Пресс-центр
«Ел қорғаған – ер Дадаш» |
20 мамыр күні Үмбетәлі әдеби-мемориалды музейінде «Ел қорғаған – ер Дадаш» атты Кеңес одағының батыры Д.Бабажановтың 100 жылдығына орай Бабажановтанушы, белгілі публицист жазушы Исмаилжан Иминовпен кездесу өтті. Кездесу барысында Исмаилжан Иминов КСРО-ның белгілі батыры, жерлесіміз Дадаш Бабажанов туралы тағлымға толы тарихи ақпараттармен бөлісіп, өзінің сиясы әлі кеппеген «Оралу» атты жинағының тұсауын кесті. Кітаптың тұсаукесер рәсіміне түрлі ұлт пен ұлыстың өкілдері қатысып, еліміздің ынтымағы мен бірлігі жарасқанының тағы да бір айқын көрінісін көрсете білді. Шара соңында публицист жазушы музей күніне орай өзінің бір топ кітаптарын музей қорына өткізіп, ризашылығын білдірді. |
Подробнее Просмотры: 118 Категория: Новости Дата: 20.05.2022 |
"Музей - өлкенің тарихы, халықтың қазынасы" |
Музей - өткен тарихымыздан, бабалар салып кеткен сара жолдан хабар беретін киелі орын. Құнды жәдігерлер сақталып қана қоймай, насихатталып, өткен ғасырлар мен бүгінгі күннің арасын жалғап, жас ұрпақтың өз тамырынан ажырап қалмауына қызмет етіп отыратындығы белгілі. Шелек тарихи өлкетану музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, Халықаралық музейлер күніне орай "Музей - өлкенің тарихы, халықтың қазынасы" атты мерекелік шара өткізілді. Шараға "SL" өнер орталығының оқушыларымен қатар Абай атындағы орта мектептің оқушылары қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Ауыл әкімі Сәкен Дәулетханұлы Абдихалиев музей қызметкерлерін айтулы мерекелерімен құттықтап, марапат қағаздарын ұсынды. |
Подробнее Просмотры: 133 Категория: Новости Дата: 19.05.2022 |
«Музей тарих мұрағаты» |
18 мамыр Халықаралық музейлер күніне орай Лепсі тарихи музейінде «Музей тарих мұрағаты» тақырыбында шара ұйымдастырылды. Шара барысында Балбал тас ескерткішінің қасиеті жайлы айтылып, оқушылар жақсы тілекпен, армандарын айтты. Патефон үнімен оқушылар көңілді би билеп, "Ночь в музее" киносының қызықты үзінділері көрсетілді. |
Подробнее Просмотры: 116 Категория: Новости Дата: 19.05.2022 |
18 мамыр Халықаралық музейлер күніне орай |
18 мамыр Халықаралық музейлер күніне орай І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Ашықесіккүні» және «Музейтүні»ұйымдастырылды. Аталмыш шараға келушілер музей бөлімдерін тамашалады және«Асудың қарымды қаламгерлері»атты тақырыпта құрылған кітап көрмесімен танысты. Сонымен қатар атаулы мерекеге орай мектеп оқушыларымен«Туған өлке тарихы»атты тақырыпта музейлік тарихи-танымдық квест ойыны ұйымдастырылды. Ойын барысында жасұрпақ өз туған өлкесінің тарихымен толығырақ танысып, өлкетану бойынша білімдерін толықтырып, музей жәдігерлерімен танысып, ерекше әсер алып қайтты. |
Подробнее Просмотры: 122 Категория: Новости Дата: 19.05.2022 |
«Музей - тарихи құндылықтар ордасы» және «Дала мәдениетінің алтын бесігі – киіз үй» |
18 мамыр Халықаралық музейлер күніне орай М.Төлебаевтың мемориалды музейінде ашық есік күні ұйымдастырылып, келушілерге «Музей - тарихи құндылықтар ордасы» және «Дала мәдениетінің алтын бесігі – киіз үй» атты көрмелер таныстырылды. |
Подробнее Просмотры: 132 Категория: Новости Дата: 19.05.2022 |
«Музей – мұралар ордасы» |
18 мамыр Халықаралық музейлер күніне орай Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Музей – мұралар ордасы» атты мәдени – танымдық шара өтті. Шара мақсаты мәдени құндылықтарды, халқымыздың тарихын, мәдениетін, музей қызметін, экспонаттар мен жәдігерлерді таныстыру, кеңінен насихаттау. Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге тәрбиелеу. Шараға Қабанбай ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері, кітапхана ұжымы, №2 Қабанбай орта мектебінің оқушылары қатысты. Шара барысында қатысушыларға Қабанбай музейінің тарихы туралы және әлем музейлері туралы презентация көрсетілді. Қабанбай ауылдық мәдениет үйінің әншілері ән орындады, қатысушылар музей күнімен құттықтап, ізгі тілектерін айтты. Шара соңында музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді. |
