"Бір сағат ұялы телефонсыз"

2019 жылдың 24 қантар күні "Руxани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Анаға құрмет" музейінде " Бір сағат ұялы телефонсыз" атты акция басталды. Бұл шараға Қарасай ауданының Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп оқушылары және Шамалған орта мектебінің оқушылары қатысты.
Подробнее Просмотры: 371 Категория: Новости Дата: 24.01.2019

"Музей - өшпес мұра таусылмас қазына"

22 января 2019 года в Есикском археолого - краеведческом музее было организовано мероприятие "Музей - өшпес мұра таусылмас қазына", в ходе которого состоялись проводы на пенсию сотрудников музея Дыбыскуль Ахметбаевны и Веры Анатольевны. В мероприятии участвовали сотрудники акимата г.Есик, руководство районной библиотеки, дома культуры с Каракемер и ансамбль бабушек "Алтын адам".
Подробнее Просмотры: 367 Категория: Новости Дата: 24.01.2019

«Тарих тұңғиығында»

2019 жылдың 23 қантар күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласының іске асыру мақсатында Шелек тарихи-өлкетану музейінде Абай атындағы мектеп - интернат оқушылармен «Тарих тұңғиығында» атты іс-шара өткізілді.Балаларға музей залдары бойынша қызықты экскурсия жүргізіліп, сұрақтарға жауап берілді. Шара оқушылар үшін қызықты да мағыналы өтті.
Подробнее Просмотры: 378 Категория: Новости Дата: 23.01.2019

"Тоқболат батырдың өмірі мен ерліктері"

Үстіміздегі жылдың 23 қаңтарында Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетанумузейінің қызметкерлері№3 Қабанбай орта мектебінде"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Кие тұнған - Алакөл" тақырыбында "Тоқболат батырдың өмірі мен ерліктері" туралы танымды сабақ өткізді. СабақбарысындаXVII ғасырда Сыр бойында дүниеге келгенорта жүздіңҚонырат руынан шыққан Тоқболатбатырдыңерліктерітуралы мәлімет берілді.Тоқболат батырСыр бойынан Жалантөс Баһадүрмен бірігіп қол жинап келіп,Жетісу жерінжоңғар шапқыншылығынан азат еткен батырлардың бірі. Батыр кесенесі Алакөл ауданының Екпінді ауылында тұрғызылған.
Подробнее Просмотры: 556 Категория: Новости Дата: 23.01.2019

«Өнер әлеміндегі жарық жұлдыз»

Қазақ опера мұрасының алтын қорын байытып, әлемдік опера деңгейімен теңестірген алғашқы ұлттық композиторларымыздың бірі, КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқан Төлебаевтыңтуғанына 106 жыл толуына орай 23 қантар күні М.Төлебаевтың мемориалды музейінің қызметкерлері Лепсі ауылдық мәдениет үйінде «Өнер әлеміндегі жарық жұлдыз» атты көрме ұйымдастырды. Көрмеге композитордың жазған шығармалары және фотосуреттері қойылды. Көрмеде аса көрнектікомпозитор,қазақ музыкасының классигі М.Төлебаевтың өмірі мен шығармашылығы насихатталды. Көрмеге келген жұртшылық музей қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, көңілді тарасты.
Подробнее Просмотры: 335 Категория: Новости Дата: 23.01.2019

«Ер – тоқым – ұлттық жәдігер»

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында қарастырылған «Атқа міну мәдениеті» тарауында түркі халқының нағыз бейнесі мен салт – дәстүрінің тарихи мазмұны айрықша баяндалған еді.Тарихқа көз жүгіртер болсақ жылқы малын қолға үйретумен қатар қажетті құрал – жабдықтар, яғни ат әбзелдерінің алғашқы нұсқалары да жасалып, адам еңбегінің жемісі, мәдениетіміздің бір бөлшегіне айналды. Рухани құндылықтарымызды жаңғыртып, ұлттық қолөнерімізді насихаттау мақсатында 2019 жылдың 22 қаңтар күні Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінде «Ер – тоқым – ұлттық жәдігер» атты көрме безендіріліп, көпшілік назарына ұсынылды.Көрермендер көне жәдігерлерді тамашалаумен қатар олардың жасалу тарихынан да мол мағлұмат алды.
Подробнее Просмотры: 576 Категория: Новости Дата: 23.01.2019

«Қойнауы тарих, киелі өлке - Қапалым»

2019 жылдың 22 қантар күні Ақын Сараның мемориалды музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қойнауы тарих, киелі өлке - Қапалым» атты музей сағаты өткізілді. Аталған шараға ауыл тұрғындары, мұғалімдер мен оқушылар қатысты. Шара барысында Қапал тарихына арналған қысқаша бейнеролик көрсетілді. Слайд арқылы Қапалдың тарихи, киелі жерлері көрсетіліп, оған мәліметтер берілді. Бір жарым ғасырлық тарихы бар Қапал ішіндегі көне сәулетті ғимараттар да өткен уақыттың бір белестерінің көрінісі. Сол ғимараттардың да тарихы жайлы ауылымыздың өлкетанушы азаматы, бүгінгі музей сағатына келген қонағымыз Бекташов Гафур Мунирұлы айтып берді. Оқушылар өз тараптарынан келген қонаққа сұрақтарын қойып, өздеріне керекті жауаптарын алды. Шара соңында ауылымыздың өнерпаз азаматы Досжанов Болаттың орындауында «Қазағымның тарихы» атты термені шашу етті.
Подробнее Просмотры: 421 Категория: Новости Дата: 22.01.2019

«Қарасай – қазыналы, құтты мекен»

21-го января текущего года к 90-летию Карасайского района и в предверии 20-летия историко-краеведческого музея Карасайского района, в археолого-краеведческом музее г. Есик Енбекшиказахского района,сотрудниками музея была представлена передвижная выставка«Карасай – богатый и благодатный край». На выставке представлены орудия труда, бытовая утварь XIX-XX вв, а также предметы сохранившиеся со времен Веливой Отечественной и Афганской войн. На торжественном открытии присутствовали местная администрация, сотрудники отдела культуры, студенты и учащиеся. Выставка продлится до 28-го января.
Подробнее Просмотры: 312 Категория: Новости Дата: 22.01.2019

"Золотой человек".

17 января текущего года сотрудниками Есикского археолого-краеведческого музея для учащихся 5 класса средней школы имени В.Терешковой был проведен познавательный урок "Алтын адам". Для ребят была проведена экскурсия по залам музея и составлен пазл из элементов одежды "Золотого человека".
Подробнее Просмотры: 337 Категория: Новости Дата: 21.01.2019

«Талдықорған қалалық емханасы» қызметкерлеріне экскурсия

Үстіміздегі жылдың 18 қаңтар күні Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Алматы облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері ШЖҚ МКК №1 «Талдықорған қалалық емханасы» қызметкерлеріне арнайы музей залдары бойынша экскурсия жүргізді. Өз өлкесінің тарихын танып білуге асыққан емхана қызметкерлері бүгінгі саяхат үшін ризашылығын білдірді.
Подробнее Просмотры: 601 Категория: Новости Дата: 18.01.2019