«Қазақ музыкасының сайыпқыраны»

2019 жылдың 13 наурызында М.Төлебаевтың мемориалды музейінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында облыстық қазақтың біртуар композиторы, КСРО-ның Халық әртісі Мұқан Төлебаевтың туғанына 106 жыл толуына орай «Қазақ музыкасының сайыпқыраны» атты әдеби-сазды кеші өтті.Аталмыш шараға Лепсі ауылдық мәдениет үйі қызметкерлері, мектеп оқушылары, әжелер ансамблі мүшелері қатысты.Қатысушылар дарынды композиторға арналған арнау өлеңдерін айтып, әндерін шырқады. Ушинский атындағы орта мектеп оқушылары композитор өмірінен «Сыбызғылыкөл» атты көрініс қойды. Сонымен қатар шара барысында композитор М.Төлебаев жайлы деректі фильм көрсетілді.Шара соңында Лепсі ауылы әкімі Серікбаева Гүлнәр Мұратқызы қорытынды сөз сөйлеп, қатысушыларға алғыс хаттар табыстады.
Подробнее Просмотры: 424 Категория: Новости Дата: 14.03.2019

"Жақсы жігіт пен жақсы ат елдікі"

2019 жылдың 14-наурыз күні Елбасымыздың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласын іске асыру мақсатында Шелек тарихи-өлкетану музейінде Т.Кенжебаев атындағы 8-сынып оқушыларымен "Жақсы жігіт пен жақсы ат елдікі" атты іс-шара өткізілді. Балаларға музей залдары бойынша қызықты экскурсия жүргізіліп, сұрақтарға жауап берілді. Шара оқушылар үшін қызықты да мағыналы өтті.
Подробнее Просмотры: 412 Категория: Новости Дата: 14.03.2019

«Қос өнер – қос қанатым»

12-го марта текущего года, в историко-краеведческом музее Карасайского района состоялось открытие выставки работ А. Искакова «Қос өнер – қос қанатым», приуроченной к 130-летию народного поэта-импровизатора, последователя сказителей эпических песен Суюнбая и Жамбыла – Умбетали Карибаева, а так же к 60-летию его потомка, руководителя одноименного музея, художника и поэта, получивший звание лучшего краеведа района– Ауелбека Искакова. Открытие выставки началось с чтения отрывков из произведений Умбетали Карибаева и продолжилось чтением стихотворений Ауелбека Искакова. Затем выступили артисты районного Дома культуры, исполнившие душевные песни. Среди гостей были заместитель акима Карасайского района Дуйсенова Гульжан, начальник районного отдела Культуры Жуматаев Ермек, внучка прославленного акына Умбетали Алия Умбеталиева, а так же интеллигенция нашего города.После гостям была представлена выставка. Выставка продлится с 12-го по 15-е марта 2019 года.
Подробнее Просмотры: 333 Категория: Новости Дата: 12.03.2019

Открытие выставки из личной коллекции коллекционера, жителя г. Талдыкорган Марата Касенова.

12 марта 2019 года в Есикском археолого-краеведческом музее состоялось открытие выставки из личной коллекции коллекционера, жителя г. Талдыкорган Марата Касенова.
Подробнее Просмотры: 413 Категория: Новости Дата: 12.03.2019

"Ұлт жанашыры"

Ү.ж. 12 наурызында І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде қазақтан шыққан тұңғыш заңгер, бүкіл өмірін халық игілігіне,ұлт тәуелсіздігіне жұмсаған, жарқын болашақ үшін аянбай тер төккен, отаршылдыққа қарсы бас көтерген қоғам қайраткері Барлыбек Сыртановтың өмірі мен еңбек жолына арналған "Ұлт жанашыры" атты тақырыптық экскурсия өтті.
Подробнее Просмотры: 386 Категория: Новости Дата: 12.03.2019

«Туған елінің тұнық әуені»

