Пресс-центр
«Ұлы даланың жеті қыры-ұрпаққа ұлағат» |
27 сәуір күні «Жетісу көктемі» атты дәстүрлі форум Жетісудың жауһарының бірі, тамылжыған табиғатымен ерекшелетін келісті Кеген ауданы, Саты ауылында ұйымдастырылды. Форумға келген қонақтарға аудандық тарихи-өлкетану музейі «Ұлы даланың жеті қыры-ұрпаққа ұлағат» атты тақырыпта жылжымалы көрме ұйымдастырды. Форумға Қазақстан Жазушылар одағының Алматы облыстық филиалының директоры Ерлан Жүніс, «Egemen Qazaqstan» газетінің Алматы облысындағы меншікті тілшісі Қалмахамбет Мұқаметқали, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Карбозұлы Башбаев, аудан әкімі Талғат Ескендірұлы Байедилов жәнеаудан тұрғындары, өңіріміздің аудан, қалаларынан келген жастар мен мемлекеттік тілді еркін меңгерген этнос өкілдері қатысты.Жас тілші-әдебиетшілерді бір арнаға тоғыстырып, әдеби орта қалыптастыруды мақсат тұтып отырған бұл форум жаңа бастамаларға серпін береді деген ойдамыз. |
Подробнее Просмотры: 410 Категория: Новости Дата: 29.04.2019 |
"Асқақ жырдың ақиығы" |
Ү.ж 25 сәуірінде І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ақсу аудандық "Молықбай" атындағы мәдениет үйінде "Асқақ жырдың ақиығы" атты тақырыпта жылжымалы көрме өтті. Көрме барысында көрермендер Ілияс Жансүгіров пен жары Фатима Ғабитованың өмірі мен шығармашылықтарынан сыр шертетін құнды жәдігерлермен танысты. |
Подробнее Просмотры: 419 Категория: Новости Дата: 29.04.2019 |
"Рухани жаңғыру - ұлы дала руханиятын таныту" |
2019 жылдың 26 сәуір күні Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінде, бүгінгі рухани жаңғыру кезеңіндегі ұлтымыздың асыл-мұратына айналған өресі биік өркениетіміздің құндылықтарын, ата-бабаларымыздың мирас еткен ұлы мұрасын таныту мақсатында "Рухани жаңғыру - ұлы дала руханиятын таныту" тақырыбында семинар өтті. Шараға тарихшылар, жас өлкетанушылар мен мектеп мұғалімдері қатысты. Қытай мен Еуропа елдерінің арасын байланыстырған Ұлы Жібек жолына алтын көпір болған өлкеміздегі Көктам, Ақтам, Бақанас, Бояулы, Ағашаяқ, Қарамерген сынды көне қалашықтарымыздың тарихын, ежелгі керуен жолдары салған сауда байланысы арқылы өркениетіміздің, діни және мәдени дәстүрлеріміздің дамуы мен сол кезеңдегі ғажайып жетістіктеріміз жайлы мағлұматтар беріліп, құм астындағы құндылықтарымыз, ашық аспан астындағы мұражайлар қасиетті орындар мен киелі жерлерге құрылған көрме ұйымдастырылды. |
Подробнее Просмотры: 370 Категория: Новости Дата: 26.04.2019 |
"Музей - танымдық тəрбие орталығы" |
26 сəуір күні Шелек тарихи -өлкетану музейінің қызметкерлері О. Жандосов атындағы орта мектеп оқушыларына "Музей - танымдық тəрбие орталығы" атты тақырыпта дәріс оқыды. Мақсаты: оқушыларға музей туралы түсінік беріп, жас ұрпаққа музейдің тəлім -тəрбие беретін ғылыми -мәдени және рухани мекеме екендігін насихаттау. |
Подробнее Просмотры: 419 Категория: Новости Дата: 26.04.2019 |
«Ертегілер елінде» |
26 сәуір күні Алматы облысы М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музей қызметкерлері «Аяулым» жекеменшік бөбекжай-балабақшасына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ертегілер елінде» атты арнайы жылжымалы көрме ұйымдастырды. Аталмыш көрмеде Жетісудың аң-құстары туралы мәліметтер ертегі желісінде айтылды. Шара сергіту сәтінен басталып, аң-құстардың ерекшеліктерін қимыл арқылы көрсетіп, олардың дыбысталуы туралы бүлдіршіндер қайталап отырды. Сондай- ақ бүлдіршіндерді қызықтыру мақсатында жұмбақ ойыны ойнатылды. Бұл шара бүлдіршіндерге әрі пайдалы, әрі қызықты болғандығы соншалық, балалар үшін өте жақсы демалыс пен тосын сый болды. |
