"Ел ертеңі–Ұландар"

2019 жылдың 6-мамыры күні, Батыр бабалар мемориалы қызметкерлері "ҚР Қарулы күштері" күніне орай, "Ел ертеңі–Ұландар" атты тақырыпта Қырғауылды ауылындағы Ушинский орта мектебі оқушыларымен бірлескен іс-шара ұйымдастырды. Шара барысында, музей қызметкерлері ҚР Қарулы күштері жайында баяндама жасаса, мектеп оқушылары өздерінің мектеп қабырғасындағы "Алғашқы әскери дайындық" пәнінен өткен теориялық және іс-тәжірибелік шеберліктерін көрсетті. Мәселен, Серікқызы Ақнұр "Калашников" автоматын жылдам бұзып, жинау шеберлігімен бөлісті.
Подробнее Просмотры: 374 Категория: Новости Дата: 08.05.2019

«Отаным тағдырым»

Үстіміздегі жылдың 6-шы мамырында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Отаным тағдырым» жобасы аясында және 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай, Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Қарасай аудандық әскери бөлімшесінің қызметкерлеріне арнайы экскурсия жүргізді. Экскурсия барысында еліне деген адал қызмет етіп, өз елінің елеулі азаматы болып жүрген генерал-майор Жақсылықов Руслан Фатихұлының өмір жолына кеңінен тоқталып өтті. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта түсуіне қызмет етіп жүрген жандарға музей қызметкерлері сәттілік тілеп тарқасты.
Подробнее Просмотры: 347 Категория: Новости Дата: 08.05.2019

«Бақыт гүлін терген күн»

9 мамыр – Жеңіс күніне орай М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінде соғыс және тыл ардагерлерінің қатысуымен «Бақыт гүлін терген күн» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Кеш қонақтары өздерінің соғыс жылдарындағы оқиғаларымен, ерліктерін еске түсірумен қатар, жастардың Отанға деген патриоттық сезімін нығаюына әсер етті.
Подробнее Просмотры: 314 Категория: Новости Дата: 06.05.2019

«Ер қаруы – бес қару»

2019 жылы 4 мамыр күні «Отан қорғаушылар» күніне орай Алматы облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері ұйымдастыруымен, Талдықорған қаласы № 25 орта мектебінде «Ер қаруы – бес қару» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында музей қорынан алынған экспонаттардан «Бабалар жолымен» атты көрме қойылды. Балалар тамашалаған көрмеге бес қару мен қатар Ұлы Отан соғысында пайдаланған қарулар қойылып, қазіргі Қазақстанның замануи қарулары слайдтан көрсетілді. Балардың барлық назары «Қобыланды батыр» атты видео фильмге аударылды. «Қазақ батырының серігі-бес қару» атты дәрісте оқушылар қазақстандық қару зерттеушілердің жазған ғылыми еңбектерінен пайдалы материалды қызыға тыңдап, сурақтарына жауап ала отырды. Соңында балалар викторина сурақтарына жауап беріп, білгендерін ортаға салды.
Подробнее Просмотры: 508 Категория: Новости Дата: 04.05.2019

Экскурсия

2019 жылдың 3 мамыр күні Шелек тарихи-өлкетану музейінде Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласында көтерген мәселелерді жүзеге асыру мақсатында, Ы.Алтынсарин орта мектебінің 5-сынып оқушыларына музей залдары бойынша қызықты экскурсия жүргізіліп, сұрақтарға жауап берілді.
Подробнее Просмотры: 329 Категория: Новости Дата: 03.05.2019

"Тыңда, дала, Жамбылды!"

3 мамыр күні Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламасы аясында Жамбыл ауданындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2 орта мектебінде "Тыңда, дала, Жамбылды!" атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрмеге музей қорынан 50-ге жуық жәдігер апарылды. Барлық оқушыларға екі тілде экскурсия жүргізілді.
Подробнее Просмотры: 421 Категория: Новости Дата: 03.05.2019

«Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс»

2019 жылдың 3 сәуір күні Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінде 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты шара өткізілді. Шараға арнайы шақырылған қонақтар: зейнеткерлер, еңбек ардагерлері мен ауыл тұрғындары. Мерекелік шара барысында Ұлы Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан, елі мен жері үшін жанын пида еткен қаһарман ерлерді еске алу мақсатында өлеңдер оқылып, патриоттық әндер шырқалды. Сонымен қатар «Ер есімі мәңгі ел есінде» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, көпшілік назарына ұсынылды.
Подробнее Просмотры: 348 Категория: Новости Дата: 03.05.2019

7 мая – День защитника Отечества.

3 мая в Алматинском областном историко-краеведческом музее имени М. Тынышпаева состоялось праздничное мероприятие посвященное 7 мая – Дню защитника Отечества. В честь праздника в экспозиции музея была организована выставка, в которой представлены личные вещи уроженца Семиреченского края, заслуженного сотрудника МВД РК, почетного ветерана МВД РК, члена РОО «Совет генералов», генерал-майора милиции Болсамбекова Абдыкадыра Коспановича и заместителя командующего Внутренними войсками МВД РК генерал-майора Санабаева Умутбека Кенжебековича, а также военного деятеля, генерала армии, Героя Советского Союза, первого министра обороны Республики Казахстан, «Халық қаһарманы» Нурмагамбетова Сагадата Кожахметовича. Специально приглашенная на открытие выставки заведующая музеем Департамента внутренних дел Алматинской области Болсамбекова Мадина преподнесла в дар музею личные вещи своего отца Болсамбекова Абдыкадыра. Для студентов военно-технической школы была проведена...
Подробнее Просмотры: 639 Категория: Новости Дата: 03.05.2019

«Асыл мұра»

2019 жылдың 3 мамыр күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері белгілі қазақ композиторы Мұқан Төлебаевтың «Біржан - Сара» операсы жазылғанына 75 жыл толуына орай, Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінің 9-шы және 10-шы сынып оқушыларына «Асыл мұра» атты лекция өткізді. Лекцияда композитордың қысқаша өмірбаяны айтылып, «Біржан - Сара» операсы талқыланды. Операның жазылу тарихы оқушылардың өнерге, мәдениетке деген қызығушылықтарын оятты.
Подробнее Просмотры: 352 Категория: Новости Дата: 03.05.2019

"Алтын адам- ғасыр тарихы"

2019 жылдың 2 мамыр күні М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи- өлкетану музейі Сарқан ауданының тарихы музейіне Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласына арқау болған, көне заманның теңдесі жоқ жәдігері "Алтын адам- ғасыр тарихы" атты жылжымалы көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге М.Тынышпаев атындағы орта мектебі, Петропавл орта мектебі, М.Жұмабаев атындағы орта мектебі, Әл-Фараби орта мектебі, Шатырбай атындағы орта мектебінің оқушылары, ауылдық мәдениет үйінің және әкімшілік қызметкерлері қатысты. Экскурсия барысында Алтын адамның алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін, сонымен бірге, Ұлы даланың ежелгі металлургиясы мен аңдық стильдің қарыштап дамуы Алтын адам сұлбасынан анық байқалатыны жайлы көптеген мағлұматтар берілді. Экскурсияны оқушылар өте қызығып, әрі зейінмен тыңдады.
Подробнее Просмотры: 482 Категория: Новости Дата: 03.05.2019