«Ұлы даланың жеті қыры-жас ұрпаққа аманат»

17 қаңтар күні І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Ұлы даланың жеті қыры-жас ұрпаққа аманат» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Шараға «Мамания» орта мектебінің оқушылары қатысты. Ел болашағы – жастар демекші, тарихымызды жаңғыртуда солардың қолында. Олар Қазақ елінің өткенін білуге, оны тереңірек зерттеуге, келешек ұрпаққа аманат етуге міндетті. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айқындап берген тапсырмалары жастарды рухани тұрғыда азықтандыруда өзінің мол әсерін тигізетіні сөзсіз. Халқымызда «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз», деген ұлағатты сөз бар. Тарих-бұл халықтың бүгіні мен болашағын айқындайтын бірден-бір маңызды көрсеткіш. Аталмыш шара тарихын ұлықтап, ата-бабалар салған сара жолды ұстанған халық қана кемел келешекке нық сеніммен қадам басатынын, сонымен қатар еліміздің одан ары көркейуіне әр адамзат баласы ат салысса, біз одан ары жоғары белестерді,...
Подробнее Просмотры: 445 Категория: Новости Дата: 18.01.2019

"Жетісу жауhарлары"

2019 жылдың 17-қаңтар күні, «Батыр бабалар» мемориалдық кешенінің қызметкерлері әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тариx факультеті, музеология кафедрасының студенттеріне Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласына орай, "Жетісу жауhарлары" атты тақырыпта ғылыми-танымдық дәріс өткізді. Дәрістің мақсаты - Елбасы мақаласында айтылған "Алтын адам" және "аң стилі" жайында баяндау, сондай-ақ, "Батыр бабалар" мемориалды музейін насиxаттау болды. Аталмыш дәріс барысында, студенттерге арнайы дайындалған слайдтардың және музей коллекциясында сақталған артефактілердің көмегімен 1969 жылы Есік қорғанынан табылған, ғылымда "Алтын адам" аталып кеткен Сақ xанзадасының киіміне тағылған "аң стиліндегі" зергерлік әшекейлерімен қатар, 1988 жылы Кеген ауданы, Жалаулы ауылынан кездейсоқ табылған бірегей артефактілер және 1939 жылы Жамбыл ауданындағы Мыңошақты шатқалынан табылған аң стилінде жасалған бұйымд...
Подробнее Просмотры: 395 Категория: Новости Дата: 18.01.2019

«Суретшінің көркем әлемі»

17 қантар күні М.Төлебаевтың мемориалды музейінде №54 орта мектеп оқушыларымен қазақтың әйгілі кескіндемешісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Әбілхан Қастеевтың туғанына 115 жыл толуына орай «Суретшінің көркем әлемі» атты танымдық шара өткізілді. Шараның мақсаты: оқушылар арасында суретшінің өмірі, көркем туындылары жайында айтылып, насихаттау. Шара барысында оқушыларға Әбілхан Қастеевтың өмірі мен қызметтік жолы туралы қызықты деректер айтылып, фильм көрсетілді.
Подробнее Просмотры: 354 Категория: Новости Дата: 17.01.2019

«Жас өлкетанушылар»

Үстіміздегі жылдың 17 қаңтарында Алматы облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Талдықорған қаласы Н.Островский атындағы № 8 мектептің «Жас өлкетанушылар» топ үйірмесінің 7 сынып оқушыларына музей залдары бойынша арнайы экскурсия жүргізді. Саяхат барысында жас өлкетанушылар тобына Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» жобасы аясында тәуелсіздігіміздің символы «Алтын адам» экспозициясына жеке тоқталып, тарихымен толық таныстырылды. Өз өлкесінің тарихын танып білуге асыққан жас өлкетанушылар тобы музей қызметкерлеріне бүгінгі саяхат үшін ризашылығын білдірді.
Подробнее Просмотры: 406 Категория: Новости Дата: 17.01.2019

"Тұғыры биік дара тұлға"

14 қаңтар күні Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінде үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Д.Қонаевтың туылған күніне орай, ұлы тұлғаның өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін дәріптеу мақсатында, Бақанас мектеп оқушыларына "Тұғыры биік дара тұлға" тақырыбында рухани-танымдық шара өткізілді.
Подробнее Просмотры: 451 Категория: Новости Дата: 15.01.2019

