"Азаттықтың туын көтерген, арда туған Арыстар"

31 мамыр саяси құғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай тарихқа "Ақкөл көтерілісі" деген атпен енген халық толқуының құрбандарын еске алу мақсатында Ақкөл ауылында "Азаттықтың туын көтерген, арда туған Арыстар" атты шара өтті. Шараға ауыл тұрғындары, ардагерлер, көтеріліс құрбандарының ұрпақтары және аудан орталығындағы мекеме басшылары мен жастар өкілдері қатысты. Шарада Ақкөл көтерілісі оқиғасының ақиқаты жайлы тарихшылар, өлкетанушылар сөз алып, көнекөз қариялардың естеліктері айтылып, патриоттық әндерге құрылған бағдарлама аясында мектеп оқушыларының арнау-өлең жырлары оқылып, көтеріліс құрбандары есімдері ұлықталды.
Подробнее Просмотры: 464 Категория: Новости Дата: 03.06.2019

"Бақытты балдәурен"

1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музей сыртында "Бақытты балдәурен" атты концерт ұйымдастырылды. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ән шырқап, би биледі.
Подробнее Просмотры: 372 Категория: Новости Дата: 03.06.2019

"Бақытты балалық шақ"

1 маусым "Балаларды қорғау" күніне орай І.Жансүгіров атындағы тарихи - өлкетану музейі қызметкерлерінің ұймдастыруымен "Бақытты балалық шақ" атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шара барысында бүлдіршігдерге мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында түрлі ойындар ойнатылып, "Аю мен қояндар" атты ертегіні музей қызметкерлері қуыршақтар арқылы сахналап берді. Сонымен қатар, музей залдары бойынша тегін экскурсия жүргізілді. Бүлдіршіндер мен ата-аналар музей қызметкерлеріне алғыстарын айтып ризашылықтарын білдіріп тарқасты.
Подробнее Просмотры: 490 Категория: Новости Дата: 03.06.2019

"Жазықсыз жапа шеккендер"

31 мамыр Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде ашық есік күні ұйымдастырылды. Сонымен қатар аталмыш датаға орай "Жазықсыз жапа шеккендер" атты тақырыпта тарихи сағат өтті. Шара жасұрпаққа қасіретті жылдар құрбандары, жазықсыз жапа шегіп,қуғын – сүргін көрген ел ардақтылары мен ел зиялылары туралы толық түсінік беріп, ұлы тұлғалармен таныстыру, үлгі ету, Отанын, елін, жерін сүюге, батыл болуға тəрбиелеу мақсатында өтті.
Подробнее Просмотры: 348 Категория: Новости Дата: 03.06.2019

«Ашаршылық құрбандары әрқашан біздің жадымызда»

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Сүйінбай Аронұлының әдеби – мемориалды музейінде Сүйінбай атындағы орта мектептің оқушыларының қатысуымен «Ашаршылық құрбандары әрқашан біздің жадымызда» атты тарихи сағат өтті.Оқушыларға Сталинизмнің орнығуы, жазалау шаралары, халық қасіреті, Қазақстан – лагерьлер өлкесі, еңбекпен түзеу лагерьлерінің тарихы туралы деректі фильм көрсетілді.
Подробнее Просмотры: 345 Категория: Новости Дата: 31.05.2019

Қайырымдылық шара

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Қарасай ауданына қарасты Бағанашыл елді мекенінде орналасқан № 1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «Анаға құрмет» музейінде қайырымдылық шара ұйымдастырылды. Қайырымдылық шара аясында балаларға музей экспозициясы таныстырылып, танымдық ойындар жүргізілді.
Подробнее Просмотры: 478 Категория: Новости Дата: 31.05.2019

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Н. Алдабергеновтың мемориалды музей қызметкерлері М. Байысов орта мектебінің оқушыларына «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты тарихи әңгіме оқыды. Сонымен қатар «Саяси зұлмат кезеңі» атты көрме ұйымдастырылып, музейге келушілерге таныстырылды. Мақсаты Қазақстанда тоталитаризм жылдары қуғын-сүргінге ұшырап зардап шеккендерді еске алу және құрмет сезімін оята отырып жадымызда сақтап, оны өскелен ұрпаққа жеткізу болып табылады.
Подробнее Просмотры: 374 Категория: Новости Дата: 31.05.2019

Саяси қуғын- сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Сарқан ауданының тарихи музейінде 31 мамыр – Саяси қуғын- сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Ұмытылмас алаш арыстары» атты тақырыптық экскурсия жүргізіліп, ұлтының азаттығы үшін күресіп, тәуелсіздік жолында құрбан болған алаш арыстары туралы мәліметтер берілді.
Подробнее Просмотры: 399 Категория: Новости Дата: 31.05.2019

«Тағдыр тәлкегіне түскен тарихи тұлғалар»

Қазақ тарихындағы қаралы жылдардың бірі 30-шы жылдардағы ашаршылық пен 1937-1938 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін жылдары. Бүгін Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері 31- мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тағдыр тәлкегіне түскен тарихи тұлғалар» атты кеш өткізді. Шараның мақсаты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің маңызын түсіндіріп, тарихтан тағлым алу, өткенге тағзым ету. Қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мәлімет беру.Шараға Қабанбай ауылының мекеме қызметкерлері қатысты.
Подробнее Просмотры: 404 Категория: Новости Дата: 31.05.2019

"Қиямет-қайғы көргендер"

Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде 31 мамыр күні Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мақсатында "Қиямет-қайғы көргендер" атты дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шара Алматы қаласындағы "Ғылым ордасы" қызметкерлерінің қатысуымен өтті. Шара барысында бұл күнді қалай атап өтетіндігі туралы сөз айтылды. Тәжірибе алмасу мақсатында келген әр музей қызметкерлері Жамбыл ата аруағына тағзым етті. Бас директор Төлтаев Бауыржан Төлтайұлы музей қорына арнайы кітап сыйға тартты.
Подробнее Просмотры: 410 Категория: Новости Дата: 31.05.2019