"Абай - дана, Жамбыл- дара қазақта! "

13 мамыр күні Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Абай - дана, Жамбыл- дара қазақта! " атты әдеби-кеш өтті. Іс -шарада Абай Құнанбаев пен Жамбыл Жабаевтың өлеңдері айтылып, әндері орындалды. Екі ақынның бір-бірімен байланысы, өлеңдеріндегі ұқсастықтар жөнінде сөз айтылды. Жамбыл атындағы өнер мектебі оқушылар Абайдың "Көзімнің қарасы" әнін орындады. "Әлқисса", " Ата толғауы" күйлерін орындады. Тәжірибе алмасу мақсатында "Атамекен" мәдени-тарихи орталығының, "Анаға құрмет" музейінің, Сүйінбай Аронұлының әдеби-мемориалды музейінің қызметкерлері арнайы қонақ ретінде қатысты.
Подробнее Просмотры: 469 Категория: Новости Дата: 13.05.2019

«Еліміздің ертеңі – біз жастармыз»

7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай Шоқан Уәлихановтың «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейінде «Еліміздің ертеңі – біз жастармыз» атты тақырыпта оқушылармен ерлік сабағы өтті. Ерлік сабағында еліне адал қызмет етіп, Отан үшін от кешкен тұлғалардың ерлік істері кеңінен насихатталды. Сонымен қатар оқушыларға өзі соғыс ардагері және Шоқан Уәлихановтың осы өңірдегі ескрткіші мен музейінің бой көтеруіне атсалысқан халқының қайсар ұлы Игібай Базарбаев жайында жан-жақты деректер берілді. Қатысып отырған оқушылар да өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып, ауылдан шыққан ардагер аталары жайлы білгендерімен бөлісті. Елдің ертеңі болатын бүгінгі оқушылар ерлік сабағынан патриоттық сезімдері нығайып қайтты.
Подробнее Просмотры: 434 Категория: Новости Дата: 13.05.2019

Қолөнер еңбектері

Үстіміздегі жылдың 13-ші мамырында «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, Қарасай аудандық білім бөлімінің ұйымдастырумен Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің ашық алаңында аудандық мектептер бойыншакөркем еңбек пәнінің мұғалімдерінің жыл бойы жасаған қолөнер еңбектерін көпшілік назарына ұсынды.Көрмеге келушілер сәндік қолданбалы қолөнердің қыр-сырымен сусындап, халық шеберлігінің ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан керемет шығармаларымен танысты.
Подробнее Просмотры: 496 Категория: Новости Дата: 13.05.2019

«Дәуірдің жарық жұлдызы»

13 мая в честь 140-летия М.Тынышпаева в Алматинском областном историко-краеведческом музее им. М. Тынышпаева состоялся вечер-встреча с потомками «Дәуірдің жарық жұлдызы». На мероприятии посвященном жизни и деятельности М. Тынышпаева проведена тематическая экскурсия, показан видеоролик «М.Тынышпаев – алғашқы қазақ теміржолшы инженері» и организована беседа с учащимися школы-лицея № 20.Приглашенные гости мероприятия: доктор технических наук Даулет-Шейх-Али-Тынышпаев, дочь Аделя Даулеткызы, председатель Фонда им. М. Тынышпаева Нуршайкен кажы Жунискызы и др.
Подробнее Просмотры: 341 Категория: Новости Дата: 13.05.2019

«Ұлы даланың батыр қыздары»

Біріміз Ұлы Отан соғысы, біріміз екінші дүниежүзілік соғыс деп атап кеткен сұм соғыстың біткеніне биыл 74 жыл толып отыр. Төрт жылғы созылған бұл қырғынға қазақтың әрбір отбасынан ардақты ұлдары мен қыздарын шығарып салып, жеңіспен оралуын күтті. Отан қорғау жолында жан аямай күрескен «Шығыстың қос жұлдызы» атанған Әлия мен Мәншүгіміз сол кезде өрімдей жас қыздар еді. Мектеп оқушыларына «Бұл жолды ұмытуға болмайды» деген тақырыпта арнайы лекция сабақтар жүйелі түрде өтіп тұрады. «Ұлы даланың батыр қыздары» деген тақырыпта Қарасай ауданының М.Мәметова атындағы мектеп оқушылары мен Ұлы отан соғысының тыл ардагерлерімен үлкен іс- шара өтті. Іс шарада мектеп оқушылары 1941 жылғы соғыс басталып майданға аттанған жауынгерлердің өмірінен театрландырған қойлым дайындап көрермендерге ұсынды. Ардагерлер сол сұрапыл күндерден естелік айтып , естелік суреттерге түсті.
Подробнее Просмотры: 354 Категория: Новости Дата: 09.05.2019

