«Ескерткіштер – тарих куәсі»

Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес, сол елдің өткені мен бүгінін саралауға мүмкіндік беретін құнды жәдігерлері болып табылады. 18 сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне Н. Алдабергеновтың мемориалды музей қызметкерлері «Ескерткіштер – тарих куәсі» атты әңгіме өткізді. Шараның мақсаты тарихи ескерткіштер туралы мағлұмат бере отырып, мәдени құндылықтарымызды қорғау баршамыздың парызымыз екенін түсіндіру. Аталмыш шараға ауылдық округ әкімшілігі, мекеме ұжымдары мен М. Байысов атындағы орта мектебінің оқушылары қатысты.
Подробнее Просмотры: 453 Категория: Новости Дата: 19.04.2019

"Тарихи ескерткіштер сыр шертеді"

18 сәуір Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне орай Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде "Тарихи ескерткіштер сыр шертеді" атты іс-шара өтті. Шараға Алматы қаласындағы радиотехника және байланыс колледжінің студенттері қатысты. Музей алдындағы Ж. Жабаев ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, ескерткіштерді қорғау күні тарихы айтылып, музейдің конференция залында ауданның қасиетті орындары мен ескерткіштері жайында шағын кино көрсетілді.
Подробнее Просмотры: 532 Категория: Новости Дата: 18.04.2019

«Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман тек сенен есте қалған...»

18-го апреля текущего года, к Международному дню охраны памятников и исторических мест, а также к 30-летию вывода войск из Афганистана, сотрудники историко-краеведческого музея Карасайского района, провели беседу «Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман тек сенен есте қалған...» для учеников средней школы имени Н. Алимкулова. Беседа прошла у памятника посвященного участникам войны в Афганистане, где учащиеся возложили цветы и чествовали погибших земляков минутой молчания.
Подробнее Просмотры: 315 Категория: Новости Дата: 18.04.2019

"Ескерткіштер-елдіктің белгісі"

2019 жылдың 18 сәуір күні Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері сағат 10.00 Аудандық Мәдениет үйінің жазғы алаңында, Бөлтірік шешен ескерткіші алдында "Ескерткіштер-елдіктің белгісі" атты рухани-танымдық шара өткізіп, өлкеміздегі тарихи ескерткіштерге құрылған көрме ұйымдастырды. Сағат 15:00 Бақанас Аграрлы Индустриялдық колледжінде "Мәдени- мұралар ұлт қазынасы" атты мәдени-мұра құндылықтарын насихаттау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.
Подробнее Просмотры: 441 Категория: Новости Дата: 18.04.2019

"Ескерткіштер-мәңгілік ел мұрасы"

2019 жылдың 17 сәуір күні Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері М.Сеңгірбаев атындағы орта мектебінде "Ескерткіштер-мәңгілік ел мұрасы""атты тарихи-мәдени мұраларын насихаттау мақсатында, танымдық шолу сағатын өткізді.
Подробнее Просмотры: 491 Категория: Новости Дата: 18.04.2019

«Ер жүректі азамат»

Ұлтымыздан шыққан тұңғыш кәсіби теміржолшы-инженер М.Тынышпаевтың 140 жылдығына орай, Сарқан ауданының тарихи музейінің қызметкерлері сәуір айының 18-і күні Петропавловка орта мектебінің оқушыларына тарихи тұлғаның өмірі мен қызметіне арналған көрме безендіріп, «Ер жүректі азамат» атты дәріс өткізді.
Подробнее Просмотры: 341 Категория: Новости Дата: 18.04.2019

«Ескерткіштер – ел тарихы»

18 сәуір күні Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне орай «Ескерткіштер – ел тарихы» атты іс-шара ұйымдастырды. Шараның мақсаты: ауданымыздағы тарихи-мәдени ескерткіштер туралы мағлұмат беру. Ел тарихымен біте қайнасып жатқан құнды ескерткіштерімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, оларды мәдени мұра ретінде сақтау баршамыздың борышымыз екендігін түсіндіру. Шара барысында Райымбек батыр, 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында тылда еңбек еткен ардагерлер мен еңбеккерлерге арналған және саяси қуғын-сүргін ескерткіштерінде болып, ескерткіштер тарихынан мағлұматтар берілді. Шараға ауылдық кітапхана және аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері сонымен қатар Кеген ауылының тұрғындары қатысты.
Подробнее Просмотры: 632 Категория: Новости Дата: 18.04.2019

"Ескерткіштер сыр шертеді"

Ү.ж. 18 сәуірі күні І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 18 сәуір - Ескерткіштерді қорғай күніне орай "Ескерткіштер сыр шертеді" атты іс-шара ұйымдастырылды. Шара Ұлы Отан соғысында қаза болған жерлес жауынгерлерге арналған ескерткіші жанында өтті. Аталмыш шара, ескерткіштер – ұлттық тарихымызбен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылатыны, сонымен қатар, ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес, сол елдің өткені мен бүгінін саралайтын, тарихи құндылық екенін жас ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында ұйымдастырылды.
Подробнее Просмотры: 397 Категория: Новости Дата: 18.04.2019

"Жетісудің Сарасы -бар қазақтың дарасы"

Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері Сара Тастанбекқызының дарынды ақын, саналы суреткер, майталман сөз шебері, әдебиет айдынында ерекше орын алған ақын екендігін сонымен қатар артына қалдырған мұрасын, оның шығармашылығын насихаттау жұмысын жалғастыруда. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Жетісудің Сарасы -бар қазақтың дарасы" атты жылжымалы көрме 2019 жылы 17 сәуір күні Ақсу ауданы Матай ауылындағы Матай орта мектебінде құрылды. Оқушыларға Сараның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін экспонаттары таныстырылды. Оқушылар мен мектеп әкімшілігі көрмеден мол мағлумат алғандарын айтып, өздерінің алғыстарын білдірді.
Подробнее Просмотры: 383 Категория: Новости Дата: 18.04.2019

«Ескерткіштер – тарих куәсі»

Ү.ж.18 сәуір күні «Рухани жаңғыру » бағдарламасы аясында Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне орай «Ескерткіштер – тарих куәсі» атты танымдық сағат өткізілді. Шараның мақсаты ауданымыздағы тарихи-мәдени ескертіштер туралы мағлұмат беру. Ел тарихымен біте қайнасып жатқан құнды ескерткіштерімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, оларды мәдени мұра ретінде сақтау баршамыздың борышымыз екендігін түсіндіру. Шара барысында жазушы Ә.Әлімжановтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.Шараға Қабанбай ауылдық әкімшілігінің қызметкерлері, ауылдық кітапхана қызметкерлері және №3Қабанбай орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары қатысты.
Подробнее Просмотры: 513 Категория: Новости Дата: 18.04.2019