«Қазақтың қазыналы қолөнері»

2019 жылдың 11 маусым күні Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақтың қазыналы қолөнері» атты көрме өтті. Көрмеге «Жамбыл ата келіндері» халықтық ансамблі әжелердің жеке қорларынан ұлттық бұйымдар, көрпелер мен кестелі орамалдар қойылды. 20 жылдық тарихы бар ансамбль әжелерінің Алматы облысы, Жамбыл ауданы бойынша атқарған еңбектері орасан зор. Іс-шара барысында ансамбльдің жетекшісі Ахметова Кулмайрам көрмедегі бұйымдардың тарихын атап өтсе, Баққожаева Ажар құрақ көрпелерді тігудегі сыр-қырымен бөлісті. Боранбаева Бақшагүл кесте тоқудың әдістерін көрсетіп, шағын шеберлік класс көрсетті. «Жамбыл ата келіндері» ансамбль әжелері Жамбыл Жабаевтың «Угәйәй» әнін орындады. Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музей меңгерушісі Жамбылова Салтанат әжелердің орасан зор еңбектерін ескеріп, музей ұжымы атынан алғыс хатпен марапаттады. Көрме соңында ауылымыздың ақсақал...
Подробнее Просмотры: 391 Категория: Новости Дата: 11.06.2019

«Тарихқа тұнған туған өлкем»

2019 жылдың маусым айының 11-ші жұлдызында, Сарқан ауданының тарихи музейі мен «Черкасск қорғанысы» экспозициялық кешенінде, жаздық сауықтыру мектеп лагеріндегі балалар мен ата-аналарға «Тарихқа тұнған туған өлкем» атты тақырыптық экскурсия өткізілді. Экскурсия барысында Сарқан ауданының тарихы мен «Черкасск қорғанысы» туралы оқушыларға көптеген мәліметтер берілді. Балалар қызыға тыңдап, соңында музей қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.
Подробнее Просмотры: 503 Категория: Новости Дата: 11.06.2019

Экскурсия

2019 жылдың 10 маусым күні М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінде Білім және Ғылым Министрлігінің «Оқушылар сарайы» МКҚК базасында өтіп жатқан қосымша білім беру педагогтарының білімдерін жетілдіру курстарының қатысушыларына экскурсия жүргізілді. Қонақтар музей экспозицияларың тамашалап, Алматы облысының тарихымен танысты. Соңында қонақтар музей қызметкерлеріне алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді.
Подробнее Просмотры: 285 Категория: Новости Дата: 10.06.2019

«Жетісу жауһарлары» жобасы аясында Талдықорған – Жаркент бағыты

Үстіміздегі жылдың 7 маусым күні «Жетісу жауһарлары» жобасы аясында Талдықорған – Жаркент бағыты бойынша Талдықорған қаласындағы №5, №12 және №14орта мектептің оқушыларына арнайы туристік саяхат ұйымдастырылды. Саяхат бағыты облыс орталығы Талдықорған қаласынан басталып, Жаркентке дейінгі бағытта кездесетін кесенелер, ескерткіштер, киелі орындар,табиғат ескерткіштері туралы қызықты мәліметтер берілді. Сондай-ақ жол бойында ойындар ойнатылып, естелік сыйлықтар тартылды. Саяхатқа қатысушылар ең алдымен жеті ғасырдан бері өсіп тұрған қасиетті Әулиеағашты тамашалап, «Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер музейі, Ә. Қастеевтің көркемсурет галереясы, Жауынгерлік Даңқ мұражайымен танысып, алған әсерлерімен бөлісті.
Подробнее Просмотры: 518 Категория: Новости Дата: 10.06.2019

«Ойнасын, күлсін-бүлдіршін»

М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ойнасын, күлсін-бүлдіршін» атты «Қамқор» үйінің тәрбиеленушілеріне қайырымдылық мерекелік шара ұйымдастырды. Аталмыш шарада «Унисон» облыстық жасөспірімдер хор ансамблінің «Жетісу заманауи және спорттық би студиясының» және «Жас актер» театр үйірмесінің жеткіншектері ән салып, би билеп, «Әрқашан күн сөнбесін» атты әдеби монтаж оқылды. Сондай ақ, «Қуанышты күн» атты сергіту сәті ұйымдастырылып, бүлдіршіндерге тілек қағазына қолтаңбалары қойылып, әуе шары арқылы аспанға ұшырылды және мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында сыйлық таратылды.
Подробнее Просмотры: 416 Категория: Новости Дата: 04.06.2019

"Елдігіміз бен ерлігіміздің белгісі-Көк байрақ"

4 июня ко Дню Государственных символов в Есикском археолого-краеведческом музее состоялось мероприятие "Елдігіміз бен ерлігіміздің белгісі-Көк байрақ". В ходе мероприятия учащиеся читали стихи о символах Казахстана: гербе и флаге. Ребята узнали об истории возникновения символов страны.
Подробнее Просмотры: 429 Категория: Новости Дата: 04.06.2019

«Тәуелсіз елдің нышандары»

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Мерекеге орай Сүйінбай Аронұлының әдеби – мемориалды музейінде мемлекеттік рәміздерінің авторларына арналған «Тәуелсіз елдің нышандары» атты көрме музей қонақтарына таныстырылды.
Подробнее Просмотры: 330 Категория: Новости Дата: 04.06.2019

«Халық – менің шын атым»

4 маусым күні Қарасай ауданы, «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Халық – менің шын атым» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрме Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында өтті. Көрмеге ұлы жыраудың жеке заттары мен сол замандағы тұрмыстық бұйымдары көрермендердің назарында болды. Көрмеге музей қорынан 50-ге жуық жәдігер апарылып, келушілердің қойылған сұрақтарына жауап берілді.
Подробнее Просмотры: 400 Категория: Новости Дата: 04.06.2019

"Мақтанышым мемлекеттік рəміздер"

Шелек тарихи - өлкетану музейінде 4 - маусым «Рәміздер күніне» орай, "Мақтанышым мемлекеттік рəміздер" атты құқық қорғау қызметкерлерімен бірігіп танымдық сағат ұйымдастырылды. Елтаңбаның латын қарпінде жазылған жаңа нұсқасы көрсетілді. Музей қызметкерлері қонақтарға аса маңызды мемлекеттік белгілер- Рәміздермен жан-жақты таныстырып, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасады.
Подробнее Просмотры: 368 Категория: Новости Дата: 04.06.2019

"Ел айбыны - рәміздер"

Бүгін Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері 4-маусым Мемлекеттік рәміздер күніне орай "Ел айбыны - рәміздер" тақырыбында танымдық шара өткізді. Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, мұратын білдіретін белгі. Шара барысында Қазақстан Республикасының рәміздерін, оның шығу тарихын, мемлекеттік атрибуттардың мәні мен рөлін түсіндіріліп, рәміздерге байланысты өлең, шығармалардан үзінділер оқылады. Танымдық шараға №3 Қабанбай орта мектебінің 6-7 сынып оқушылары қатысты.
Подробнее Просмотры: 384 Категория: Новости Дата: 04.06.2019