Пресс-центр
"Аналар асыл жандар!" |
Ү. ж. 6 наурызында І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде 8 наурыз аналар мерекесіне орай "Аналар асыл жандар!" атты тақырыпта мерекелік танымдық кеш өтті. Шара:Жасұрпаққа Ана -өмірдің шуағы,ана-өмір гүлі, анаға тек ұлылық тəн екенін ұғындыру. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тəрбиелеу жəне мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында ұйымдастырылды. Шара барысында қызықты ойындар ұйымдастырылып, оқушылар ана туралы өлеңдер оқып, əндер шырқады. Қонақ болып келген əрбір ана өткен шарадан қуаныш, көңілді күлкі, көптеген жағымды эмоциялар алғандарын айтып ризашылықтарын білдірді. Мерекелеріңізбен құрметті əжелер, мейірімді аналар, ару қыздар! |
Подробнее Просмотры: 446 Категория: Новости Дата: 06.03.2019 |
«Ораз Қиқымұлы Жандосовтың өмірі және қоғамдық-саяси қызметі» |
2019 жылдың 4-наурызында, Батыр бабалар мемориалды музейі қызметкерлері, Қарасай ауданының 90 жылдығына орай, өскелең ұрпаққа ауданнан шыққан тарихи тұлғаларын таныстыру және өмір жолын насихаттау мақсатында,ХХ ғасыр басындағы мемлекет және қоғам қайраткері Ораз Қиқымұлы Жандосовтың туғанына 120 жыл толуына байланысты, Жандосов орта мектебінің оқушыларына «Ораз Қиқымұлы Жандосовтың өмірі және қоғамдық-саяси қызметі» атты тақырыпта ғылыми танымдық дәріс өткізді. Дәріс барысында, арнайы дайындалған слайд-шоулардың көмегімен О.Жандосовтың әр жылдары түскен фотосуреттері көрсетіліп, өмірі мен мемлекеттік қызметтері жайында түсіндірілді. |
Подробнее Просмотры: 482 Категория: Новости Дата: 06.03.2019 |
"Ақынға тағзым" |
2019 жылдың 1 наурыз-Алғысайту күніне орай І.Жансүгіровтің əдеби музейі мен Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облыстық филиалы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жыр Құлагері Ілияс ақынның 125 жылдық мерейтойы қарсаңында "Ақынға тағзым" атты поэзиялық кеш өтті. І.Жансүгіровтің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталған шара ақынның музейінде жалғасып тапты. Құран оқылып, Ілияс рухына арнап дұға бағышталды. Аталған кешке халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, ақын Зайда Елғондинова бастаған бір топ әдебиет айдынында қалам тербеген облысымыздың ақын-жазушылары, әншілері және мектеп оқушылары қатысты. Арнайы келген қонақтарға Б.Римова атындағы Алматы облыстық драма театрының актерлары Ілияс Жансүгіровтің балалық шағын бейнелейтін «Ілияс» спектаклінен қойылым қойды. Ақын шығармашылығынан өлеңдер оқылып, ізбасарлары арнауларын арнады. Соңынан, музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді. |
Подробнее Просмотры: 505 Категория: Новости Дата: 05.03.2019 |
«Ұлы дала мұрасы» |
Қарасай ауданы, Райымбек ауылдық округінде орналасқан «Анаға құрмет» музейінде 1 наурыз Алғыс айту күніне орай Қарасай еліне ерекше ықылас білдіріп, этно-дизайнер, Президенттің алтын сапа сыйлығының иегері, «Құрмет» орденінің кавалері ел ордамыз Астанадан келіп отырған - Ырза Тұрсынзада ханым «Ұлы дала мұрасы» көрмесі мен шеберлік сабақтарын бастады. Шеберлік сабақтары 1-5 наурыз аралығында Қарасай ауданының әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыға арнап, тегін 70 қыз-келіншектерге шеберлік сабақтарын өткізетін болады. Бүгінгі шараға музейдің негізін қалаушы ғалым, Абылайхан атындағы әлем тілдер университетінің профессоры Бақыт Жатқамбайқызы және барша Жатқамбаевтар әулеті қатысты. Іс – шарада елімізге танымал өнерпаздар және ақындар жырдан шашу шашты. Олардың қатарында: Белгілі қаражорға биін қазақ еліне таныстырушы Тосын Арыстанұлы, күйші Таухидин Заман, әнші Жадыра Арыстанбекова, айтыскер ақын Ербол Жауынбаев және Қырғауылды атындағы қаз... |
Подробнее Просмотры: 463 Категория: Новости Дата: 03.03.2019 |
"Алтын адам -ғасыр тарихы" |