Подробнее Просмотры: 119 Категория: Новости Дата: 19.05.2022 |
«Жәдігерлермен сырласқан күн» |
18 мамыр күні Ақын Сараның мемориалды музейінде халықаралық музейлер күніне орай «Жәдігерлермен сырласқан күн» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты - өсіп келе жатқан жас ұрпақты ата-бабаларымыздың жасап кеткен мәдени қазына байлықтарының үлгілеріне қанықтырып, жеке адамның да, бүкіл қоғамның да жетілуіне ықпал жасау. Іс-шараның қонақтары Қапал ауылының ақсақалдары мен әжелері, окушылар мен ұстаздар, мәдениет қызметкерлері мен ауыл тұрғындары болды. Музей қызметкерлері келген көрермендерді айтулы мерекемен құттықтай отырып, музейдің адамзат өркениетінде алар орнын, музей тарих, әдебиет және жалпы мәдениеттің көзі екенін, музейдің адам баласына рухани тәрбие беретін бірден-бір мәдениет ошағы екенін түсідіріп өтті. Аталмыш іс-шараға мектеп оқушылары тартылып, костюмдендірілген көрініс ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі бөлімінде талай ғасырдан бері кең даланы мекендеген көшпенділердің соғыс ісінде өздерінің жеткен жетістіктері мен әскери әдіс-тәсілдерінің болғандығ... |
Подробнее Просмотры: 98 Категория: Новости Дата: 19.05.2022 |
«Ретро әлемге саяхат» |
18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай, М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Жастар саябағында «Ретро әлемге саяхат» атты мерекелік шара өткізілді. Шара барысында музей саласындағы үздік мамандар марапатталып, Қонаев қаласындағы «Тұлпар» ретро-автосалонының және Талдықорған қаласындағы жеке коллекционер Виктор Жилобицкийдің ретро көліктер көрмесі келушілер назарына ұсынылды. Сонымен қатар қолөнер шеберлерінің сәндік-қолданбалы өнер туындылары да көрмеге қойылды. Көрмеде 1937 жылдан бастап шыққан ретро автокөліктер коллекциясы қойылған. Оның ішінде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Д.А.Қонаев пайдаланған «Чайка» маркалы көлігі, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 75-жылдық мерейтойына орай сыйға берілген Н-1 маркалы москвич, 1956 жылдардан бастап шыққан кеңестік фильмдерде кездесетін, нақтырақ айтқанда «Берегись автомобиля» фильміне түске... |
Подробнее Просмотры: 112 Категория: Новости Дата: 18.05.2022 |
«28 героев Панфиловцев» |
В музее «Боевой Славы» была организована тематическая экскурсия «28 героев панфиловцев», посвященная 77-летию Великой Отечественной войны. В экскурсии приняли участие учащиеся Енбекшинской средней школы, которые подробно ознакомились с диорамой «Битва под Москвой», отражающей самоотверженный подвиг 28 героев-панфиловцев на полях сражений, узнали о беспрецедентном подвиге в суровой войне, о героях, сражавшихся за свободу и независимость нашей Родины. |
Подробнее Просмотры: 131 Категория: Новости Дата: 06.05.2022 |
«Жыр тұлпары» |
В музее «Боевой Славы» была организована тематическая экскурсия «28 героев панфиловцев», посвященная 77-летию Великой Отечественной войны. В экскурсии приняли участие учащиеся Енбекшинской средней школы, которые подробно ознакомились с диорамой «Битва под Москвой», отражающей самоотверженный подвиг 28 героев-панфиловцев на полях сражений, узнали о беспрецедентном подвиге в суровой войне, о героях, сражавшихся за свободу и независимость нашей Родины. |
Подробнее Просмотры: 123 Категория: Новости Дата: 06.05.2022 |