Пресс-центр
«Ночной напев музея» |
16-го мая текущего года, в преддверии Всемирного дня музеев, в историко-краеведческом музее Карасайского района прошла ставшая уже традицией – Ночь в музее. На тематическом мероприятии «Ночной напев музея» выступили певческий хор школы-гимназии имени Абая, а так же юное поколение исполнителей эстрадной песни. Гости мероприятия, почетные граждане района и жители города поздравили сотрудников музея, выразив наилучшие пожелания и процветания музею. А школа-гимназия имени Абая преподнесла в дар скульптуру лошади украшенную «асыками». |
Подробнее Просмотры: 351 Категория: Новости Дата: 17.05.2019 |
«Менің өлкемнің аңыздары» |
Үстіміздегі жылдың 16 мамыр күні Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Менің өлкемнің аңыздары» атты облыстық байқауының іріктеу кезеңі өткізілді. Аталмыш шараға әр ауданнан келген 15 қатысушы сайысқа түсіп, дайындаған жұмыстарын қорғады. Комиссия мүшелерінің шешімімен байқау қорытындысы шығарылып 3 жүлделі орын, 3 номинация жеңімпаздары анықталып, 9 қатысушыға сертификат берілді. |
Подробнее Просмотры: 384 Категория: Новости Дата: 16.05.2019 |
"Исследование возможности применения методов естественных наук в археологических исследованиях" |
Реставратор Есикского археолого-краеведческого музея А.Рахметов при раскопках, проведенной с целью изучения истории и культуры Великой степи в рамках проекта "исследование возможности применения методов естественных наук в археологических исследованиях" совместно с лабораторией "Геоархеология" при КазНУ им. Аль-Фараби |
Подробнее Просмотры: 350 Категория: Новости Дата: 16.05.2019 |
"Бақ іздеген ауыл" |
15 мамыр Сөгеті ауылы Ораз Жандосов мектебі мен Шелек тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің «Жастар жылына» орай ұйымдастырылған жас қаламгер Жеңісбек Көкеновтың "Бақ іздеген ауыл" атты кітабінің тұсаукесер кеші өтті. Кеш қонақтары Қыран қоғамдық қорының атқарушы директоры, журналист, этнограф Бағдат Мүптекеқызы, Халықаралық Алаш əдеби сыйлығының иегері, ақын Жарас Сəрсек, журналист, ақын Сансызбай Өкенұлы, жазушы, журналист Ашық Еуразиялық əдеби фестивалінің финалисті, 2018 жылғы Республикалық "Алтын тобылғы" əдебиет жүлдесінің бірінші орын жеңімпазы Айзат Рақыш. Кітаптың тұсаукесері О.Жандосов мектебінде кесіліп, кеш соңында қонақтар музейді аралап, ауыл тыныс-тіршілігімен танысып, өз əсерлерімен бөлісіп тарасты. |
Подробнее Просмотры: 620 Категория: Новости Дата: 16.05.2019 |
«Сәмен батыр және оның ерлігі» |
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында, 2019 жылдың 15-мамыры күні, Батыр бабалар мемориалды кешенінің қызметкерлері,XVIII ғғ. Қазақ-Жоңғар қақтығысы барысында ерен ерлігімен көзге түскен жауынгер батырлардың бірі – Сәмен Дәненұлының туғанына 315 жыл толуына орай, Қырғауылды ауылындағы Ушинский орта мектебі оқушылары арасында«Сәмен батыр және оның ерлігі» атты тақырыпта кездесу кешін өткізді. Шараның құрметті қонағы ретінде – Сәмен батырдың өмірі мен ерлігі жайында зерттеу жұмысын жүргізіп жүрген, зерттеуші әрі өлкетанушы Ақпейілов Әшімқұл арнайы шақырылды. Музей қызметкерлері оқушыларға Сәмен батырдың өмірі мен ерлігі жайында баяндама жасаса, Әшімқұл Ақпейілұлы өзінің зерттеуі нәтижесінде түсірілген видеоролигін көрсетіп, еліне ұран болған – Сәмен батырдың 1729 жылы (кейбір деректерде, 1930 ж.) Жетісу жерінде орын алған «Аңырақай шайқасында» көрсеткен ерен ерлігі жайында әңгім... |