Үстіміздегі жылдың 2 наурыз күні Елбасымыздың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи өлкетану музейінің қызметкерлері Талдықорған қаласындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп интернат колледжінде тарих, құқық жəне өзін-өзі тану бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанатына арнайы "Алтын адам -ғасыр тарихы" атты жылжымалы көрмесін ұйымдастырды. Аталмыш көрмеге 7,8,10 сынып оқушылары мен жетекшілері қатысты. Көрменің өсіп келе жатқан жас ұрпақ үшін берері мол болды. Білімгерлер Алтын адамның аңызы мен ақиқаты жайында қызықты мәліметтер алып, өз өлкесінің тарихи құндылықтарына деген қызығушылықтары артты. Сондай ақ, шара барысында "Мен қазақпын" атты патриоттық əн айтылып, құнды жəдігер туралы өлең жолдары оқылып, "Адай"күйі шертілді. Шара соңында "Біздің мақтанышымыз" тақырыбында викториналық сұрақ жауап ойыны ұйымдастырылып, қанатты сөздер құрастырылды. |
Подробнее Просмотры: 575 Категория: Новости Дата: 03.03.2019 |
«Өлеңге тағзым» |
Елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні 1 наурыз - Алғыс айту күні.Қазақ халқының дархандығы мен даналығын көрсететін осы айтулы мерекеге орай бүгін Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінде ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Зайда Елғондинованың «Өлеңге тағзым» атты поэзиялық кеші өткізілді. Кешке арнайы шақырылған қонақтар: ақындар мен жазушылар қатысты. Шара барысында қасиетті өлең-жырды ардақтап, оны өмірлік серігіне айналдырған ақынның шығармалары тыңдалып, кеш қонақтарына алғыс хаттар табыс етілді. |
Подробнее Просмотры: 370 Категория: Новости Дата: 03.03.2019 |
«Алғыс айта білеміз бе?» |
2019 жылдың 1 наурыз күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері О.Молдағожин атындағы орта мектебінің 2 сынып оқушыларына «Алғыс айту» күніне орай «Алғыс айта білеміз бе?» атты сабағын өткізді. Шара барысында 1 наурыз - Алғыс айту күні еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен жарияланғанын жәнеалғыс кімге, не үшін айтылатыны түсіндірілді. Адам бойындағы рухани құндылықтар жайлы мағлұмат берілді. Сабақ соңында оқушылар «Алғыс күні» туралы өз ойларымен бөлісті. |
Подробнее Просмотры: 396 Категория: Новости Дата: 01.03.2019 |
"Алғыс айту -парызым!" |
2019 жылдың 1 наурызында Алғыс айту күніне орай, "Алғыс айту -парызым!" тақырыбында Шелек тарихи -өлкетану музейінің Сөгеті филиалында О. Жандосов мектебінің оқушыларына танымдық сабақ өткізілді. Мақсаты: оқушылардың сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Ризашылық пен алғыс туралы түсініктерін, ауылды көркейткен ата -əжелердің еңбектері, олардың өмірлерінен сыр шерту. Үлкенге - құрмет, кішіге -ізет көрсетуге тәрбиелеу. Алғыс айту түсініктерін кеңейту. |
Подробнее Просмотры: 413 Категория: Новости Дата: 01.03.2019 |
«Мой любимый город Талдыкорган» |
1 марта 2019 года сотрудники Алматинского областного историко-краеведческого музея имени М.Тынышпаева совместно со студентами колледжа сервиса и технологий г. Талдыкорган организовали мероприятие «Мой любимый город Талдыкорган». В ходе мероприятия учащимся была проведена познавательная экскурсия и подробно рассказано об истории города. |
Подробнее Просмотры: 423 Категория: Новости Дата: 01.03.2019 |
"Ашық есік" күні |
Наурыз айының 1-ші жұлдызында Алғыс айту күніне орай Сарқан ауданының тарихи музейінде "Ашық есік"күні акциясы ұйымдастырылды. Шараға Сарқан ауданынан ауған соғысының ардагерлері мен Черкасск орта мектебінің мұғалімдері келіп, өлке тарихымен және Сарқан ауданынан шыққан ұлы тұлғаларымен, Ұлы Отан соғыс ардагерлерімен танысты. Соңында қонақтар музей қызметкерлеріне алғыс айтып, ұсыныс кітабына жылы лебіздерін білдірді.. |
Подробнее Просмотры: 420 Категория: Новости Дата: 01.03.2019 |