«Жас экскурсия жүргізуші» үйірмесі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында 2019 жылды жастар жылы деп жариялау негізінде 14 қантар күні Ақын Сараның мемориалды музейінде мектеп оқушылары, колледж студенттеріне арнайы «Жас экскурсия жүргізуші» атты үйірме жұмысын бастады. Музей – халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап, өткен мен бүгінді жалғап отырған ғылыми-мәдени, рухани мекемелердің бірі. Әлемдік мәдениетте адамзаттың ыждаһаттылықпен жинақтап, қастерлеп сақтаған құндылықтарын жастарға (оқушыларға) насихаттай отырып, музей келушілердің (оқушылардың) бос уақытын қызықты өткізетін орын ретінде ғана емес, нағыз тарихи айғақтардан тұратын мекеме ретінде музей мен білім жүйесі бірігіп, адамның рухани байлығы мен тарихи білімін қалыптастыру жолында бір бағытта жұмыс жасауы қажет. Музейлік заттар, яғни құндылықтар белгілі бір оқиғалар мен тұлғалар жөнінд...
Подробнее Просмотры: 594 Категория: Новости Дата: 15.01.2019

«Динмухамед Конаев-значимая личность эпохи»

14 января 2019 года в честь 107 летия со дня рождения Динмухамеда Ахмедовича Конаева сотрудники Алматинского областного историко-краеведческого музея имени М.Тынышпаева для студентов группы "С-11-ПМ" Талдыкорганского Колледжа сервиса и технологий провели тематическую экскурсию «Динмухамед Конаев-значимая личность эпохи». В ходе экскурсии учащиеся просмотрели архивное видео выступления Димаша Ахмедовича в Академии наук РК в январе 1992 года, куда его пригласили ученые, чтобы поздравить с 80-летним юбилеем.Ребята узнали много полезной информации о жизнедеятельности первого секретаря ЦК Коммунистической партии Казахской ССР и дважды председателя Совета министров республики, президента Академии наук Казахской ССР, трижды Героя Социалистического Труда.
Подробнее Просмотры: 336 Категория: Новости Дата: 14.01.2019

Д.А.Қонаевтың туған күніне орай шара

12 қантар күні Сарқан ауданының тарихи музейінде ірі мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте социалистік еңбек ері Д.А.Қонаевтың туған күніне орай шара ұйымдастырылды.Шара барысында ұлы саясаткердің өмірбаяны мен қызметтік жолы айтылып, сондай-ақ, 1993 жылы Алматы облысы, Сарқан ауданына және қазіргі Сарқан ауданының тарихи музейіне арнайы келгендегі бейнефильм көрсетіліп, естеліктер айтылды.
Подробнее Просмотры: 374 Категория: Новости Дата: 14.01.2019

«Парасатты азамат»

Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы - Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туылғанына 107 жыл толуына орай Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызыметкерлерінің ұйымдастыруымен Ө.Жаңабаев атындағы орта мектепте «Парасатты азамат» атты тақырыпта жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрмеде Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың жазған еңбектері мен фото суреттері қойылып, мектеп оқушылары ұлт мақтанышының өмір дерегімен танысып, рухани байлығымызбен сусындады.
Подробнее Просмотры: 725 Категория: Новости Дата: 11.01.2019

“Ел болашағы – жалынды жастар”

2019 жыл қазақстандықтар үшін ерекше жыл, өйткені Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында 2019 жылды - Жастар жылы деп жариялады. Осыған орай, Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінде 2019 жылдың 11 қаңтарында “Ел болашағы – жалынды жастар” тақырыбында кездесу өтті. Шараға ауданданымыздың әр саласында жетістікке жеткен жастар қатысты. Кездесу барысында жас талапкерлер слайд, бейнеролик арқылы өздерінің зерттеген жұмыстарын қорғады. Жастардың республикалық, облыстық, аудандық байқауларға қатысқан марапаттарынан көрме ұйымдастырылды.
Подробнее Просмотры: 472 Категория: Новости Дата: 11.01.2019