Пресс-центр
"Тыңда, дала, Жамбылды!" |
Ақпан айының 25 күні Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде Жамбыл Жабаевтың 173 жылдық мерейтойына орай "Тыңда, дала, Жамбылды!" атты әдеби-сазды кеш өтті. Іс-шараға Жамбыл атындағы өнер мектебі оқушылар қатысты. Жас суретшілер Жамбылдың образын сомдаса, өнерпаздар жыр айтып, күй шертті. Шара соңында Жамбыл Жабаевтың әдеби-ескерткіш музейінің меңгерушісі Жамбылова Салтанат оқушыларға тың деректер айтып, алғысын білдірді. |
Подробнее Просмотры: 535 Категория: Новости Дата: 26.02.2019 |
«Ұлы даланың ежелгі қолөнері» |
2019 жылдың 22 ақпан күні Ақсу ауданы Қапал ауылдық округінде «Ұлы даланың мәңгілік мәдениеті» тақырыбында көркемөнерпаздар байқауы өтті. Байқау негізінде Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері Қапал ауылдық мәдениет үйінде Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына байланысты «Ұлы даланың ежелгі қолөнері» атты көрме құрды. Көрменің мақсаты: қазақтың ұлттық колөнері туралы мәлімет беру, әр түріне қысқаша тоқталу. Жас жеткіншектерді өз ұлтының дәстүрлерін, бабадан қалған колөнерін құрметтеуге, дәріптеу білуге тәрбиелеу. Ақсу ауданынан арнайы келген комиссия өкілдері мәдениет қызметкерлерінің жасаған жұмыстарын бағалап, соның ішінде музей қызметкерлерінің құрған көрмелеріне үлкен баға беріп, мақтап кетті. Көрмені ауылдың жас өспірімдері мен ауыл тұрғындары тамашалады. |
Подробнее Просмотры: 485 Категория: Новости Дата: 25.02.2019 |
«Ауылдағы ағайын» |
Ү. ж. 21 ақпан күні «Жетісу» телеарнасының «Ауылдағы ағайын» хабарының түсірілім тобы Алдабергенов ауылына келіп қайтты. Ауылдық округ мекемелерін аралаумен қатар Н. Алдабергеновтың мемориалды музейін тамашалады. Сонымен қатар музей қызметкерлері мен музейдің алғашқы директоры Шайбала Тергеуовамен арнайы сұхбат жүргізілді. |
Подробнее Просмотры: 481 Категория: Новости Дата: 22.02.2019 |
"Ерліктің өшпес алауы" |
21 ақпан күні Балқаш аудандық тарихи - өлкетану музейің қызметкерлері Б.Бейсекбаев атындағы орта мектептің 8 сынып оқушыларына, жерлесіміз, Кеңес Одағының батыры М.Сеңгірбаевтың өшпес ерлігін насихаттау мақсатында "Ерліктің өшпес алауы" атты экскурсия жүргізді. |
Подробнее Просмотры: 415 Категория: Новости Дата: 22.02.2019 |
«Жарқ етіп жанған жалын» |
К 120-летию видного партийного и государственного деятеля О.К. Жандосова, 20-го февраля текущего года, сотрудники историко-краеведческого музея Карасайкого района совместно со школой им. О. Жандосова провели семинар-конференцию «Сверкнул как яркое пламя». На мероприятии выступили видные деятели района, почтенные аксакалы, а так же родные и близкие Ораза Кикимовича, заведующий музеем Калиев С.М выступил с докладом «Патриот Родины и своего народа». В ходе конференции в память о борце за светлое будущее своего народа была объявлена минута молчания. |
Подробнее Просмотры: 341 Категория: Новости Дата: 22.02.2019 |
«Тұғыры биік нар тұлға» |
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында 2019 жылдың 20 ақпан күні Н. Алдабергенов мемориалды музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Тұғыры биік нар тұлға» атты жылжымалы көрмесі Көксу ауданы Балпық би ауылы Н. Алдабергенов атындағы орта мектебінде безендірілді. «ХХ ғасырдың корифейі» атанған Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Н. Алдабергеновтың ұлағатты өмірі мен ерлікке толы еңбек жолы бүгінгі ұрпақты тамсандырмай қоймасы анық. Н. Алдабергеновтың өзі тұтынған жеке заттары, фотосуреттері мен төлқұжаттары сынды құнды жәдігерлерден тұратын көрмені Еңбек ерінің есімі берілген мектептің ұжымы мен оқушылары жоғары қызығушылықпен тамашалап, музей қызметкерлеріне өз ризашылықтарын білдірді. |