Подробнее Просмотры: 478 Категория: Новости Дата: 16.05.2019 |
«Отбасы – бақыт мекені» |
1994 жылы 15 мамыр Халықаралық отбасы күні болып бекітіліп, түрлі мемлекеттерде қоғамның назары отбасыларға аударыла бастаған. Содан бері атаулы мейрам жыл сайын дәстүрінен жаңылмай аталып өтілуде. Осы отбасы мерекесіне орай, «Анаға құрмет» музейінде «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында Кемертоған орта мектебінің оқушыларымен Алматы қаласы Наурызбай ауданының тұрғындары Өтебаевтар отбасымен кездесуінде мерейлі отбасы болудың алғышарттар мен отбасын сақтап қалуды өз өмір жолдарынан мысалдар келтіре отырып әңгімеледі. Шараға одан өзге Райымбек ауылдық округінің тұрғындары, Ушинский атындағы орта мектеп ұзтаздары жас отбасы Алымбаев Бауыржан мен Саденова Салтанат, жанұялық қол өнер шебері Қоныр әулеті қатысты. |
Подробнее Просмотры: 387 Категория: Новости Дата: 16.05.2019 |
Жаркент Мешіті Сәулет-көркемөнер Музейі |
Жаркент Мешіті Сәулет-көркемөнер Музейіне мамыр айының 15 күні Атырау облысының Тілдерді дамыту басқармасының ономастика бөлімінің басшысы Жеңіс Сәлуқызы Диашева мен Алматы облысының Тілдерді дамыту басқармасының ономастика бөлімінің басшысы Ақшабаев Ермек Сүндетбайұлы келіп, сәулет өнерін тамашалады |
Подробнее Просмотры: 545 Категория: Новости Дата: 15.05.2019 |
«Тенгри ультра-2019» |
Мамыр айының 10-13 күндері аралығында Алматы қаласынан 120 шақырым, Бақанас-Қарой тас жолы бұрылысынан 30 шақырым жердегі Іле жағалауында орналасқан Тамғалы тас шатқалында«Тенгри ультра-2019» Халықаралық марафонға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музей ұжымының ұйымдастыруымен көшпелі көрме өтті. |
Подробнее Просмотры: 330 Категория: Новости Дата: 14.05.2019 |
«Мұражай қазынасы – жастарға мирас» |
2019 жылдың 10-шы мамыр күні Ақын Сараның мемориалды музейінде «Мұражай қазынасы – жастарға мирас» атты ашық-есік күні өтті. Экспозиция залдары бойынша экскурсияны музейге келген көрермендерге «Жас экскурсия жүргізуші» атты үйірменің мүшелері жүргізді. Оқушылар өздерін осы күнге дейінгі үйірмеде алған білімдерін іс жүзінде пайдаланып, жас экскурсия жүргізушінің шеберліктерін көрсете білді. |
Подробнее Просмотры: 457 Категория: Новости Дата: 14.05.2019 |
«Атың мәңгі өшпес» |
2019 жылдың 14 мамыр күні М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен І.Жансүгіровке 125 жыл толуына орай «Атың мәңгі өшпес» атты кеш өткізілді. Кеште І.Жансүгіровтың жеке заттарынан «Қасиетті мұра» атты көрме безендіріліп, «Біздің Ілияс» атты бейнеролик көрсетіліп, №28 мектеп оқушылары І.Жансугіровтың туған даласына, табиғатына, жыл мезгілдеріне арнап жазған жыр жолдарына арналған өлендерін оқыды. Іс-шараға шақырылған қонақтар: Имангазинов Муратбек Мубаракханұлы, І.Жансүгіровтың әдеби музейінің меңгерушісі Жауынбаева Нұргүл Қызырбекқызы және №28, №2 мектеп оқушылары. |
Подробнее Просмотры: 420 Категория: Новости Дата: 14.05.2019 |