«Жансүгіров тағылымы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

Категория: Семинар, конференция, кргулый стол
Дата: 28.04.2025
Просмотры: 2 Печать страницы
«Жансүгіров тағылымы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

 17 сәуір күні Жетісу университетінде «Жансүгіров тағылымы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Алқалы жиын Басқарма төрағасы – ректор Ермек Бөрібаевтың алғысөзімен басталды. 

Конференцияға Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Ілияс Түстікбаев, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Бас директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. Шамек Тілеубаев, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қауымдастырылған профессоры м.а., ф.ғ.к. Ерлан Қасен, Жетісу облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ғабит Тұрсынбай, М.Тынышбайұлы атындағы Жетісу облыстық тарихи-өлкетану музейі қызметкері Қалқаман Абдрахманұлы,  Гуманитарлық факультеттің деканы, т.ғ.к. Ержан Буланов, ф.ғ.к Сайлау Қожағұлов,  студенттер, магистранттар, докторанттар қатысты.

Конференция  барысында Ілияс поэзиясындағы алаштық рух, балаларға арналған туындыларының лингвотанымдық сипаты,  ақын еңбектерінде көрініс тапқан Жетісудағы 1916 жылғы  ұлт-азаттық көтеріліс мәселелері, «Құлагер» поэмасындағы лингвистикалық интеллект ұғымы кеңінен талқыланды. 

Конференция секция жұмысымен жалғасты. Жиынға белсене қатысқандарға арнайы сертификат берілді.