Протокол собрания коллектива №1

Категория: Протоколы собраний
Дата: 28.03.2024
Просмотры: 6 Печать страницы

«Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорын.

 

Кәсіпорынның ұжым жиналысының хаттамасы №1

 

Талдықорған қ.                                                                              «28» наурыз 2024жыл

 

 

ҚАТЫСҚАНДАР:

«Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорынның қызметкерлері, кәсіпорынның комплаенс – офицері М. Жасузаков;

Жиналыс төрағасы: кәсіпорын директоры Р.А. Аязбаева.

ТАҚЫРЫБЫ:

«Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорынның(бұдан әрі - Кәсіпорын)қызметкерлеріне«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ереженің талаптарын, қағидаларынтүсіндіружөніндегі тақырыбында.

Баяндамашы, кәсіпорын комплаенс офицері М. Жасузаков тындалды:

«Кәсіпорында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс –қызмет туралы ереже (бұдан әрі - ереже) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет қызметінің негізгі мақсаты квазимемлекеттік сектордың тиісті субъектілері мен оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтануын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.

Жоғарыда аталып өткен Ережеде көрсетілгендей комплаенс-офицер қызметшісі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс атқару барсыныда төменде көрсетілген функцияларды атқарады:

1) келесі құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді:

- квазимемлекеттік сектор субъектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылының ішкі саясаты;

- квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық;

- квазимемлекеттік сектор субъектілеріне мүдделер қақтығысын анықтау мен реттеудің ішкі саясаты;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ішкі іс-шаралар жоспары;

- квазимемлекеттік сектор субъектісі қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері немесе ықтимал бұзушылықтары туралы хабардар ету тәртібін регламенттейтін құжат;

- корпоративтік әдеп пен мінез-құлық мәселелерін регламенттейтін құжат;

2) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне қатысты ақпарат жинауды, өңдеуді, қорытуды, талдауды және бағалауды жүзеге асырады. Басқада комплаенс қызметке қатысты функциялар кәсіпорын директорымен бекітіліпаталған Ережеде белгіленген.


 

Жиналыс төрағасы: __________________ Аязбаева Р.А.

Комплаенс-офицер:__________________М.Жасұзақов