11 наурыз күні М.Төлебаевтың мемориалды музейінде қазақ опера мұрасының алтын қорын байытып, әлемдік опера деңгейімен теңестірген алғашқы ұлттық композиторларымыздың бірі, КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқан Төлебаевтыңтуғанына 106 жыл толуына орай М.Төлебаевтың мемориалды музей қызметкерлері «Туған елінің тұнық әуені» атты тақырыпта көрме ұйымдастырды. Көрмеге композитордың жазған шығармалары және фотосуреттері қойылып, аса көрнекті композитор, қазақ музыкасының классигі М.Төлебаевтың өмірі мен шығармашылығы насихатталды. Келген жұртшылық музей қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, көңілді тарасты.
Подробнее Просмотры: 317 Категория: Новости Дата: 12.03.2019

"Ат - әбзелдері"

Ү.ж. 11 наурызында І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Ат - әбзелдері" атты тақырыпта көме ұйымдастырылды. Қазақ даласы күллі адамзаттың өміріне елеулі әсер еткен оқиғаларға куә. Ата-бабаларымыз жылқыға қатысты ашылған барлық жаңалықтың бастауында тұр. Демек, атқа міну мәдиениеті - Ұлы даладан тараған, деп айтуға толық негіз бар. Сондықтан, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында ұйымдастырылған бұл көрме жас ұрпаққа жылқы малы, оның шығу тарихы және оның ат-әбзелдері туралы жан-жақты мағлұмат беру мақсатында өтті.
Подробнее Просмотры: 515 Категория: Новости Дата: 11.03.2019

"Арулар асыл жандар"

2019 жылдың 6 наурыз күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері мен Ғ.Орманов атындағы орта мектебінің 1 сынып жетекшісінің ұйымдастыруымен8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай "Арулар асыл жандар" атты танымдық сағаты өтті. Іс-шараға оқушылар мен ата-аналар қатысты. Мереке сайыс ретінде өтті. Топқа бөлінген оқушылар ата-аналарымен бірге өзара сайысқа түсті.Төрт кезеңнен тұратын сайыста қатысушылар өздерін таныстырып, сұраққа жауап беріп, қолдан дайындаған ас мәзірімен таныстырып, өнер додасына түсті. Көрермен ата-аналар да өнерден құр алақан емес екенін көрсетіп, би билеп, ән салды. Оқушылар өз аналарына дайындаған сыйлықтарын ұсынып, лебіз-тілектерін білдірді. Шара соңында байқауға қатысып, жеңімпаз атанғандарға сыйлық берілді.
Подробнее Просмотры: 543 Категория: Новости Дата: 07.03.2019

"Ана – жүрек, ана - тірек"

Көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 –наурыз мерекесі де келіп жетті. Осы мейрамға орай 2019 жылдың 6 наурыз күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Ана – жүрек, ана - тірек» атты мерекелік шара өткізді. Мақсаты: Анаға дегенбала махаббатын ояту. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу. Шара барысында оқушылар аналарына ән салып, би билеп, мерекелік көңіл күй сыйлады. Арасында ата-аналарға бала тәрбиесіне байланысты сұрақтар қойылды.
Подробнее Просмотры: 366 Категория: Новости Дата: 07.03.2019

«Ана – өмірдің шуағы»

2019 жылдың 6 наурыз күні Халықаралық аналар мерекесіне орай Алдабергенов мемориалды музейінде «Ана – өмірдің шуағы» атты мерекелік іс – шара өткізілді. Шараға көп балалы батыр аналар мен ауыл тұрғындары арнайы шақырылды. Шара барысында аяулы аналарға арналған өлең жолдары оқылып, әсем ән орындалды. Сонымен қатар «Ақ жаулықты батыр аналар» атты ауылдың ардақты аналарының төсалқалары мен қолынан шыққан бұйымдары сынды жәдігерлерден тұратын көрме безендірілді. Салтанатты шараның соңында келген қонақтарға музей қызметкерлері сыйлықтар табыс етіп, естелікке суретке түсті.
Подробнее Просмотры: 409 Категория: Новости Дата: 07.03.2019