Батыр бабалар мемориалды кешені

2019 жылдың 31-қаңтары күні, Батыр бабалар мемориалды кешеніне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бектұрғанов Әбдіманап Елікбайұлы келіп, музейдің көрме-экспозициялық залымен танысып қайтты. Қарасай ауданына арнайы іс-сапармен келген Әбдіманап Елікбайұлы музейде, Қаскелең қаласындағы мәдениет колледжінің студеттерімен кездесіп, Елбасының 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялап, жастарға білім, мәдениет және т. б. салалар бойынша қолдау көрсетілетіндігін айтып өтті. Сондай-ақ, музейдің құрметті қонағы, еліміздің болашағы - жастарға мамандық таңдау барысына үлкен мән беру керек екендігін айтып, студенттермен пікір алмасты.
Подробнее Просмотры: 422 Категория: Новости Дата: 01.02.2019

«Тарихи сананы жаңғырту»

2019 жылдың 1 ақпан күні І.Жансүгіровтің әдеби музейі мен №1 Талдықорған қалалық емханасының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Тарихи сананы жаңғырту» атты облыстық шара өтті. Мақсаты: Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын терең түсініп, дұрыс тарихи сананың қалыптасуын дәріптеу. Шара барысында алғашқы құттықтау сөз І.Жансүгіровтің әдеби музейінің меңгерушісі Н.Қ.Жауынбаеваға беріліп, №1 Талдықорған қалалық емханасының гериатр дәрігері С.Қабықбаев Елбасының батыл бастамалары жөнінде баяндама жасады. Шара патриоттық ән-күйлермен жалғасын тауып, «Авиценна» медициналық колледжінің белсенді білімгерлері «2019 жыл – Жастар жылын» қолдауға бағытталған флешмоб ұйымдастырды. Шара соңында І.Жансүгіров әдеби музейінің залдары бойынша экскурсия жүргізілді.
Подробнее Просмотры: 381 Категория: Новости Дата: 01.02.2019

"Алтын адам"

Үстіміздегі жылдың 31 қаңтарында І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласына арқау болған, көне заманның теңдесі жоқ жәдігері "Алтын адам" жайлы тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында Алтын адамның алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін, сонымен бірге, Ұлы даланың ежелгі металлургиясы мен аңдық стильдің қарыштап дамуы Алтын адам сұлбасынан анық байқалатыны жайлы көптеген мағлұматтар берілді. Экскурсияны оқушылар өте қызығып әрі зейінмен тыңдады.
Подробнее Просмотры: 377 Категория: Новости Дата: 01.02.2019

Музей залдары бойынша экскурсия

2019 жылдың 31 қаңтар күні М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейіне Астана қаласынан жұмыс сапарымен келген ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің қызметкерлері келді. Қонақтарға музей залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейі көрсетілген 3D туры таныстырылды. Өлке тарихынан сыр шертетін музей экспозициясы көңілдерінен шығып, ерекше әсер қалдырды. Келген қонақтар экскурсия аяқталғаннан кейін музей қызметкерлеріне өз жылы лебіздерін білдірді.
Подробнее Просмотры: 448 Категория: Новости Дата: 31.01.2019

«Движение объединившее мир»

30-го января текущего года к 30-летию антиядерного движения «Невада – Семипалатинск», сотрудники историко-краеведческого музея Карасайского района провели лекцию «Движение объединившее мир». В ходе лекции была рассказана история возникновения одного из крупнейших ядерных полигонов мира – Семипалатинском испытательном ядерном полигоне. Были раскрыты негативные стороны ядерных испытаний, приведшие к экологическим последствиям.
Подробнее Просмотры: 309 Категория: Новости Дата: 30.01.2019

"Қазақ әдебиетінің құлагері"

Үстіміздегі жылдың 30 қаңтар күні Ақын Сараның мемориалды музейінің төртінші залында Ілияс Жансүгіровтың туғанына 125 жыл толуына арналған "Қазақ әдебиетінің құлагері" атты тақырыптық экскурсия жүргізілді. Музейге келген мәдениет қызметкерлеріне экскурсия жүргізуші Қалқаман Абдрахманұлы Ілияс Жансүгіровтың халық арасына танылуы, сіңірген еңбектері туралы айтып, фотосуреттері арқылы отбасы мен еңбек жолымен таныстырып өтті. Көрермендер өз сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптарын алды.
Подробнее Просмотры: 409 Категория: Новости Дата: 30.01.2019

«Өткеннің өнегесі – бүгіннің баға жетпес байлығы»

Елбасы Н.Назарбаев 2019 жылды жастар жылы деп жариялады. Осыған орай 2019 жылдың 30 қантар күні«Өткеннің өнегесі – бүгіннің баға жетпес байлығы» атауымен М.Төлебаевтың мемориалды музейінде қазақ елінің және өңіріміздің тарихын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында "Музейлік квест" зияткерлік байқауы өтті. Бұл жарысқа №54 орта мектептің оқушылары қатысты. Олар 10 қатысушыдан 2 топқа бөлінді. Бірінші кезеңнің шарты бойынша жасырылған 12 сұрақтың жауабын музей экспозициясынан ең бірінші болып тауып алулары тиіс. Екінші кезеңнің шарты бойынша құпиясөздермен жасырылған М.Төлебаевтың жары Дариғаға жазған хатын дәл мәтінін табу болды. Қатысушылар үлкен қызығушылықпен ат салысып әдемі ойын көрсетті.
Подробнее Просмотры: 418 Категория: Новости Дата: 30.01.2019

«Экскурсия және оның мәні»

2019 жылдың 28 қантар күні Ақын Сараның мемориалды музейінде «Экскурсия және оның мәні» атты музей сағаты өтті. «Жас экскурсия жүргізуші» атты үйірмеге қатысушылар «экскурсия» сөзінің мағынасы мен экскурсия өткізу принциптерімен танысты. Үйірме сағатында тренинг өткізіліп, бейнеролик арқылы Ықылас атындағы қазақ музыкалық аспаптар музейі таныстырылды.
Подробнее Просмотры: 401 Категория: Новости Дата: 29.01.2019

"Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар"

Үстіміздегі жылдың 25 қаңтар күні Есік археологиялық-өлкетану музейінде Есік экономикалық гуманитарлық колледжінің студенттерінің қатысуымен Ұлы Отан соғысының ардагері, жерлесіміз Р.Тоқатаевтың туылған күніне орай "Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар" атты іс шара ұйымдастырылды. Шара барысында қатысушыларға Р.Тоқатаевтың өмірлік жолы мен ерлігі туралы тың мәліметтер берілді.
Подробнее Просмотры: 534 Категория: Новости Дата: 29.01.2019

"Сараның сара жолы"

2019 жылдың 29 қаңтар күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушыларына Сара Тастанбекқызының өмірі мен шығармашылығына арналған "Сараның сара жолы" атты лекция өткізілді. Жетісудың бұлбұлы атанған Ақын Сараның өмір жолы туралы мәлімет беріліп, Сараны көзімен көрген көнекөз қариялардан жазылып алынған әңгімелері, қызықты оқиғалары баяндалды. Сараның шығармаларына шолу жасалып, "Жүрек" атты өлеңіне талдау жасалды.
Подробнее Просмотры: 414 Категория: Новости Дата: 29.01.2019