"Көрісу"

19 марта 2019 года в Есикском археолого-краеведческом музее было организовано праздничное мероприятие, посвященное празднику Наурыз. Совместно с работниками дома культуры с. Тургень и с. Каракемер поставлено театрализованное представление "Көрісу". Воспитанникам детского сада были подарены изделия ручной работы в национальном стиле. Для гостей праздника был накрыт богатый дастархан, где все желающие могли отведать казахские национальные блюда, такие как наурыз коже, бауырсаки, жент, курт и другие. На праздник была сооружена казахская юрта.
Подробнее Просмотры: 319 Категория: Новости Дата: 20.03.2019

«Наурыз - бірліктің, татулықтың мерекесі!»

19 наурыз күні І.Жансүгіровтің әдеби музейіне Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің оқушыларыарнайы шақырылып, «Наурыз - бірліктің, татулықтың мерекесі!» атты әдеби-сазды кеш өтті. Мақсаты наурыз мейрамы туралы түсінік беру, ұлттық дәстүрлермен таныстыру, халқымыздың салтын, әдет-ғұрпын құрметтеуге баулу, өнегелі, өнерлі азамат болуға тәрбиелеу.Шара барысында оқушыларға наурыз мейрамы жөнінде қызықты сұрақтар қойылып, қазақтың ұлттық ойындары ойнатылып, әндер айтылды.«Наурыз-думан» атты қазақтың ұлттық бұйымдары мен кітап көрмесі қойылып, бейнефильмдер көрсетілді.
Подробнее Просмотры: 393 Категория: Новости Дата: 20.03.2019

«Даңқты батыр – Өтеген»

2019 жылдың 19-наурызы күні, Батыр бабалар мемориалды музейінің қызметкерлері, XVIII ғғ. Қазақ-Жоңғар қақтысы барысындағы жауынгер батырлардың бірі – Өтеғұлұлы Өтеген батырдың туғанына 320 жыл толуына орай, Қарасай ауданы, О.Жандосов атындағы орта мектебінің оқушыларына «Даңқты батыр – Өтеген» атты тақырыпта дәріс оқыды.Дәріс барысында, Өтеген батырдың өмірі мен ерлігі жайында түсіндіріліп, батырлардың қару-жарағы мен қорғаныс құралдарынан тұратын артефактілерден көшпелі көрме ұйымдастырылды. Ал, мектеп оқушылары Ж. Жабаев шығармаларындағы «Өтеген батыр» дастанынан үзінділер оқыды.
Подробнее Просмотры: 604 Категория: Новости Дата: 20.03.2019

«Мұқан аға қалдырған мұра»

2019 жылдың 15 наурызында Мұқан Төлебаевтың мемориалды музейінің қызметкерлері композитор М.Төлебаевтың 106 жылдығына орай Лепсі ауылының №54 орта мектебінің оқушыларына «Мұқан аға қалдырған мұра» атты лекция оқыды. Лекцияда КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ кеңес опера өнерінің негізін салушылардың бірі Мұқан Төлебаевтың ұлттық өнерге сіңірген орасан зор еңбегі мен келер ұрпаққа үлгі болар өнер жолы туралы айтылды.
Подробнее Просмотры: 353 Категория: Новости Дата: 15.03.2019

"Қазақтың келіндері-ай"

Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында, 2019 жылдың 14 наурыз күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкері Қалқаман Абдрахманұлы мен Қапал ауылының өнерпаз азаматы Болат Досжановтың ұйымдастыруымен "Қазақтың келіндері-ай" атты келіндер сайысы өтті. Аталған іс-шара Қапал ауылдық мәдениет үйінде, рухани-мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, өскелең ұрпаққа көнемізді жаңғырту мақсатында өткізілді. Отыз жасқа дейінгі аймақтан жиналған жас келіндер қатысып, бес кезеңнен тұратын: таныстыру, қолөнер, ас мәзірін дайындау, сұрақ-жауап, өнер додасы сайыстарында сынға түсіп, өз өнерлерін көрсетті. Келіндер сайысын ауыл тұрғындары, қонақтар, мектеп мұғалімдері мен оқушылары тамашалады. Қызықты, әрі тартысты өткен бұл шараның қатысушысы, Ғ.Орманов мектебінің мұғалімі Жақия Жайнаргүл бас жүлде иегері атанды. Жеңімпаздарға сыйлықтар беріліп, дипломдармен марапатталды.
Подробнее Просмотры: 534 Категория: Новости Дата: 15.03.2019

