Пресс-центр
Экскурсия |
21 мая 2019 года Алматинский областной историко-краеведческий музей им.М.Тынышпаева посетили военнослужащие, собравшиеся со всех уголков Казахстана на сборы в Республиканском Государственном учреждении "Воинская часть 18404" Министерства Обороны Республики Казахстан. Для гостей была проведена экскурсия по залам музея где были продемонстрированы достопримечательности края Жетысу. |
Подробнее Просмотры: 299 Категория: Новости Дата: 21.05.2019 |
«Сиверс алмасының гүлденуі» |
2019 жылдың мамыр айының 18-ші жұлдызында, Сарқан ауданы, Тополевка ауылы тау бөктерінде, облыс әкімі А.Ғ. Баталовтың қолдауымен және Сарқан ауданы әкім аппараты, мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен «Сиверс алмасының гүлденуі» атты фестивалі өткізілді. Алғашқы құттықтау сөзді Алматы қаласы туризм басқарма басшысының орынбасары Қ.Ә.Ақылбеков бастап, халықты фестивальмен және «Халықаралық музейлер күні» мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар Сарқан ауданының әкімі М.М. Разбеков,. «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи пәркінің директоры М.Н. Қабиев,. Туризм саласының сарапшысы Бақыт Қамалқызысалтанатты шарамен құттықтап, ауданымыздың көркем тәбиғатына байланысты туризм саласы кеңінен дами берсін деген тілектерін білдірді. Сарқан аудандық аурухана жанынан құрылған әжелері ансамбілі бастамасымен «Айкүміс би тобы» билеп, қазақ эстрада әншілері «Бастау» тобы, Сарқан аудандық мәдениет үйінің әншілері әншашулерін арнады. Фестивальге... |
Подробнее Просмотры: 433 Категория: Новости Дата: 21.05.2019 |
«Музей түні» |
18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай «Анаға құрмет» музейінде «Музей түні» атты тақырыпта ашық есік күнін ұйымдастырылды. Шараға Райымбек ауылдық округінде орналасқан мектеп оқушылары және ауыл тұрғындары қатысты. Шара барысында музей экспозициясы бойынша экскурсия жүргізіліп, ұлттық ойын «Асық ату» ойыны ойнатылды. |
Подробнее Просмотры: 345 Категория: Новости Дата: 21.05.2019 |
«Музей түні - 2019» |
18 мамыр Халықаралық музейлер күніне орай М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі «Музей түні - 2019» атты шара ұйымдастырды. Аталмыш шара бағдарламасында «Елі сүйген Елбасы» атты көрменің ашылу салтанаты, «Тарихы терең Жетісу» атты ЖМУ-нің студенттерімен интеллектуалды сайыс және журналист, белгілі блогер, медиалектор Өркен Кенжебекпен әртүрлі тақырыптарда кездесу семинар жүргізілді. Сондай ақ, «Жетісудың жыр дариясы» атты Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармония әншілері және Қ.Байсеитов атындағы Саз колледж студенттерінің қатысуымен қазақ халқының дәстүрлі әндер кеші ұйымдастырылды. |
Подробнее Просмотры: 433 Категория: Новости Дата: 20.05.2019 |
Экскурсия |
20 мая 2019 года Алматинский областной историко-краеведческий музей им. М.Тынышпаева посетили учащиеся специализированных классов средней школы №13 города Талдыкорган. Для ребят была проведена познавательная экскурсия по залам музея, в ходе которой они получили уникальную возможность познакомиться с историей, природными богатствами, знаменитыми личностями Алматинской области. |
Подробнее Просмотры: 284 Категория: Новости Дата: 20.05.2019 |
«Түнгі музей акциясы» |
