"Невада-Семей"

Үстіміздегі жылдың 28 ақпан күні І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Невада-Семей" қозғалысына 30 жыл толуына орай мектеп оқушыларына арнайы дәріс оқылды. Мақсаты: жасұрпаққа адамзат өміріне қауіп төндірген Семей полигоны жайлы, оның зардаптары және Семей ядролық сынақ полигонындағы қатерлі қару зардабынан жазықсыз жапа шеккендер жайында, полигон сұмдығы жайында баяндалды. Ядролық қарудан бас тартқан еліміздің халықаралық аренадағы рөлі туралы мағлұматтар берілді.
Подробнее Просмотры: 368 Категория: Новости Дата: 28.02.2019

«Жалынды жастар ел болашағы»

Глава государства объявил 2019 год "Годом молодежи". В связи с этим 26 февраля 2019 года в Есикском археолого-краеведческом музее был организован круглый стол «Жалынды жастар ел болашағы». В ходе круглого стола студенты Есикского гуманитарно-экономического колледжа обсудили статью Главы государства "Семь граней Великой степи" и поделились своими взглядами на будущее.
Подробнее Просмотры: 266 Категория: Новости Дата: 28.02.2019

«Алтын адам – ғасыр тарихы»

Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи – өлкетану музейінің қызметкерлері Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 мектеп – лицейінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік символы –Алтын адам» атты шараға арнайы «Алтын адам – ғасыр тарихы» тақырыбында жылжымалы көрме өткізді. "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласына арқау болған, көне заманның теңдесі жоқ жәдігері "Алтын адам" жайлы тақырыптық экскурсия ұйымдастырылып, аталмыш шараға6 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар баға жетпес мұраның тарихымен танысып, көпшілік біле бермейтін аңызы мен ақиқатын тыңдап, өздеріне қажетті мәліметтер алды. Сондай ақ, шарада ән айтылып, күй шертіліп, Алтын адам жайында жазылған М.Мақатаевтың өлең жолдары оқылды. Шараны қорытындылау мақсатында викториналық сұрақтар қойылып, Алтын адам туралы қанатты сөз құрастыру ойынымен өз мәресіне жетті.
Подробнее Просмотры: 671 Категория: Новости Дата: 27.02.2019

«Киелі әулие»

2019 жылдың 27 ақпан күні М.Төлебаевтың мемориалды музейінде Ушинский атындағы орта мектеп оқушыларымен ел іргесін жау жасағының тұяғы таптағанда қайсар хандарымыз, қол бастаған батырларымыз туларын бір тұғырға қатар тігіп, кіндік қаны тамған атамекенін қорғағанда Абылай ханның жанындағы ақылшы үш әулиесінің бірі болған – Көтен тәуіп Қоңырбайұлы бабамыз туралы «Киелі әулие» атты тақырыпта танымдық шара өткізілді. Шараның мақсаты оқушылар арасында туған өлкесінің біртуар данагөйі туралы айтылып, насихаттау. Шара барысында оқушыларға Көтен тәуіп Қоңырбайұлы бабамыз туралы қызықты деректер айтылып, слайд арқылы мол ақпарат берілді.
Подробнее Просмотры: 435 Категория: Новости Дата: 27.02.2019

«Жамбыл сөзі - халық сөзі мәңгілік»

2019 жылдың 26 ақпанында «ХХ ғасырдың Гомері», жыр дүлділі, ғасыр ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 173 жылдығына арнап Сүйінбай Аронұлының әдеби – мемориалды музейінің қызметкерлері « Жамбыл сөзі - халық сөзі мәңгілік» атты әдеби – музыкалық кеш өткізді. Кеште музей жанынан құрылған «Ақиық» үйірмесінің оқушылары мен Сүйінбай атындағы орта мектептің оқушылары ата аруағына арнап жыр – шумақтарын, әндерін, көрініс, билерін тарту етті. Шараның соңында музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді.
Подробнее Просмотры: 363 Категория: Новости Дата: 26.02.2019

«Ілияс өмірінің соңы»

