Пресс-центр
"Көктем жаршысы-құстар" |
17 апреля в рамках программы «Туған жер» в районном конкурсе "Көктем жаршысы-құстар" приняли участие сотрудники Есикского археолого-краеведческого музея и организовали выставку. |
Подробнее Просмотры: 383 Категория: Новости Дата: 18.04.2019 |
«Аялайық құстарды» |
Қарасай ауданындағы «Анаға құрмет» музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 16 сәуір күні Қырғауылды орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Аялайық құстарды» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатында оқушыларға құстардың табиғатқа пайдасы жайлы әңгімеленіп, мектеп оқушыларының өз қолдарымен жасалынған құстардың ұясын музей ауласындағы ағаштарға орналастырылды. |
Подробнее Просмотры: 475 Категория: Новости Дата: 18.04.2019 |
«Мәңгілік елдің тарихи – мәдени мұрасы» |
Өткенімізден сыр шертер тарихи ескерткіштер – елдің, халықтың мәдени мұрасының өшпес құнды бөлігі. 2019 жылдың сәуір айының 17 күні тарих және мәдени ескерткіштер жиынтығын жас ұрпаққа насихаттап, мағлұмат беру мақсатында 18 сәуір Тарихи ескерткіштерді қорғау мерекесіне орай Сүйінбай Аронұлының әдеби - ескерткіш музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік елдің тарихи – мәдени мұрасы» атты іс – шара ұйымдастырылды. Бұл іс – шараға қатысқан Сүйінбай атындағы орта мектептің оқушылары мен мекеме қызметкерлері Сүйінбай ақынның ескерткішіне гүл шоғын қойды. |
Подробнее Просмотры: 535 Категория: Новости Дата: 18.04.2019 |
«Сөнбейтін жұлдыздың шуағы» |
2019 жылдың сәуір айының 16 күні Черкасск ауылында ұйымдастырылған «Ауылым-алтын бесігім» атты облыстық байқауға Сарқан ауданының тарихи музейіМ. Тынышпаевтың 140 жылдығына орай «Сөнбейтін жұлдыздың шуағы» атты көрме безендіріп, көпшілік қауымға таныстырды. Әрі қарай экскурсия Сарқан ауданының тарихи музейі мен Черкасск қорғанысының экспозициялық кешенін бойынша жалғасын тапты. |
Подробнее Просмотры: 372 Категория: Новости Дата: 17.04.2019 |
Обсуждение направления и и цели карты поддержки многодетных и малообеспеченных семей Алматинской области |
Сегодня коллективом Алматинского областного историко-краеведческого музея им. Тынышпаева были обсуждены направления и и цели карты поддержки многодетных и малообеспеченных семей Алматинской области. Была разъяснена информация об отдельных социально-защищаемых слоях населения области за 2018 год, и обсуждены планы по оказанию помощи на 2019 год. |
Подробнее Просмотры: 309 Категория: Новости Дата: 17.04.2019 |
"Өлкеміздің тарихы" |
Елбасымыздың "Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар" бағдарламасы аясында Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінде 2019жылдың 15 сәуір күні "Өлкеміздің тарихы" атты тақырыбында, өлке тарихының даму, өркендеу, өрлеу кезеңдерімен ел дамуына үлес қосқан тұғырлы тұлғалардың еңбек жолына құрылған тарихи-танымдық шара өткізілді. |
Подробнее Просмотры: 339 Категория: Новости Дата: 16.04.2019 |
"Асыл мұра" |
2019 жылдың сәуір айының 15-ші жұлдызында Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері Ғ.Орманов атындағы орта мектебінің 11-ші сынып оқушыларына "Біржан Сара" операның жазылғанына 75 жыл толуына орай "Асыл мұра" атты лекция оқыды. Оқушыларға "Біржан Сара" операсын жазған атақты композитор М.Төлебаевтың өмірі мен шығармашылығы таныстырылды. Сонымен қатар "Біржан Сара" операсына тоқтала отырып, ол адамзат мәдениетінің қазынасында алыстан көз тартып, дараланып тұратын асыл мұра болып қала беретіні түсіндірілді. |
Подробнее Просмотры: 445 Категория: Новости Дата: 16.04.2019 |
«Сен өз өлкеңді білесің бе?» |
2019 жылдың сәуір айының 12-ші жұлдызында, Сарқан ауданының тарихи музейінде Черкасск орта мектебінің 7 сынып оқушыларына «Сен өз өлкеңді білесің бе?» атты тақырыптық экскурсия өткізілді. Музей қызметкерлері оқушыларға жер жаннаты Жетісу өңіріне кіретін, Сарқан ауданының тарихы және Сарқан ауданынан шыққан белгілі тұлғалармен таныстырды. |
Подробнее Просмотры: 497 Категория: Новости Дата: 15.04.2019 |
«Ұлы даланың жеті қыры – ұлтты ұйыстыратын ұлы құндылық» |
2019 жылдың 15 сәуір күні Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына орай «Ұлы даланың жеті қыры – ұлтты ұйыстыратын ұлы құндылық» атты тақырыпта жиын өткізілді. Жиынның басты мақсаты: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талдап, өзіндік ерекшеліктері мен еліміздің мәдени және рухани дамуы үшін жеті тарихи жайтқа сүйенген ірі жоба жөнінде өз пікірлерімізді білдіріп, жан-жақты талқылап, мақала төңірегінде пікір алысып, ой бөлісу. Тарихи сананы жаңғырту, ұлттық болмысымызды сақтау, жас буынды ұлттық тәрбиемен сусындату, ұлт мақтаныштарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыруға жол ашу. Жиынға Аудандық ішкі саясат бөлімі, Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері, С.Серкебаев, Ө.Жаңабаев, №3 Кеген орта мектеп мұғалімдері мен оқушылары, «Жетісу» телеарнасының тілшілері қатысты. |
Подробнее Просмотры: 451 Категория: Новости Дата: 15.04.2019 |
"Ғарыш əлеміне саяхат" |
12 -сәуір Ғарышкерлер күніне орай, Шелек тарихи - өлкетану музейі Сөгеті филиалында "Ғарыш əлеміне саяхат" тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Шарада О.Жандосов атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушыларына слайд арқылы тәуелсіз еліміздің ғарышкерлері жайлы мағлұмат берілді. Мақсаты : оқушыларға ғарышкерлеріміздің батылдық ісін үлгі етуге, мақтан тұтуға, баулу арқылы, отансүйгіштікке, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Оқушыларға слайд арқылы ғарыш əлеміне ұшқан қазақ ғарышкерлері туралы мәлімет берілді. Шара соңында оқушыларға кітапхана қызметкері ғарышкер ағаларымыздың жасаған ерліктерін насихаттап, болашақта осы ағаларымыз сияқты еліміздің өсіп өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрулеріне өз тілегін білдірді. |
Подробнее Просмотры: 499 Категория: Новости Дата: 15.04.2019 |