«Ауылым - алтын бесігім»

Наурыз айының 14 ші жұлдызында, Сарқан ауданының тарихи музейінде, Черкасск орта мектебінің 7 сынып оқушыларына, музей залдары бойынша «Ауылым - алтын бесігім» атты тақырыптық экскурсия жүргізілді. Оқушыларға Сарқан ауданының тарихы, көне Қойлық қаласы, Сарқан ауданынан шыққан белгілі тұлғалар туралы айтылды.
Подробнее Просмотры: 416 Категория: Новости Дата: 15.03.2019

"Шақырады көктем"

15 марта 2019 года в Есикском археолого-краеведческом музее состоялся круглый стол "Шақырады көктем" ко дню рождения поэта, уроженца Енбекшиказахского района Т.Молдагалиева. В ходе круглого стола учащиеся 10 «А» класса средней школы имени Р.Токатаева прочитали стихи, рассказывали истории о жизни поэта. На выставке были представлены личные вещи Т.Молдагалиева.
Подробнее Просмотры: 346 Категория: Новости Дата: 15.03.2019

«Көрісу мерекесі»

14 наурыз-Көрісу мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе-реніш ұмытылып, кешіріледі.Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған əрбір отбасы əр түрлі дəмге толған дастарханын жайып қояды. Көрісуге келгендер бір-біріне "Бір жасқа есейуіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!" деген ақ тілектерін білдіреді. Əр отбасы көршілерімен көріседі. Көрісу мерекесіне орай І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері мен Ақсу ауылдық клубы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Көрісу мерекесі» атты іс-шара өтті.Шара жас ұрпаққа Амал мерекесі, көрісу туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт-дəстүрін көрсету жəне оны құрметтей білуге тəрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
Подробнее Просмотры: 425 Категория: Новости Дата: 14.03.2019

«Қарасай батыр және оның ерлігі»

2019 жылдың 13-наурызы күні Батыр бабалар мемориалды музейінің қызметкерлері, Қарасай ауданының 90 жылдығына орай, Райымбек ауылындағы Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебінің оқушыларына «Қарасай батыр және оның ерлігі» атты тақырыпта баяндама жасады. Баяндама барысында, 1643 жылы Жетісу жерінде орын алған Қазақ-жоңғар қақтығысының бірі – «Орбұлақ шайқасы» жайында видеоролик көрсетіліп, Қарасай батыр мен Салқам Жәңгірдің ерлігі және әскери-соғыс өнері жайында кеңінен түсінідірілді.
Подробнее Просмотры: 444 Категория: Новости Дата: 14.03.2019

Экскурсия по залам музея

14 марта 2019 года Алматинский областной историко-краеведческий музей им.М.Тынышпаева вместе с преподавателями ЖГУ им. И.Жансугурова посетил кандидат исторических наук, старший научный сотрудник кафедры истории стран Ближнего и Среднего Востока Московскогогосударственного университетаимениМ. В.Ломоносова Смирнов Валерий Евгеньевич. В наш город уважаемый гость приехал с целью аккредитации Жетысуского государственного университета им.И.Жансугурова, специальности «История» в качестве международного эксперта. Для гостей была проведена экскурсия по залам музея, в ходе которой Валерий Евгеньевич узнал много полезной информации об истории и этнографии Алматинской области.
Подробнее Просмотры: 335 Категория: Новости Дата: 14.03.2019