Пресс-центр
«Ардагерлер арамызда» |
Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай ү.ж. 13 ақпанында Ш.Уәлихановтың «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейінде «Ардагерлер арамызда» атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді. Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің 6 кадет сынып оқушыларымен ұйымдастырылған бұл шараның мақсаты – Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, құрмет көрсету. |
Подробнее Просмотры: 440 Категория: Новости Дата: 14.02.2019 |
«Жорғадан қалған тұяқ ем» |
Үстіміздегі жылдың 13 ақпан күні Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде Жыр алыбы Жамбылдың шәкірті «жырдың қара жорғасы» атанған Үмбетәлі Кәрібаевтың 130 жылдық мерейтойына орай, ақынның немересі, Үмбетәлі Кәрібаевтың әдеби-мемориалды музейінің меңгерушісі, ақын Әуелбек Ысқақовтың 60 жылдық мерейтойына орай «Жорғадан қалған тұяқ ем» атты кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Үмбетәлі музейінің меңгерушісі Әуелбек Ысқақов арнайы шақырылды. Сүйінбай музейі мен Жамбыл музейі ұйымдастырған бұл іс-шараға Жамбыл орта мектебінің, Сүйінбай орта мектебінің оқушылары атсалысты. Ақынның жырлары оқылып, ән шырқалды. Күй тартылып көрініс көрсетілді. Көрініс «Бастықтың бір күні» деген атпен көрсетілді. Оған Сүйінбай мен Жамбыл музейі қызметкерлері қатысып, көрермендер ықыласына бөленді |
Подробнее Просмотры: 410 Категория: Новости Дата: 13.02.2019 |
"Ауғанның отты жалыны" |
Үстіміздегі жылдың 13 ақпаны күні І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Ауғанның отты жалыны" атты Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 толуына орай тарихи кездесу кеш өтті. ШарағІ Ауған соғысы ардагерлері мен мектеп оқушылары қатысты.Жиын барысында ардагерлер ерліктері туралы баяндап, жастарды өз Отанын сүюге, жаудан қорғауға, өз елінің патриоты болуға шақырды.Сонымен қатар соғыс кезінде көрген қиыншылықтары мен бастан кешірген оқиғаларымен бөлісіп, сұрақ-жауап алысып , оқушылармен әсерлі әңгіме жүргізді. Кеш соңында Ақсу ауылдық мәдениет қызметкерлері концерттік бағдарламаларымен шараның көңілді өтуіне атсалысты. |
Подробнее Просмотры: 407 Категория: Новости Дата: 13.02.2019 |
«Мұқағали – мәңгі ғұмыр» |
Үстіміздегі жылдың 11 ақпан күні Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде қазақтың маңдайына біткен ақын, жүрегімен жыр тербеген Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Мұқағали – мәңгі ғұмыр» атты көрме ұйымдастырылды. Мектеп оқушыларына көрме бойынша экскурсия жүргізіліп, ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты мәліметтер берілді. |
Подробнее Просмотры: 470 Категория: Новости Дата: 13.02.2019 |
"Алтын адам - ғасыр тарихы" |
2019 жылдың 12 ақпан күні Елбасымыздың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи- өлкетану музейінің қызметкерлері Ескелді ауданы, Алдабергенов ауылы, Байысов атындағы орта мектебінде "Алтын адам - ғасыр тарихы" атты жылжымалы көрмесін ұйымдастырды. Аталмыш көрмеге "Жастар" жəне "Жаңалық" негізгі орта мектептерінің де оқушылары қатысты. Оқушылар баға жетпес мұраның тарихымен танысып, көпшілік біле бермейтін аңызы мен ақиқатын тыңдап, өздеріне қажетті мәліметтер алды. |
Подробнее Просмотры: 550 Категория: Новости Дата: 13.02.2019 |
«Президент және кластасстар: жалынды жастық шаққа саяхат» |
11-го февраля текущего года сотрудники историко-краеведческого музея Карасайского района провели открытие передвижной выставки «Президент и одноклассники: путешествие в пылкую юность» в музее «Батыр бабалар». На выставке представлены предметы и вещи одноклассников Главы государства Н.А. Назарбаева, преподнесенные в дар музею.Началось мероприятие со вступительного слова заведующего историко-краеведческим музеем Карасайского района Калиева С.М., затем показан видеоролик «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» и официального открытия выставки. Все желающие могут посетить выставку, которая продлиться до 18-го февраля. |
Подробнее Просмотры: 404 Категория: Новости Дата: 11.02.2019 |
«Ақпандатқан ақындар |
8-го февраля текущего года, при поддержке акимата Карасайского района, ко дню рождения видного поэта Мукагали Макатаева и поэта-импровизатора Есенкула Жакипбекова, в районном Доме культуры прошел литературно-музыкальный вечер «Ақпандатқан ақындар». На вечере Калиев С., познакомил с биографией и творчеством великих поэтов современности.В ходе вечера было исполнено множество ярких песен, а стихи, выразительно прочитанные юными дарованиями о патриотизме и любви к Родине, привели в восторг всех присутствующих. |
Подробнее Просмотры: 314 Категория: Новости Дата: 11.02.2019 |
Экскурсия |
2019 жылдың 11 ақпан күні Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейіне арнайы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің 2021 әскери бөлімінің Қарқара шекара бекетінің қызметкерлері келді. Қонақтарға музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді. Өлке тарихынан сыр шертетін музей экспозициясы көңілдерінен шығып, ерекше әсер қалдырды. Келген қонақтар экскурсия аяқталғаннан кейін музей қызметкерлеріне өз жылы лебіздерін білдірді. |
Подробнее Просмотры: 343 Категория: Новости Дата: 11.02.2019 |
«Ауған асуында от кешкендер» |
Үстіміздегі жылдың 11 ақпан күні Алматы облыстық М. Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Ауған асуында от кешкендер» атты тақырыпта патриоттық шара ұйымдастырылды. 15 ақпан - Ауған соғысының аяқталған күніне орай ұйымдастырылған бұл шараға Ауған соғысының қалалық ардагерлер ұйымының мүшелері мен олардың туыстары және Талдықорған қаласындағы әскери-техникалық мектептің әскерге шақырылушылары қатысты. Шараға соңында қатысушыларға арнайы безендірілген «Ерлік жолымен» атты көрме таныстырылып, "Афганистан: соңғы жауынгер" атты деректі фильм көрсетілді. |
Подробнее Просмотры: 471 Категория: Новости Дата: 11.02.2019 |
"Батырлар есімі мәңгілік" |
Үстіміздегі жылдың 8 ақпан күні І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Батырлар есімі мәңгілік" атты тақырыпта Ақсу өңірінен шыққан хас батырлар жайлы фотосурет көрмесі ұйымдастырылды.Көрмеде XV ғасырда Қасым хан әскеріндегі қолбасшылардың бірі болған Қаптағай батыр, есімі ұранға айналған Бөрібай, Дөсет батырлар, сонымен қатар, Кенесары ханның ұлт азаттық көтерілісіне үн қосқан Тәнеке туралы материалдар қамтылды. ІІ Дүниежүзілік соғысқа қатысқан Кеңес Одағының батырлары Н.Есеболатов пен Е.Сихымов,Ұлы Отан соғысының ардагері, Берлинге дейін жеткен қазақ қызы Халида Есенқұлқызы Маманованың және бейбіт заманның батырларының бірі – Халық Қаһарманы Азамат Жұмаділовтің де ерліктері тақырыптан тыс қалған жоқ. |
Подробнее Просмотры: 582 Категория: Новости Дата: 11.02.2019 |