Бүгін 26 ақпан күні ақын, жазушы, драматург,Қазақстан Жазушылар одағының тұңғыш төрағасы, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің қайтыс болған күніне орай «Ілияс өмірінің соңы»атты дәстүрлі еске алу кеші Талдықорған қаласындағы ақынның әдеби музейінде өтті.Сұм саясаттың құрбаны болып, жазықсыз жазаланған жазушы ЖансүгіровІлиястың шығармашылығы мен өнегелі өмірін кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға ақын атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ілиястанушы профессорлары, Алматы облысының Дін істері басқармасы және М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері, Талдықорған қалалық «Нұр» мешітінің имамы,қалалық ардагерлер ұйымының мүшелері, қаламыздағы № 2, 15 орта мектептерінің оқытушылары мен оқушылары қатысты. Шара басталмас бұрын ақын рухына арнап құран оқылып, дұға бағышталды.Жетісу мемлекеттікуниверситетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, «Ілиястану» ғылыми-практика...
Подробнее Просмотры: 390 Категория: Новости Дата: 26.02.2019

«Алтын адам – ғасыр тарихы»

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи - өлкетану музей қызметкерлері Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Алтын адам – ғасыр тарихы» атты жылжымалы көрмесі ұйымдастырылды. Экскурсия барысында Алтын адамның алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін, сонымен бірге, Ұлы даланың ежелгі металлургиясы мен аңдық стильдің қарыштап дамуы - Алтын адам сұлбасынан анық байқалатыны жайлы көптеген мағлұматтар берілді.Өз өлкесінің тарихын танып білуге сондай ақ, колледжде инклюзивті оқыту жүйесі арқылы білім алып отырған № 201 ортопед, массажист, стоматология тобының студенттеріне арнайы сурдо аудармашылары арқылы тегін экскурсия жүргізілді. Экскурсияны студенттер өте қызығып, әрі зейінмен тыңдап, бүгінгі саяхат үшін ризашылығын білдірді.
Подробнее Просмотры: 409 Категория: Новости Дата: 26.02.2019

"Тыңда, дала, Жамбылды!"

Ақпан айының 25 күні Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде Жамбыл Жабаевтың 173 жылдық мерейтойына орай "Тыңда, дала, Жамбылды!" атты әдеби-сазды кеш өтті. Іс-шараға Жамбыл атындағы өнер мектебі оқушылар қатысты. Жас суретшілер Жамбылдың образын сомдаса, өнерпаздар жыр айтып, күй шертті. Шара соңында Жамбыл Жабаевтың әдеби-ескерткіш музейінің меңгерушісі Жамбылова Салтанат оқушыларға тың деректер айтып, алғысын білдірді.
Подробнее Просмотры: 491 Категория: Новости Дата: 26.02.2019

«Ұлы даланың ежелгі қолөнері»

2019 жылдың 22 ақпан күні Ақсу ауданы Қапал ауылдық округінде «Ұлы даланың мәңгілік мәдениеті» тақырыбында көркемөнерпаздар байқауы өтті. Байқау негізінде Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері Қапал ауылдық мәдениет үйінде Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына байланысты «Ұлы даланың ежелгі қолөнері» атты көрме құрды. Көрменің мақсаты: қазақтың ұлттық колөнері туралы мәлімет беру, әр түріне қысқаша тоқталу. Жас жеткіншектерді өз ұлтының дәстүрлерін, бабадан қалған колөнерін құрметтеуге, дәріптеу білуге тәрбиелеу. Ақсу ауданынан арнайы келген комиссия өкілдері мәдениет қызметкерлерінің жасаған жұмыстарын бағалап, соның ішінде музей қызметкерлерінің құрған көрмелеріне үлкен баға беріп, мақтап кетті. Көрмені ауылдың жас өспірімдері мен ауыл тұрғындары тамашалады.
Подробнее Просмотры: 460 Категория: Новости Дата: 25.02.2019

«Ауылдағы ағайын»

Ү. ж. 21 ақпан күні «Жетісу» телеарнасының «Ауылдағы ағайын» хабарының түсірілім тобы Алдабергенов ауылына келіп қайтты. Ауылдық округ мекемелерін аралаумен қатар Н. Алдабергеновтың мемориалды музейін тамашалады. Сонымен қатар музей қызметкерлері мен музейдің алғашқы директоры Шайбала Тергеуовамен арнайы сұхбат жүргізілді.
Подробнее Просмотры: 457 Категория: Новости Дата: 22.02.2019