Подробнее Просмотры: 428 Категория: Новости Дата: 21.02.2019 |
«Ауғанда от кешкен батырлар» |
2019 жылдың 20-ақпаны күні, Батыр бабалар меориалды кешенінің қызметкерлері, Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай, «Ауғанда от кешкен батырлар» атты мәдени іс-шара ұйымдастырды. Шараға, Қарасай ауданы, Қырғауылы ауылындағы, Ушинский орта мектебінің оқушылары мен ұстаздары, Ауған соғысы ардагерлерінің «Аманат» қоғамдық ұйымының төрағасы Мулинов Бақытжан бастаған Райымбек ауылдық округінде тұратын ардагерлер – Толыбай Бекарыс, Смаков Мақат, Жұмағұлов Дінәсіл, Рабатов Жетесбек сондай-ақ, Қазақстан Жазушылар, Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, қоғам қайраткері, Аршагүл Серікқызы Тойбай арнайы келіп қатысты. Шара барысында, ардагерлер – Ауған соғысы барысындағы бастан кешкен қилы кезеңдерінен өз естеліктерін айтса, мектеп оқушылары ән айтып, би билеп өнер көрсетті. Шара соңында, «Аманат» ұйымының төрағасы Бақытжан Мулинов музей қызметкері Орынбасар Әлімге осындай игі іс-шараларды ұйымдастырып жүргенін ескеріп,... |
Подробнее Просмотры: 415 Категория: Новости Дата: 20.02.2019 |
«Аңыздар туған арайлы аймақ» |
2019 жылдың 20 ақпан күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінде«Аңыздар туған арайлы аймақ»атты сабақ өткізілді. Сабақ барысында Алакөл көлі, Тоқта тауы жәнеЕбі мен Сайқан желдері туралы аңыздар айтылып, қызықты мәліметтер берілді. |
Подробнее Просмотры: 432 Категория: Новости Дата: 20.02.2019 |
"Қазақ зиялыларының тағдыры" |
2019 жылдың 19 ақпан күні Ақын Сараның мемориалды музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ілияс Жансүгіровтің туғанына 125 жыл толуына арналған "Қазақ зиялыларының тағдыры" атты дөңгелек үстел өтті. Іс шараның негізгі мақсаты, келген қонақтар мен оқушыларға құжаттар негізінде, әдебиет деректер мен мұрағат материалдарын кеңінен пайдалану арқылы қазақ зиялыларының өмір жолы мен шығармашылығын кеңінен дәріптеу. Іс-шараның құрметті қонақтары: І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетінің профессоры, "Ілиястанушы" Иманғазинов Мұратбек Мұбыракханұлы, І.Жансүгіров атындағы әдеби-мемориалды музейінің меңгерушісі Жауынбаева Нургүл Қызырбекқызы, М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің аға-ғылыми қызметкері Құрбан Бауыржан І.Жансүгіровтың өмір жолына байланысты баяндамаларын оқып, тілектерін білдірді. Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінің тарих пән мұғалімі Гульжанар Төлеуханқызы «Сәкен кешкен тар жол, тайғақ кешу» атты баяндама... |
Подробнее Просмотры: 561 Категория: Новости Дата: 20.02.2019 |
«Ауған - сөнген шоқ, өшкен арман» |
2019 жылдың 15 ақпанында Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейінде музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 30 жыл толуына орай «Ауған - сөнген шоқ, өшкен арман» атты тарихи-танымдық жиын өткізілді.Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып,жастарды Отансүйгіштікке,ерлікке баулу,Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету.Аталмыш жиынға Ауған соғысы ардагерлері арнайы шақырылды. Сонымен қатар аудандық ішкі саясат бөлімі,мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі,қорғаныс істер бөлімі,кітапхана ұжымы,ұстаздар және оқушылар қатысты.Аудандық кітапхана ұжымы «Ауған - сөнген шоқ, өшкен арман» атты көрме ұйымдастырды. Жиын барысында Ауған соғысында қаза болған боздақтар бір минут үнсіздікпен еске алынды. Сонымен қатар мекеме ұжым басшылары құттықтау лебіздерін білдірді. Мәдениет үйі қызметкерлерінің және мектеп оқушыларының оры... |
Подробнее Просмотры: 426 Категория: Новости Дата: 19.02.2019 |