18 мамырда бүкіл әлемдегі мұражай қызметкерлерінің барлығы өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Бұл аталмыш мереке – күнтізбеде 1977 жылы Халықаралық мұражай кеңесінің кезекті отырысында осы мәдени мерекені бекіту туралы ресей ұйымының ұсынысын қабылдаумен орын алды. 1978 жылдан бері Халықаралық мұражайлар күні 150-ден астам мемлекеттерде мерекеленіп келеді.Мұражайлар әр кезеңде қоғамның және көптеген елдердің мәдени өмірінің ажырамас бөлігі болып саналды. Бүгінде мұражайлар қызметінің бағыты жан-жақты. Өзгешеліктеріне қарамастан олардың бағдары халықтардың тарихи-мәдени мұрасын сақтау мен насихаттауға бағытталған. Мұражай тек мың жылдық тарихты сақтап қана қоймай, сондай-ақ өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеуде ерекше орын алады.Осыған орай үстіміздегі жылдың 18 күні Сүйінбай Аронұлының әдеби –мемориалды музейінде «Жәдігерлерді шаммен шолу» атты «Түнгі музей акциясы» аталып өтті.Музей қонақтары бұл күні музейге әдеттегідей күндіз емес,... |
Подробнее Просмотры: 454 Категория: Новости Дата: 20.05.2019 |
"Музей - тарих айнасы" |
2019 жылдың 18 мамыр күні "Жаркент Мешіті Сәулет-көркемөнер Музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Халықаралық музейлер күніне орай "Музей - тарих айнасы" атты музей сағаты өтті. Шараға қала қонақтары, оқушылар мен шет ел азаматтары қатысты. Келген қонақтарға музей тарихы таныстырылып, музейдің тарихи маңыздылығы айтылды. Музейге келген қонақтарға арнайы қазақ зергерлік өнері мен архитектуралық өнерінен сыр шертетін "Зергерлік өнер жауhарлары", "Х-ХІХ ғасырлардағы сәулет өнері" атты көрме таныстырылды. |
Подробнее Просмотры: 389 Категория: Новости Дата: 20.05.2019 |
«Музей – ел шежіресі» |
18 мамыр - Халықаралық музейлер күні мерекесіне орай Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінде «Музей – ел шежіресі» атты іс-шара өткізілді. Шараға ауыл тұрғындары мен қонақтары, оқушылар және студенттер қатысты. Шара барысында музейдің тарихи-мәдени маңыздылығы таныстырылып, музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді. Сонымен қатар «Мәдени мұра асыл қазына» атты музей тарихынан сыр шертетін көрме ұйымдастырылып, көпшілік назарына ұсынылды. |
Подробнее Просмотры: 378 Категория: Новости Дата: 20.05.2019 |
"Туризмнің төресі -музей " |
18 мамыр Халықаралық музей күніне орай, Шелек тарихи -өлкетану музейі Сөгеті филиалында "Туризмнің төресі -музей " тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Мақсаты : өсіп келе жатқан жас ұрпақты ата - бабаларымыздың жасап кеткен мәдени қазына байлықтарының үлгілеріне қанықтырып жеке адамның да, бүкіл қоғамның да рухани жетілуіне ықпал жасау. Музейге келген оқушылар музей ішін аралап өз бойларына рухани азық алатын күш жинап қайтты. |
Подробнее Просмотры: 334 Категория: Новости Дата: 20.05.2019 |
"Музейдегі түн" |
18 мамыр Халықаралық мұражай күніне байланысты І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Музейдегі түн" іс-шарасы өтті. Осы күні бүкіл әлемдегі мұражай қызметкерлерінің барлығы өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Дәстүрге сай музей қызметкерлері айтулы мерекеге орай "Ашық есік" күнін ұйымдастырып музей көрермендеріне тегін экскурсиялар жүргізіп іс-шара "Музей түнімен" жалғасын тапты. Шара барысында көрермендер арнайы мерекеге орай ұйымдастырылған аудандық өнер мектебінің жас қылқалам шеберлерінің туындыларынан құралған көрмені тамашалады. Сонымен қатар І.Жансүгіровтің 125 жылдығына орай жаңадан музей қорына қабылданған ақынның жеке құжаттары мен сирек кездесетін фотосуреттерімен де танысып, жалпы музей туралы оның тыныс-тіршілігі, міндеті жайлы мол мағлұматтар алып қайтты. |
Подробнее Просмотры: 424 Категория: Новости Дата: 20.05.2019 |