Мұхамеджан Тынышбайұлының туған күніне арналған дөңгелек үстел

Категория: Семинар, конференция, кргулый стол
Дата: 12.05.2025
Просмотры: 4 Печать страницы
Мұхамеджан Тынышбайұлының туған күніне арналған дөңгелек үстел

2025 жылдың  12 мамыр күні, сағат 15.00-де Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен қазақтың тұңғыш теміржол қатынастарының инженері, көрнекті, саяси және қоғам қайраткері Мұхамеджан Тынышбайұлының туған күніне орай дөңгелек үстел өтті. 
Алаш ардақтысының өнегеге толы өмірі мен тағдырын баяндап, теміржол инженері ретінде шойын жолды салуда қазақ халқының мүддесін бірінші кезекке қойған ұлт жанашырының тұлға бейнесін өскелең ұрпаққа жеткізу мақсатында М.Тынышбайұлының өмірі мен қызметіне қатысты көрме құрылды.
 Кештің құрметті қонақтары: Тарих ғылымдарының кандидаты, Ғ.Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің доценті Қабдушев Болат Жоламанұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ-нің phd-докторанты Әбілдос Рамазан, Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты аға ғылыми қызметкері,  архивист-ғалым  Оразов Рашид Ешенұлы, Ш.Уалиханов атындағы тарих және этнология институтының phd-докторанты  Еркін Стамшалов, БАҚ өкілдері, мәдениет қызметкерлері. Сонымен қатар, қала мектептерінің ұстаздары мен білімгерлері қатысты.