«Зар Заман»

31 мамыр – Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Талдықорған қаласының «Политехникалық» колледжінің ұстаздары және студенттерінің ұйымдастыруымен «Зар Заман» атты еске алу шарасы өткізілді. Шараға 1937 жылы репресияға ұшыраған Ғайса Рысбековтың Астанада тұратын Гүлбарам Ғайсақызы Рысбекова қатысты. Шара барысында «Ашаршылық» атты деректі фильм көрсетіліп, Ұлы Отан соғысы ардагері А. Есболатова мен Демеубайұлы Сабырғалымның естеліктері тыңдалды. Сонымен қатар, нәубет жылдардың құрбаны болған қандастарымыз бен ел тәуелсіздігін аңсап өткен алаш арыстары жайлы мәліметтер де берілді.
Подробнее Просмотры: 391 Категория: Новости Дата: 31.05.2019

"Жетісу жауһарлары"

2019 жылдың 29 мамыр күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері "Жетісу жауһарлары" атты жобасы аясында ұйымдастырылған Талдықорған-Қапал бағыты бойынша келген "Айналайын" балалар үйінің тәрбиешілері мен оқушыларына музей залдары мен Қапал ауылында орналасқан бір жарым ғасырдан асатын тарихы бар ғимараттары бойынша экскурсия жүргізді. Оқушылармен ойындар ойнатылып, Алаш азаматы, реформатор Барлыбек Сырттанов жайлы бейнеролик көрсетілді. Келушілер киелі Тамшыбұлақты тамашалап, өздерінің алған әсерлерімен бөлісті.
Подробнее Просмотры: 427 Категория: Новости Дата: 31.05.2019

«Тяготы и невзгоды жертв политических репрессий»

27-го мая текущего года ко Дню памяти жертв политических репрессий, сотрудники историко-краеведческого музея Карасайского района провели лекцию «Тяготы и невзгоды жертв политических репрессий» для студентов медицинского колледжа «Аяжан». Цель проведения данной лекции, это дань уважения миллионам людей, которые прошли через жестокие испытания, горе, слезы и отчаяние, а так же ставшие великим примером силы воли, духа, стойкости и человечности для подростающего поколения.
Подробнее Просмотры: 248 Категория: Новости Дата: 28.05.2019

"Тарихтан тағылым - өткенге тағзым"

2019 жылдың мамыр айының 24-і күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыуымен Қапал ауылдық мәдениет үйінде "31 мамыр ашаршылық, қуғын-сүргін құрбандарын еске алу" күніне орай "Тарихтан тағылым - өткенге тағзым" атты кеш өтті. Бұл кеш келген қонақтар мен оқушыларды өз елі үшін құрбан болған ерлерді үлгі тұтып, тарихтан тағлым ала отырып, ашаршылық, саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алып жүрсін деген мақсатта өткізілді. Аталған шарада ауылымыздың өнерпаз жастарының ойнауында зұлмат кезеңдерден көріністер қойылып, бейнематериалдар көрсетілді. Е.Жайсаңбаев пен Ғ.Орманов атындағы орта мектебінің оқушыларының орындауында ақындардың поэтикалық өлеңдері оқылып, әндер шырқалды.
Подробнее Просмотры: 411 Категория: Новости Дата: 27.05.2019

"Жайықтың ақ шағаласы"

2019 жылдың 23 мамыр күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Аққұштап Бақтыгереева мен Мәриям Хәкімжанованың өмірі мен шығармашылығына арналған "Жайықтың ақ шағаласы" атты әдеби кеш өтті. Аталған іс-шараға Ғ.Орманов мектебінің оқушылары қатысты. Қос ақынның өмірі мен шығармашылығы айтылып, оқушылардың орындауында өлеңдері оқылып, талдау жасалды.
Подробнее Просмотры: 356 Категория: Новости Дата: 27.05.2019

"Үздік музей қызметкері"

2019 жылдың 19-22 – мамыры аралығында, Нұр-Сұлтан қ. Ұлттық музейінде, Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткен "Руxани қазына - 2019" фестивалінде, Қазақстанның әр аймағынан келген музейдің білікті мамандары арасындағы – аудандық (қалалық) "Үздік музей қызметкері" номинациясын «М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің» филиалы «Батыр бабалар» мемориалды кешенінің меңгерушісі м.а. Орынбасар Тәлімжанұлы Әлім жеңіп алып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Подробнее Просмотры: 454 Категория: Новости Дата: 27.05.2019

Көшпелі көрме

24 Мамыр күні Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінде Талдықорған қаласының тұрғыны, коллекционер Марат Қасенов Жанахметұлының жинаған тарихи жәдігерлерін өскелең ұрпаққа таныту мақсатында көшпелі көрмесі таныстырылды.
Подробнее Просмотры: 389 Категория: Новости Дата: 27.05.2019

"Зиялыларды баптаған - Мамания"

2019 жылдың 22 мамырында І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Мамания" орта мектебінде "Зиялыларды баптаған - Мамания" атты тақырыпта дәріс өтті. Дәріс барысында жасұрпаққа 120 жылдық тарихы бар -1899 жылы киелі Қарағаш мекенінде ірге тасы қаланып бой көтерген Жетісу жеріндегі алғашқы білім ордасы "Мамания" мектебі жайында, сол мектептің негізін қалаған Маман ұрпақтары жайлы және онда алғаш білім алған қазақ зиялылары жайында жан-жақты мағлұматтар берілді.
Подробнее Просмотры: 457 Категория: Новости Дата: 24.05.2019

«Қырандай көреген қырағы ақын»

Үстіміздегі жылдың 23 мамырында Н. Алдабергеновтың мемориалды музей қызметкерлері Көксу ауылшаруашылық колледжінің білімгерлеріне ақын, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қырандай көреген қырағы ақын» атты дәріс жүргізіп қайтты. Ақынның өмірбаяны мен шығармашылығынан толық мағлұмат берілген оқылымды білімгерлер аса қызығушылықпен тыңдап, тақырыпқа сай бейнеролик тамашалады. «Құлагер ақын» жайлы мол мәлімет алған білімгерлер соңында өз ойларымен бөлісті.
Подробнее Просмотры: 400 Категория: Новости Дата: 24.05.2019

Экскурсия

2019 жылдың мамыр айының 21-ші жұлдызында, Сарқан ауданының тарихи музейіне Алматы облыстық Чернобыль ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұстафа Х.Д және Сарқан ауданының ауған соғысының ардагерлері келді. Қонақтар музей залдары мен Черкасск қорғанысы экспозициялық кешенін тамашалап, жаңа экспонаттармен танысты. Соңында қонақтар музей қызметкерлеріне алғыс айтып, ұсыныс кітабына жылы лебіздерін білдірді.
Подробнее Просмотры: 360 Категория: Новости Дата: 22.05.2019