М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи өлкетану музейі 5-ші мектептің жазғы лагерь демалысында жүрген оқушыларына кезекті "Көңілді жазғы демалыс" атты интеллектуалды танымдық ойынын ұйымдастырды. Ойынға қатысушылар өздерінің алғырлығы және белсенділіктерін танытып, сайыстың көңілді өтуіне атсалысты.
Подробнее Просмотры: 392 Категория: Новости Дата: 02.07.2019

Экскурсия

Шілде айының 2-ші жұлдызында М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи өлкетану музей қызметкерлері Талдықорған қаласындағы ҚР "Ұлттық ұланы" 5514 əскери бөлімінің сарбаздарына музей залдары бойынша тегін экскурсия жүргізді. Экскурсия барысында сарбаздарға Жетісу жерінің баға жетпес құндылықтары жайлы қызықты деректер айтылды.
Подробнее Просмотры: 295 Категория: Новости Дата: 02.07.2019

«Қазағымның қазынасы домбыра»

Н.Алдабергеновтың мемориалды музейінде 1 шілде Ұлттық Домбыра күніне Алдабергенов ауылдық округінің мектеп лагерь оқушыларымен «Қазағымның қазынасы домбыра» атты танымдық сабақ өткізілді. Сабақтың барысында қазақ халқының ұлттық өнерін әңгімелеп, ұлттық аспап домбыраның тарихы мен аңыздар айтылды. Сонымен қатар балалар домбырамен өз өнерлерін ортаға салып, ұлттық аспап туралы өз пікірлерін білдіріп, қызығушылықтарын танытты.
Подробнее Просмотры: 420 Категория: Новости Дата: 02.07.2019

"Үкілі домбыра"

Шілде айының алғашқы аптасы "Ұлттық домбыра күні" болып белгіленуі жай­дан-жай емес. Домбыра – ол қазақтың жаны, қазақтың көзі, терең тамырлы тұңғиығы, сан ғасырлық серігі болғаны тарихтан белгілі. Сондай-ақ, күй күмбезін көкке өрлеткен көненің көзі, тәңірдің құдіреті саналған. Домбыраның әуенімен қазақтың талай күйшілері, ақын-жыраулары мен сал-серілері музыка әлемінде жыр төгілтіп, күй шерткен. Осы орайда, белгілі ақын-жазушы Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деген нақыл сөзі бар қазақтың жүрегінде лүпілдеп соғып тұрғандай.Аталған мерекеге орай І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Үкілі домбыра"атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында көрермендерге қасиетті қара домбыраның шығу тарихы жайында аңыз әңгімелерді тілге тиек ете отырып қызықты мағлұматтар берілді.
Подробнее Просмотры: 397 Категория: Новости Дата: 02.07.2019

«Домбыра үні - шежіре»

Ақын Сараның мемориалды музейінде 1 шілде 2019 жылы Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра үні - шежіре» атты танымдық сағат өткізілді. Танымдық сағатта домбыраның сыр-сипаты, жасалу әдісі туралы бейнеролик, слайд көрсетіліп, музейдегі ең құнды жәдігерлерінің бірі- ақын Сараның бала кезінде ұстаған домбырасының тарихы айтылды. Танымдық сағатқа қатысқан балалар домбыра туралы аңыздар айтып, өз ойларымен бөлісе отырды. Сонымен қатар музей қызметкерлері балаларға музейде құрылған «Мир игрушек» атты көрмені таныстырды. Музей залдары бойынша экскурсияны тыңдаған оқушылар көтерінкі көңіл күймен қайтты.
Подробнее Просмотры: 401 Категория: Новости Дата: 01.07.2019

«Домбыра-дастан»

Сарқан ауданының тарихи музейінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың шілде айының 1-ші жұлдызында, «Черкасск қорғанысы» экспозициялық кешенінде, Черкасск ауылдық округі және мәдениет үйінің қызметкерлері арасында «Ұлттық домбыра» күніне орай «Домбыра-дастан» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Подробнее Просмотры: 440 Категория: Новости Дата: 01.07.2019

"Əлем таныған Астана"

Үстіміздегі жылдың шілде айының 1-ші жұлдызында М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи өлкетану музей қызметкерлері Астана күніне орай "Əлем таныған Астана" атты "Балалар көркемсурет мектебінің" жасөспірімдері арасында сурет байқауын жəне 12-ші мектеп оқушыларына "Астана біздің мақтанышымыз" атты интеллектуалды танымдық шара ұйымдастырды. Шара барысында Нұрсұлтан қаласының тарихы жайлы мəліметтер айтылып, викториналық сұрақтар қойылды. Астана қаласына саяхат, Астана қаласына базарлық, Талдықорған əртістері атты ойындар өткізілді. Шара соңында сурет байқауына қатысқан оқушыларға марапат берілді.
Подробнее Просмотры: 442 Категория: Новости Дата: 01.07.2019

"Тусовка -2019"

Үстіміздегі жылдың маусым айында М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музей қызметкерлері жазғы лагерь оқушыларына арналған "Көңілді жазғы демалыс" жəне "Тусовка -2019" атты интеллектуалды ойын өткізді. Ойынға 2, 9, 1, 28 -мектеп оқушылары қатысты. Оқушылар ойын барысында əртүрлі сайыстарға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Ойын соңында қызықты мульттоптамасы көрсетілді.
Подробнее Просмотры: 306 Категория: Новости Дата: 01.07.2019