«Ақсудың ақиығы»

2019 жылдың 15 ақпан күні Ілияс Жансүгіровтің әдеби музейінде қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын иесі Ілияс Жансүгіровтің шығармаларын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында ақын атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Құқықтану» мамандығының білімгерлеріне «Ақсудың ақиығы» атты тақырыптық экскурсия жүргізілді.
Подробнее Просмотры: 341 Категория: Новости Дата: 16.02.2019

"Алаш арысы"

Ү.ж. 15 ақпан күні Сарқан ауданының тарихи музейінің қызметкерлері, Қойлық ауылындағы М. Жұмабаев атындағы орта мектебінің 5-6 сынып оқушыларына "Алаш арысы" тақырыбы бойынша Ақжол Мейірмановтың өмірбаяны мен оның халқына көрсеткен қамқорлығы және мейірімділігі туралы әңгіме өткізді.
Подробнее Просмотры: 459 Категория: Новости Дата: 15.02.2019

«Дар музею»

В рамках статьи Н.А.Назарбаева «Семь граней Великой степи» 15 февраля 2019 года Алматинский областной историко-краеведческий музей имени М.Тынышпаева организовал акцию «Дар музею». В акции участвовали знакомые, друзья, почитатели таланта композитора Асета Бейсеуова, которые передали в фонды музея документальный фильм, ноты, фотографии, личные вещи композитора для изучения его творчества. Переданные вещи были показаны на выставке, слайдах, которую посетили студенты музыкального колледжа имени К.Байсеитова. Гости делились воспоминаниями, исполнялись песни композитора, в знак благодарности сотрудниками музея были приподнесены памятные подарки.
Подробнее Просмотры: 342 Категория: Новости Дата: 15.02.2019

"Ауған соғысы жаңғырығы"

2019 жылдың 15 ақпан күні Ауған соғысының аяқталғанына 30 жыл толуына орай , Шелек тарихи-өлкетану музейі Сөгеті филиалында "Ауған соғысы жаңғырығы" тақырыбында О.Жандосов мектебінің 5 сынып оқушыларымен іс-шара ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: оқушыларға Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу және Тəуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып , жастарды Отансүйгіштікке ерлікке баулу,Ауған соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету.
Подробнее Просмотры: 429 Категория: Новости Дата: 15.02.2019

«Мұражайдағы мәдени-көпшілік жұмыс нысандары»

Ү.ж. 14 ақпан күні Ақын Сараның мемориалды музейінде «Мұражайдағы мәдени-көпшілік жұмыс нысандары» атты музей сағаты өтті. «Жас экскурсия жүргізуші» атты үйірмеге қатысушылар музейлердегі ғылыми зерттеу, білім беру, ағартушылық жұмыстарының мағынасы мен негіздерімен танысты. Үйірме сағатында тренинг өткізіліп, бейнеролик арқылы Жаркент мешіті музейі таныстырылды.
Подробнее Просмотры: 320 Категория: Новости Дата: 15.02.2019

"Б.Тоғысбаев және Балқаш өңірі"

Үстіміздегі жылдың 14 ақпан күні Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінде белгілі жазушы-драматург Бек Тоғысбаевтың өмірі мен шығармашылықтағы еңбек жолын насихаттау мақсатында "Б.Тоғысбаев және Балқаш өңірі" тақырыбында әдеби-сазды кеш өткізілді.
Подробнее Просмотры: 515 Категория: Новости Дата: 15.02.2019

«Ауғанның асуында от кешкендер»

Үстіміздегі жылдың 14 -ші ақпанында Қабанбай батыр тарихи - өлкетану музейіндеКеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жылтолуына орай«Ауғанның асуында от кешкендер»аттытақырыптық экскурсия жүргізілді. Экскурсия барысындаАуғансоғысыныңтарихына шолу жасалып,осы соғысқа қатысқан ардагерлерімізтуралы мәлімет берілді. Экскурсияға О. Молдағожин атындағыорта мектебінің7- сынып оқушыларықатысты.
Подробнее Просмотры: 352 Категория: Новости Дата: 15.02.2019

"Алашорда үкіметі мен Алаш партиясы"

2019 жылдың 14 ақпанында Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері Ғ.Орманов втындағы орта мектебінің 9-шы сынып оқушыларына "Алашорда үкіметі мен Алаш партиясы" атты лекция өткізді. Алаш арыстарының басты мақсаты "Тәуелсіздік" идеясы екендігін оқушыларға түсіндіріліп, олардың болашақ үшін жан аямай күрескерліктері мен жазған еңбектері жайында мағлұмат берілді. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақ Елінің болашағы үшін Алаш арыстарының атқарған үлкен істері баяндалды. Және олардың өмір жолдары мен шығармашылықтарына шолу жасалды.
Подробнее Просмотры: 522 Категория: Новости Дата: 14.02.2019

«Ауғаныстан - жүректегі жара»

2019 жылдың 14 ақпанында Н. Алдабергенов мемориалды музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 30 жыл толуына орай Байысов атындағы орта мектебінде «Ауғаныстан - жүректегі жара» атты іс – шара өткізілді. Аталмыш шараға Алдабергенов ауылдық округ тұрғындары мен Ауған соғысы ардагерлері арнайы шақырылды. Шара барысында Ауған соғысында қаза болған боздақтар бір минут үнсіздікпен еске алынды. Сонымен қатар мекеме ұжым басшылары құттықтау лебіздерін білдіріп, ардагерлерге сыйлықтар табысталды. Мәдениет үйі қызметкерлерінің және мектеп оқушыларының орындауында Ауған соғысы кезіндегі әндер шырқалып, концерттік бағдарлама ұсынылды.
Подробнее Просмотры: 442 Категория: Новости Дата: 14.02.2019

«Мәңгі өлмейтін жыр-ғұмыр»

2019 жылдың 14 ақпанында Мұқан Төлебаевтың мемориалды музейінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 88 жыл толуына орай музей қызметкерлері мектеп оқушыларына «Мәңгі өлмейтін жыр-ғұмыр» атты тақырыпта дәріс өткізді. Дәріс барысында қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған Мұқағали Мақатаевтың өмірі және шығармашылығы туралы айтылды.
Подробнее Просмотры: 418 Категория: Новости Дата: 14.02.2019