Интеллектуалды сайыс

М.Тынышпаев ат. Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінде интеллектуалды сайыс түрінде болашақ тарихшылар (І.Жансүгіров ат. ЖМУ студенттері) арасында өткен шараның басты мақсатыкелер ұрпаққа тарихты әсіресе, ұлттық тарихты жеткізу, жастардың терең білім алып, ел мүддесіне қызмет етудінасихаттау, әрі музейге деген қызығушылықтарын аттыру болды.Екі топтан тұратынсайыскерлерге слайдтың жетекшілігімен жергілікті тарих пен өлкеден шыққан белгілі тарихи тұлғаларға қатысты сұрақтар қойылып, білімдері сыналды. «Көрермендер кәдесі» деген айналымда топ жанкүйерлеріне де тапсырма беріліп, дұрыс берілген жауаптары бойынша ұпай сандары сайыскерлердің қанжығасына байланды. Сайыскерлерді сергітіп алу, әрі көрермендерге пайдалы мәлімет беру мақсатында «Сіз білесіз бе?» атты айдарда белгілі тарихи тұлғаларға қатысты қызықты мәліметтер оқылды.Сайыс соңында топтардың ұпай сандары қорытындыланып, жеңімпаз топ арнайы дипломмен марапатталды.
Подробнее Просмотры: 373 Категория: Новости Дата: 18.05.2019

"Музей - халық қазынасы"

18 мамыр- Халықаралық музейлер күніне орай Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде "Музей - халық қазынасы" атты іс-шара өтті. Іс-шараға Жамбыл ауылының ақсақалдар алқасы атсалысты. Ақсақалдар алқасының төрағасы Балаев Бақыт музей тарихынан естеліктер айтса, ауылымыздың әкімі Мантаев Данияр музей саласындағы жетістіктері үшін музей меңгерушісі Жамбылова Салтанат Тезекбайқызына, музей қызметкері Тажиева Ольга Игорьевнаға құрмет грамотасын табыс етті. Кеш барысында "Жамбыл ата келіндері" халықтық ансамблі ән айтса, Жамбыл өнер мектебі оқушылары терме айтып, күй шертті. Қобыз шертіліп, жылы лебіздер айтылды. Жамбыл ауылының құрметті азаматы Тұрапов Жанат музей қызметкерлеріне музей саласындағы істеріне табыс тіледі.
Подробнее Просмотры: 479 Категория: Новости Дата: 18.05.2019

Ашық есік күні

Бүгін Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері 18- мамыр Халықаралық музейлер күніне орай Ашық есік күнін өткізді. Шара барысында ертегілер еліне саяхат жасап, музей залдары бойынша қызықты экскурсия жүргізілді. Шараға балабақша балалары мен бастауыш сынып оқушылары қатысты.
Подробнее Просмотры: 465 Категория: Новости Дата: 18.05.2019

«Елін сүйген Елбасы»

18 мамыр – Халықаралық музейлер күні мерекесіне орай М.Тынышпаев ат. Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2019 жылдың 18 мамыр күніне бірнеше түрлі форматтағы шаралар өткізу жоспарланған. Мереке қазыналы Қарасай ауданынан жеткен «Елін сүйген Елбасы» атты көрменің салтанатты ашылуымен басталды. Салтанатты шараға Алматы облысының мәдениет архивтер және құжаттама басқармасы басшылығы мен арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Құттықтау сөз алдымен Алматы облысының мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының басшы М.Көлбаевқа беріліп, әрі қарай Алматы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Келемсейіттің сөзімен жалғасты. Елбасының өмір жолына қатысты көрме экспозициясына қойылған 45 экспонат (құжаттар, деректер мен фотосуреттер) Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтарына Елбасының өмірі мен қызметінен мол мағлұмат береді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалық шағынан бастап – күні бүгінге дейінгі өмір жолы және Ұлт Көшбасшысымен тығыз байланысты Тәу...
Подробнее Просмотры: 385 Категория: Новости Дата: 18.05.2019

18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай салтанатты іс-шара

Мәдениеттің бір саласы ретінде музейлерге кез-келген қоғамда ғылыми-зерттеу және мәдени-ағартушылық мекеме ретінде ерекше орын берілген. Келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін, халықтың өз тарихи тамырын танып, білуінде зор қызмет атқаратын бірден-бір мекеме. Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және Алматы облыстық М. Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейі 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай салтанатты іс-шара өткізді. Салтанатты жиында музей саласында тарихи мұраларды насихаттауда, таныстыруда қызмет етіп жүрген Алматы облысының музей қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Жиын барысында Алматы облыстық М. Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейі облыс көлемінде жариялаған «Менің өлкемнің аңыздары» байқауы жеңімпаздары марапатталды. Салтанатты жиын мерекелік концертпен аяқталды.
Подробнее Просмотры: 415 Категория: Новости Дата: 18.05.2019

