«Домбыра – қазақ тарихының дастаны»

2019 жылдың 1 шілдесінде М.Төлебаевтың мемориалды музейінде Домбыра күніне орай «Домбыра – қазақ тарихының дастаны» атты көрме ұйымдастырылды. Көрме мақсаты ата бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызғушылық сезімін оятып және өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыру. Көрменің ашылу салтанатында мәдениет үйі қызметкерлері ән айтып, Ушинский орта мектебінің оқушы қыздары домбыра биін биледі. Сонымен қатар Назарбаев интеллектуалды мектебінің оқушысы Рысбек Ануардың орындауында Құрманғазының «Балбырауын» және «Сарыарқа» күйлері шертілді. Көрме барысында экспозицияға қойылған домбыралардың тарихы және қазақ мәдениетіндегі айрықша орны туралы айтылды. Шара соңынан ауыл имамы Досмырзанов Серік домбыра туралы аңызды әңгімеледі. Көрмені тамашалауға келген қонақтар ерекше әсер алып, ризашылықтарын білдірді.
Подробнее Просмотры: 394 Категория: Новости Дата: 01.07.2019

«Күмбірлеген, күй – домбыра»

1 шілде Домбыра күніне орай Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде «Күмбірлеген, күй – домбыра» атты іс-шара өтті. Іс-шараға арнайы қонақ ретінде Жамбыл ауданы, Сарыбай би ауылының тұрғыны, өнер мектебінің мұғалімі, қолөнер шебері Еркін Жолбосынұлы шақырылды. Сондай-ақ, Жамбыл ауылы ақсақалдар алқасы мен «Жамбыл ата келіндері» халықтық ансамблі әжелері келді. Еркін мырза өзі жасаған домбыралар мен қажетті құралдарын әкеліп, домбыраның жасалу техникасын түсіндіріп, қонақтардың сұрақтарына жауап берді. Музей меңгерушісі Салтанат Тезекбайқызы Жамбыл Жабаевтың күйшілік өнері мен домбыралары туралы сөз қозғаса, Жамбыл ауылы Мәдениет үйінің басшысы Ермек Шаштайұлы өзінің әкесінің күйшілік өнері туралы сыр шертті, Әлқожа Масенов ауылдан шыққан күйшілер туралы естеліктер айтты. «Жамбыл ата келіндері» ансамблі әжелері «Ата толғау», «Балбырауын» күйлерін шертті. Сондай-ақ конференция залдағы теледидардан Нұрғиса Тілендиев пен...
Подробнее Просмотры: 355 Категория: Новости Дата: 01.07.2019

«Ұлы даланың мәңгілік мирасы – Манас»

Алматы облысында «Ұлы даланың мәңгілік мирасы – Манас» қазақ-қырғыз зиялыларының халықаралық III форумы өтті. Форум қатысушылары алдымен Алматы қаласындағы Мұхтар Әуезовтың үй-музейіне гүл шоқтарын қойып, Манастануға айрықша үлес қосқан тұлғаның рухына тағзым етті. Бұдан кейін аталған іс-шара Талдыкорган қаласында жалғасты. Форум Халықаралық Түркі Академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жээнбек Кулубаев, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Қырғыз Республикасы Президентінің кеңесшісі Султан Раев, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Мәмбет Қойгелдиевтің қатысуымен өтті. Биылғы жиынды Халықаралық Түркі академиясы мен Алматы облысының әкімдігі бірігіп ұйымдастырды. Форум аясында арнайы симпозиум өтіп, қазақ-қырғыз ғалымдарының қазіргі Манастану бойынша ғылыми баяндамалары тыңдалды. Олардың ішінде филология ғылы...
Подробнее Просмотры: 412 Категория: Новости Дата: 30.06.2019

Көрме

Маусым айының 26 жұлдызында І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде Талдықорғандық коллекционер Марат Қасеновтың жеке мұрағатынан алынған экспонаттардан құралған көрменің ашылу салтанаты өтті.Көрме барсында көрермендер ежелгі теңгелерді, қағаз ақшаларды,тұрмыстық көне заттарды, мыс пен ағаштан жасалған бұйымдарды, ескі фотоаппараттар мен патефондарды, өз көздерімен көріп өте қызығушылықпен тамашалады. Көрме шілде айының 15 дейін жалғасын табады.
Подробнее Просмотры: 423 Категория: Новости Дата: 27.06.2019

