Пресс-центр
"Ұлы Жеңіске - 74 жыл" |
Ақсу ауданы бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің тізімінде екі адам қалған екен. Соның бірі Моисеев Гаврил Степанович. 19 жасында майданға аттанып, аман есен туған өлкесі Қапалға оралған ардагер, бүгінгі күні 98 жасқа толып отыр. Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері мен Қапал ауылының кітапханашылары "Ұлы Жеңіске - 74 жыл" мерекесіне орай Ұлы Отан соғысының ардагерін мейрамымен құттықтап, ыстық лебіздерін білдіріп қайтты. |
Подробнее Просмотры: 392 Категория: Новости Дата: 09.05.2019 |
«Еңсесі биік – ұлы Жеңіс!» |
Ү.ж. 8 мамыр күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінде 9 мамыр Жеңіс күніне орай «Еңсесі биік – ұлы Жеңіс! » атты мерекелік шара өткізілді. Шараның мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру; Қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу. Шара барысында патриоттық әндер орындалып, Ұлы Отан соғысының батыры, қазақ халқының батыр қызы Ә.Молдағұлованың сіңілісі Сапураға жазған хатынан үзінді оқылды. Шараға №1 Қабанбай орта мектебінің 5 сынып оқушылары қатысты. |
Подробнее Просмотры: 329 Категория: Новости Дата: 09.05.2019 |
«От кешкен жандар» |
Үстіміздегі жылдың 8-ші мамырында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Отаным – тағдырым» жобасы аясында және де 9 мамыр – Жеңіс күніне орай, Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Қ. Сәтбаев атындағы орта мектеп оқушыларына «От кешкен жандар» тақырыбында әңгіме жүргізді. Бұл әңгімені өткізудегі мақсатымыз Жеңіс күнінің қадірі бәріміз үшін тым қымбат екенін жас ұрпақ санасына жеткізу. Сұрапыл соғыс адамзаттың жүрегіне өшпес жара салды. Ардагерлер көрген зұлматты жас ұрпақ көрмеген, сол үшін де ардагерлеріміздің ерлігі елеулі құрметке ие екені сөзсіз.Артынан әңгіме Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің құрметіне арналған «Мәңгілік алау» ескерткішіне гүл шоқтарын коюмен жалғасын тапты. |
Подробнее Просмотры: 330 Категория: Новости Дата: 09.05.2019 |
"Ер есімі- ел есінде" |
2019 жылдың 8 мамыры күні Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі "Мамания" орта мектебімен бірлесіп "Ер есімі- ел есінде" атты іс-шара ұйымдастырды.Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен еңбегін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке , елжандылыққа тәрбиелеу, ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына бас иіп, ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған шара Ақсу ауылындағы ҰОС ардагерлері құрметіне орнатылған "Даңқ мемориалында" өтті. Ерлікке тағзым етіп гүл шоқтары қойылды. |
Подробнее Просмотры: 325 Категория: Новости Дата: 08.05.2019 |
«Тәжік-Ауған ақиқаты» |
2019 жылдың 6 мамыр күні І.Жансүгіров әдеби музейінде Отан қорғаушылар күніне орай «Тәжік-Ауған ақиқаты» атты ардагерлермен кездесу кеші өтті.Шараға К.Ушинский атындағы №7 орта мектептің 10 сынып оқушылары арнайы шақырылды. Кеш қонақтары Тәжікстанжеріндегі соғыс қимылдары жайында, патриоттық рух, сондай-ақ майданға қатысқан ардагерлердің ерлігі туралы естеліктерімен бөлісті. Кеш өте әсерлі, әрі тартымды өтті. Іс-шараның соңында ардагерлерді мерекемен құттықтап, оларға естелік сыйлықтар табыс етілді. |
Подробнее Просмотры: 369 Категория: Новости Дата: 08.05.2019 |
«Ұрпаққа ұран болған ұлы ерлік» |
8 мамыр күні Мұқан Төлебаевтың мемориалды музей қызметкерлері Жеңіс күніне орай «Ұрпаққа ұран болған ұлы ерлік» атты көрме ұйымдастырды. Шараға Ушинский атындағы орта мектеп оқушылары қатысты. Көрме мақсаты Отан үшін жанын қиған батырлардың ерліктеріне тағзым ету болып табылды. Көрмені тамашалауға келген қонақтар Лепсі ауылынан шыққан соғыс ардагерлерінің өмірімен танысып, Ұлы Отан соғысы туралы білімдерін көтеріп қайтты. |
Подробнее Просмотры: 362 Категория: Новости Дата: 08.05.2019 |
Отан Қорғаушылар күніне орай мерекелік шара |
Кеген аудандық мәдениет үйінде 7 мамыр - Отан Қорғаушылар күніне орай мерекелік шара өтті. Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Кеңес Күнесбайұлы жиылған қауымды мерекемен құттықтап, еңбегімен ерекшеленген бір топ әскерилерді аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттап, сыйлықтар табыс етті. Шарада аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары мен жеке әншілерінің орындауындағы әсем әндер көрермендерге мерекелік көңіл – күй сыйлап, бір сергітіп тастады. Шара соңы әскери шеруге ұласты. Аудан көлеміндегі мектеп оқушылары сапқа тұрып, патриоттық әндер шырқап сарбаз атануға әзір екендіктерін көрсетті. Сонымен қатар, жастар аудандық тарихи – өлкетану музейін аралады. Музейде аудан тарихын, ауданнан шыққан ақын-жазушылардың, еңбек, соғыс ардагерлерінің, өзге де қоғам қайраткерлерінің өмірбаянын тыңдап, мәдени мұра және тарихи ескеркіштермен танысты. |
Подробнее Просмотры: 333 Категория: Новости Дата: 08.05.2019 |
"Ер елінің қорғаны" |
06 мая 2019 года в войсковой части 66/54 сотрудниками Есикского археолого-краеведческого музея была организована выставка "Ер елінің қорғаны", посвященная 7 мая - Дню защитника Отечества. Выставку посетили более 500 молодых солдат воинской части 66/54, а также военнослужащие контрактной службы. |
Подробнее Просмотры: 305 Категория: Новости Дата: 08.05.2019 |
"Ер - елінің қорғаны" |
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Ер - елінің қорғаны" атты іс-шара өтті. Іс-шарада патриоттық тақырыпта өлеңдер айтылып, күй шертілді. Жастарға өз елінің патриоты болсын деген жылы лебіздер айтылды. |
Подробнее Просмотры: 377 Категория: Новости Дата: 08.05.2019 |
Экскурсия |
2019 жылдың мамыр айының 6-шы жұлдызында, Сарқан қаласындағы №1 гимназиясының оқушылары ата-аналарымен, Сарқан ауданының тарихи музейіне және «Черкасск қорғанысы» экспозициялық кешеніне келді. Экскурсия барысында балалар өз өлкелері туралы құнды мәліметтер біліп қайтты. Соңында ұстаздар алғыс кітабына жылы лебіздерін білдірді. |
Подробнее Просмотры: 388 Категория: Новости Дата: 08.05.2019 |