"Қазақ поэзиясының Құлагері"

Ү.ж. 30 сәуірінде І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі қызыметкерлерінің ұйымдастыруымен І.Жансүгіровтің 125 жылдық мерей тойына орай "Қазақ поэзиясының-Құлагері" атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Шараға Алматы облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейі басшылары, Ақсу ауданы басшылары, Жетісу телеарнасы және Жетісу газетінің тілшілері, мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында құрметті қонақтар сөз сөйлеп І.Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойымен құттықтады. Сонымен қатар ақиық ақынның ізбамарлары арнау оқып, Молықбай атындағы мәдениет үйінің әншілері ән-жырдан шашу шашты. Шара ақын "Ағынды менің Ақсуым" деп жырға қосқан Ақсу өзені жағасында жалғасын тапты. Ақшаңқан үйлер тігіліп, ұлттық ойындар мен салтдәстүрден көріністер көрсетіліп келген қонақтарды құрметпен қарсы алды.
Подробнее Просмотры: 527 Категория: Новости Дата: 03.05.2019

"Никто не забыт, ничто не забыто"

2 мая 2019 года в Есикском археолого-краеведческом музее была организована выставка "Никто не забыт, ничто не забыто", посвященная Дню Победы. На выставке представлены экспонаты из музея "Енбек - Даңқ" средней школы имени героя Советского Союза Ж.Каипова. В открытии выставки приняли участие учащиеся средней школы имени героя Советского Союза Р.Токатаева. Со 2 по 18 мая вы тоже можете посетить выставку.
Подробнее Просмотры: 316 Категория: Новости Дата: 03.05.2019

«Ұлы даланың жеті қыры-ұрпақ мақтанышы»

29 сәуір күні «Кеген» Халық театры Талдықорған қаласындағы өнер ошағы, қазіргі заманның талаптарын үйлестірген сәулет өнерінің жауһары, халықтың ең үлкен рухани ордасы Бикен Римова атындағы облыстық драма театрының киелі сахнасында М.Шамхаловтың «Қайын ене мен келін» атты 2 бөлімді комедиялық қойылымын сахналап қайтты. Бұл комедияны тамашалауға 600 – ге жуық көрермен жиналды. Өмірдің бірде ащы, бірде тәтті болатыны секілді комедиялық қойылым бірде күлкіге қарқ қылса, енді бірде терең ойғабатырып, көпшілікке тамаша көңіл – күй сыйлады. Қойылым басталмас бұрын Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейі «Ұлы даланың жеті қыры-ұрпақ мақтанышы» атты тақырыпта жылжымалы көрме ұйымдастырды. Қойылым біткен соң сахна төріне көтерілген басшылар өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп, театр тарланы, мәдениет майталманы Таласбаева Нағима Бейсекқызына және театр өнерпаздарына шығармашылық табыс тілеп Алғыс хаттарын табыстады. «Кеген» Халы...
Подробнее Просмотры: 381 Категория: Новости Дата: 03.05.2019

«Дух молодежи, стремящийся в голубую высь»

В рамках объявленного Елбасы 2019 года – годом Молодежи, 2-го мая текущего года, сотрудники историко-краеведческого музея Карасайского района организовали встречу «Дух молодежи, стремящийся в голубую высь» со студентами колледжей города Каскелен. В своем выступлении заведующий музеем Калиев Серик Макулбекович, подчеркнул важность выбора молодежью правильного пути, всестороннего использования своих лучших качеств на благо Родине. Свои теплые и мудрые наставления дала и председатель совета ветеранов города Каскелен Абдильдаева Несипбала Абеновна.
Подробнее Просмотры: 352 Категория: Новости Дата: 03.05.2019

"Құлагер" поэмасына әдеби шолу

2019 жылдың 29 сәуір күні Есік археологиялық өлкетану музейінде ақын, жазушы, қоғам қайраткері І.Жансүгіровтің туылғанына 125 жыл толуына орай музей қызметкерлерімен Қ.Сатпаев мектебінің қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Бердикулованың ұйымдастыруымен, "Құлагер" поэмасына әдеби шолу өтті. Шараға аудандық кітапхана қызметкерлері, бұқаралық құралдар өкілдері және мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында оқушылар өз білімдерін көрсетіп, ойларын ашық айтты.
Подробнее Просмотры: 331 Категория: Новости Дата: 01.05.2019

«Nur Otan»

Бүгін М.Тынышпаев ат. Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінде, елдордада өткен «Nur Otan» партиясының съезіндегі ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына партия атынан кандидатура ұсыну туралы шешімін қолдау мақсатында партия өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Музей қызметкерлері өз тарапынан ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына партия атынан кандидатура ұсыну туралы шешіміне өз қолдауларын білдіріп, ой-пікірлерімен бөлісті.
Подробнее Просмотры: 306 Категория: Новости Дата: 01.05.2019

«Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін»

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай облыстық музейде «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» атты Талдықорған қаласындағы түрлі ұлттар мен ұлыстардың мәдени орталықтарының өкілдері қатысқан шара ұйымдастырылды. Шара барысында музей экспозициясында қамтылған Елбасының халықтар достығын нығайтудағы салиқалы саясатының маңызы мен мәні айтылып, мерекелік ән-жырдан шашу шашылды.
Подробнее Просмотры: 401 Категория: Новости Дата: 01.05.2019

«Қазақ поэзиясының Құлагері»

Ағымдағы жылдың 30 сәуір күні І.Жансүгіров әдеби музейі және «Айналайын» балалар үйінің ұйымдастыруымен І.Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойына орай «Қазақ поэзиясының Құлагері» атты қайырымдылық шара өтті. Шараға Алматы облысының «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының» тәрбиеленушілері арнайы шақырылып, кеште ақынныңөлеңдері оқылып, әндер шырқалды.Сонымен қатар, «Құлагер» поэмасынан сахналық көрініс қойылып, кеш соңында қатысушыларға арнайы алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Подробнее Просмотры: 368 Категория: Новости Дата: 01.05.2019

"Бір шаңырақ астында"

2019 жылдың 30 сәуір күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлерінің ұйымдастырауымен 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай "Бір шаңырақ астында" атты музей сағаты өтті. Шараға Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінің мұғалімдері мен оқушыларының қатысты. Бейнероликтер көрсетіліп, Қазақстан Республикасында тұрып жатқан өзге этностық ұлт өкілдерінің Қазақ Еліне қоныс аудару себептері мен тарихы туралы мағлұмат берілді. Е.Жайсаңбаев мектебінің мұғалімі Арай Жолдасқызы оқушыларды береке мен бірлікке шақырып,Қазақстанның бірлігі мен ынтымағы жарасқан мемлекет екенін айтты.
Подробнее Просмотры: 470 Категория: Новости Дата: 01.05.2019

«Бірлігі жарасқан халықпыз»

Үстіміздегі жылдың 30 сәуірінде 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында Н. Алдабергеновтың мемориалды музей қызметкерлері «Бірлігі жарасқан халықпыз» атты мерекелік іс-шара өткізді. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Шараның мақсаты – халықтар арасындағы достықты нығайту, оқушыларды патриотизмге, елін -жерін сүюге және басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету. Аталмыш шараға Алдабергенов ауылдық округ мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен Байысов атындағы орта мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында оқушылар арасында «Тапқыр достар» ойыны ойнатылды. Сонымен қатар тақырыпқа сай бейнеролик көрсетіліп, өлеңдер оқылып, әуелеген ән шырқалды. Соңында қонақтарға музей бойынша арнайы экскурсия жүргізілді.
Подробнее Просмотры: 381 Категория: Новости Дата: 01.05.2019