«Анаға құрмет»

Әр халықтың өзіне тән салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары қалыптасқан. Алайда Қазақстандағы түрлі ұлттардың бір-бірімен араласуының нәтижесінде салт-дәстүрлерінің кейбіреулері біздің дәстүрге ұқсап, өзгеріске ұшыраса, кейбіреулері мүлтіксіз сақталып қалған. Германиядағы немістер болсын, Қазақстанда тұратын немістер болсын дәстүрлі кәсіптері – егіншілік пен мал шаруашылығы, балық аулау, қол өнерімен де айналысады.Мамыр айының 16 күні «Анаға құрмет» музейіне Австрия мемлекетінен бір топ шығармашылық адамдары қонаққа келді, Көшпенділердің ғажайып туындысы киіз үйдің құрылысына тамсанып, қазақ халқының ұлттық бауырсағынан дәм татты. Шет елден келген қонақтарға киізден бұйым жасаудың әдістері жайлы шеберлік сабақтарында осы саланың маманы Анар Нұрмұхамедова аз ғана уақытта қол орамал жасауды көрсетті және сол орамалдарды келген қонақтарға естелік үшін ұсынды.
Подробнее Просмотры: 454 Категория: Новости Дата: 17.05.2019

«Ночной напев музея»

16-го мая текущего года, в преддверии Всемирного дня музеев, в историко-краеведческом музее Карасайского района прошла ставшая уже традицией – Ночь в музее. На тематическом мероприятии «Ночной напев музея» выступили певческий хор школы-гимназии имени Абая, а так же юное поколение исполнителей эстрадной песни. Гости мероприятия, почетные граждане района и жители города поздравили сотрудников музея, выразив наилучшие пожелания и процветания музею. А школа-гимназия имени Абая преподнесла в дар скульптуру лошади украшенную «асыками».
Подробнее Просмотры: 332 Категория: Новости Дата: 17.05.2019

«Менің өлкемнің аңыздары»

Үстіміздегі жылдың 16 мамыр күні Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Менің өлкемнің аңыздары» атты облыстық байқауының іріктеу кезеңі өткізілді. Аталмыш шараға әр ауданнан келген 15 қатысушы сайысқа түсіп, дайындаған жұмыстарын қорғады. Комиссия мүшелерінің шешімімен байқау қорытындысы шығарылып 3 жүлделі орын, 3 номинация жеңімпаздары анықталып, 9 қатысушыға сертификат берілді.
Подробнее Просмотры: 363 Категория: Новости Дата: 16.05.2019

"Исследование возможности применения методов естественных наук в археологических исследованиях"

Реставратор Есикского археолого-краеведческого музея А.Рахметов при раскопках, проведенной с целью изучения истории и культуры Великой степи в рамках проекта "исследование возможности применения методов естественных наук в археологических исследованиях" совместно с лабораторией "Геоархеология" при КазНУ им. Аль-Фараби
Подробнее Просмотры: 327 Категория: Новости Дата: 16.05.2019

"Бақ іздеген ауыл"

15 мамыр Сөгеті ауылы Ораз Жандосов мектебі мен Шелек тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің «Жастар жылына» орай ұйымдастырылған жас қаламгер Жеңісбек Көкеновтың "Бақ іздеген ауыл" атты кітабінің тұсаукесер кеші өтті. Кеш қонақтары Қыран қоғамдық қорының атқарушы директоры, журналист, этнограф Бағдат Мүптекеқызы, Халықаралық Алаш əдеби сыйлығының иегері, ақын Жарас Сəрсек, журналист, ақын Сансызбай Өкенұлы, жазушы, журналист Ашық Еуразиялық əдеби фестивалінің финалисті, 2018 жылғы Республикалық "Алтын тобылғы" əдебиет жүлдесінің бірінші орын жеңімпазы Айзат Рақыш. Кітаптың тұсаукесері О.Жандосов мектебінде кесіліп, кеш соңында қонақтар музейді аралап, ауыл тыныс-тіршілігімен танысып, өз əсерлерімен бөлісіп тарасты.
Подробнее Просмотры: 599 Категория: Новости Дата: 16.05.2019