"Ардагерлерге мың тағзым"

2019 жылдың 6 мамыр күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері​ мен Қапал ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, 7 мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр Жеңіс күні​ мерекесіне орай ауылдық кітапхана залында "Ардагерлерге мың тағзым" атты танымдық сағат өтті. Аталған іс-шараға Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Ерлік көрсеткен батыр жерлестеріміз жайлы бейнеролик көрсетіліп, тарихқа саяхат жасалды. Отан қорғаған ерлер жайлы айтылды. Ауылдық мәдениет үйінің қызметкері Төлеген Мұқашевтың орындауында Динаның Жеңіс күніне арналған "Тойбастар" атты күйін орындады. Шара соңында жоғарыда аталған мерекге орай "Қазақ батырларының бес қаруы" атты көрме оқушыларға таныстырылды.​
Подробнее Просмотры: 396 Категория: Новости Дата: 09.05.2019

"Ұлы Жеңіске - 74 жыл"

Ақсу ауданы бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің тізімінде екі адам қалған екен. Соның бірі Моисеев Гаврил Степанович. 19 жасында майданға аттанып, аман есен туған өлкесі Қапалға оралған ардагер, бүгінгі күні 98 жасқа толып отыр. Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері мен Қапал ауылының кітапханашылары "Ұлы Жеңіске - 74 жыл" мерекесіне орай Ұлы Отан соғысының ардагерін мейрамымен құттықтап, ыстық лебіздерін білдіріп қайтты.
Подробнее Просмотры: 370 Категория: Новости Дата: 09.05.2019

«Еңсесі биік – ұлы Жеңіс!»

Ү.ж. 8 мамыр күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінде 9 мамыр Жеңіс күніне орай «Еңсесі биік – ұлы Жеңіс! » атты мерекелік шара өткізілді. Шараның мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру; Қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу. Шара барысында патриоттық әндер орындалып, Ұлы Отан соғысының батыры, қазақ халқының батыр қызы Ә.Молдағұлованың сіңілісі Сапураға жазған хатынан үзінді оқылды. Шараға №1 Қабанбай орта мектебінің 5 сынып оқушылары қатысты.
Подробнее Просмотры: 301 Категория: Новости Дата: 09.05.2019

«От кешкен жандар»

Үстіміздегі жылдың 8-ші мамырында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Отаным – тағдырым» жобасы аясында және де 9 мамыр – Жеңіс күніне орай, Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Қ. Сәтбаев атындағы орта мектеп оқушыларына «От кешкен жандар» тақырыбында әңгіме жүргізді. Бұл әңгімені өткізудегі мақсатымыз Жеңіс күнінің қадірі бәріміз үшін тым қымбат екенін жас ұрпақ санасына жеткізу. Сұрапыл соғыс адамзаттың жүрегіне өшпес жара салды. Ардагерлер көрген зұлматты жас ұрпақ көрмеген, сол үшін де ардагерлеріміздің ерлігі елеулі құрметке ие екені сөзсіз.Артынан әңгіме Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің құрметіне арналған «Мәңгілік алау» ескерткішіне гүл шоқтарын коюмен жалғасын тапты.
Подробнее Просмотры: 307 Категория: Новости Дата: 09.05.2019

"Ер есімі- ел есінде"

2019 жылдың 8 мамыры күні Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі "Мамания" орта мектебімен бірлесіп "Ер есімі- ел есінде" атты іс-шара ұйымдастырды.Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен еңбегін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке , елжандылыққа тәрбиелеу, ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына бас иіп, ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған шара Ақсу ауылындағы ҰОС ардагерлері құрметіне орнатылған "Даңқ мемориалында" өтті. Ерлікке тағзым етіп гүл шоқтары қойылды.
Подробнее Просмотры: 305 Категория: Новости Дата: 08.05.2019