Талдықорған – Шарын шатқалы бағыты

Елбасы Н.Назарбаев 2018 жылы Қазақстан халқына жолдаған жолдауында: «Өз жеріңді танып біл» бастамасын көтерген болатын. Аталмыш жолдау аясында М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Жетісу жауһарлары» атты жобаны іске асыру мақсатында 2019 жылдың 26 маусымында қалалық №1, 2, 5, 9, 10, 14, 16 және №28 орта мектеп оқушылары мен ұстаздарына Талдықорған – Шарын шатқалы бағыты бойынша екінші рет саяхат жүргізілді.Саяхаттың мақсаты Жетісу өлкесінің жақұты - Шарын шатқалының сырға толы тарихымен таныстыру.Жобаға жалпы 40 адам қатысты. Оқушыларға бағыт бойынша дайындалған жолкөрсеткіш пен Шарын шатқалының буклеттері және сыйлық ретінде естелік үшін ақ түсті бас киім таратылды. Бұл бағытта Шыңғыс хан тағы, Арқарлы асуы, Қапшағай бөгені мен қаласы, «Жеті қазына» құсбегілер музейі және Шарын шатқалы бойынша саяхат жүргізіліп, қызықты мәліметтер айтылды.Шарын шатқалының керемет көрінісі мен сырға толы аңғарлары, Шар...
Подробнее Просмотры: 588 Категория: Новости Дата: 27.06.2019

Талдықорған – Шарын бағыты

Үстіміздегі жылдың 24 маусым күні «Жетісу жауһарлары» жобасы аясында М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Талдықорған – Шарын бағыты бойынша арнайы туристік саяхат жүргізілді.Саяхатқа Талдықорған қаласындағы, №1, 2, 9, 12 және №25 орта мектеп оқушылар мен ұстаздары қатысты.Оқушыларға бағыт бойынша дайындалған жолкөрсеткіш пен Шарын шатқалының буклеттері және сыйлық ретінде естелік үшін ақ түсті бас киім таратылды. Бұл бағытта туристтердің қызығушылығын тудыратын көне Есік қаласының орны, Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейі Шелек тарихи-өлкетану музейі және «Шарын» МҰТ паркі жайлы қызықты да, танымдық экскурсия жүргізілді.
Подробнее Просмотры: 406 Категория: Новости Дата: 25.06.2019

Әуелбек Ысқақовтың 60 жасқа толуына орай шығармашылық кеші

2019 жылы 20 маусымда Жамбыл ауданының мәдениет үйінде Үмбетәлінің ұрпағы суретші-ақын Әуелбек Ысқақовтың 60 жасқа толуына орай шығармашылық кеші мен сурет көрмесі өткізілді. Жиынға Нұрсұлтан, Алматы, Талдықорған қалаларынан белгілі өнер иелері мен қоғам қайреткерлері қатысты. Жиын барысында ақын Әуелбек Ысқақовтың "Қазақ университеті" баспасынан жарық көрген "Егіз өнер" кітабының тұсаукересі өтті. Сондай-ақ шығармашылық кешінің екінші бөлімінде Әуелбек Мұсаханұлының қыл қаламынан туған туындылар көрмесі тамашаланды. Іс-шараны 500-ден астам адам тамашалап, ҚР Суретшілер одағының төрағасы, Ө.Жұбаниязов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері А.Қазығұловтар жоғары баға берді. 21 маусымда Нұрсұлтан қаласынан Ү.Кәрібаев музейіне арнайы ат басын бұрған ҚР Мемлекет қайраткері, актриса К. Қожахметова және ҚР Еңбек сіңгер әртісі Б.Байсағатов бір топ әріптестерімен Үмбетәлі ақынның ұрпақтарымен және музей қызметкерлерімен кездесу өткізіп, ақын мұражайын аралап қайтты.
Подробнее Просмотры: 387 Категория: Новости Дата: 25.06.2019

«Ат - ер қанаты»

В рамках проекта «Всадническая культура» программы «Семь граней Великой степи», 24-го июня текущего года в историко-краеведческом музее Карасайского района, был проведен познавательный урок «Конь – крылья батыра», для детей пришкольного лагеря школы села Улан. В ходе урока детям рассказали о благородном, красивом и умном соратнике кочевника – коне, о его роли в жизни казахов, из чего состоит конская сбруя, как запрягали и седлали. Ребятишки с интересом разглядывали скульптуру лошади и конские атрибуты, восторженно отзываясь о символе мощи и благородства.
Подробнее Просмотры: 285 Категория: Новости Дата: 25.06.2019

Экскурсия

Жаркент мешіті сәулет-көркемөнер музейіне 2019 жылдың 19 маусым күні "Жаркент" қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен ауданымыздағы аз қамтылған отбасы балалары келіп, оларға музей тарихы таныстырылып, экскурсия жүргізілді.
Подробнее Просмотры: 391 Категория: Новости Дата: 25.06.2019

Раскопки

Еңбекшіқазақ​ ауданы, Өрікті ауылында Ресей​ Ғылым Академиясының​ Археология​ институтының​ ғылыми​ қызметкері​ ​ Д.В.Ожерельевтің​ жетекшілігімен​ Өрікті​ тұрағында қазба​ жұмыстары жүргізілуде. Оған Есік​ археологиялық​ - өлкетану​ музей​ қызметкері Ә.Рахметов қатысты. Өрікті​ тұрағының​ маңынан​ кездейсоқ табылған көне қырғыш тасқа ұқсас эскпонаттар музей​ қорында кездеседі.
Подробнее Просмотры: 383 Категория: Новости Дата: 25.06.2019