Подробнее Просмотры: 344 Категория: Новости Дата: 26.04.2019 |
«Өлеңнің өрен жүйрігі» |
2019 жылдың 25 сәуір күні Алматы облысының мәдениет, архивтер, құжаттама басқармасы және М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің қолдауымен, Ілияс Жансүгіров әдеби музейінің ұйымдастыруымен Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойына арналған «Өлеңнің өрен жүйрігі» атты облыстық байқау өтті.Жыр Құлагері – Ілияс Жансүгіровтің шығармашылық әлемін таныту мақсатында өткізілген іс- шараға облысымыздың жалынды жастары қатысты. Алматы қаласынан ақынның немересі Ф.Жандосова және келіні Қ .Қаңтарбаева облыстық байқауға арнайы қатысып, ізгі тілектерін білдірсе, Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның әншілері әсерлі әндерімен көпшіліктің көңілінен шықты. Төрт кезеңнентұратын байқаудың бірінші «Жұртымның жүйрігінің дүлдүлімін» кезеңінде Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасын жатқа білу, «Соғайын сөзімнен бір сұлу сарай» кезеңінде бір немесе екі шумақ өлең шығару, «Жырдың жарық жұлдызында» ақынның өмі... |
Подробнее Просмотры: 405 Категория: Новости Дата: 26.04.2019 |
«Четырехсотлетняя история Казахстана» |
25-го апреля текущего года, в рамках проекта «Историко-культурное наследие», сотрудники историко-краеведческого музея Карасайского района провели позновательную экскурсию «Четырехсотлетняя история Казахстана» для студентов 2-го курса медицинского колледжа «Аяжан». Студентов познакомили с экспозицией залов, посвященных историческим событиям нашей страны охватывающих период джунгарского нашествия, рассказали о великих правителях и полководцах, а так же славном подвиге казахских батыров. |
Подробнее Просмотры: 321 Категория: Новости Дата: 25.04.2019 |
"Өлең сөздің даңғылы, Бар қазақтың Жамбылы" |
25 сәуір күні Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Жамбыл ауданы, Саурық батыр ауылындағы Саурық батыр орта мектебінде "Өлең сөздің даңғылы, Бар қазақтың Жамбылы" атты жылжымалы көрме өтті. Көрмеге Жамбыл Жабаевтың жеке заттары, картиналар мен кітаптар апарылды. Барлық оқушыларға экскурсия жүргізілді |
Подробнее Просмотры: 454 Категория: Новости Дата: 25.04.2019 |
"Еңбекшіқазақ ауданы Алтын адам ортасы" |
23 апреля 2019 года сотрудники Есикского археолого-краеведческого музея приняли участие в деловой встрече международного уровня с делегацией полиции города Абу-Даби Объединенных Арабских Эмиратов, которая прошла в войсковой части 5574 Илийского района Алматинской области. Гостям была показана выездная выставка " Еңбекшіқазақ ауданы Алтын адам ортасы ", в ходе которой они были ознакомлены с богатой историей нашего края. |
Подробнее Просмотры: 325 Категория: Новости Дата: 25.04.2019 |
Экскурсия |
2019 жылдың 25 ақпан күні Елбасымыздың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи- өлкетану музейіне Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Үміт» күндізгі болу орталығының қызмет алушы балаларына арнайы музей залдары бойынша тегін экскурсия жүргізілді. |
Подробнее Просмотры: 344 Категория: Новости Дата: 25.04.2019 |