Протокол собрания коллектива №4

Категория: Протоколы собраний
Дата: 17.09.2024
Просмотры: 6 Печать страницы

«Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі»мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорын.

 

Кәсіпорынның ұжым жиналысының хаттамасы №4

 

Талдықорған қ.                                                                              «17» қыркүйек 2024 жыл

 

 

ҚАТЫСҚАНДАР:

«Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорынның қызметкерлері, кәсіпорынның комплаенс – офицері М. Жасузаков;

Жиналыс төрағасы: кәсіпорын директорыР.А. Аязбаева.

ТАҚЫРЫБЫ:

«Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорыны (бұдан әрі - Кәсіпорын)қызметкерлеріне«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ереженің талаптарын, қағидаларынтүсіндіружөніндегі тақырыбында.

Баяндамашы, кәсіпорын комплаенс офицері М. Жасузаков тындалды:

«Кәсіпорында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс –қызмет туралы ереже (бұдан әрі - ереже) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

Жоғарыда атап өткен № 112 Бұйырықтын негізіндегі Үлгілік ережеден басқа жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің жұмыс барысында ұстанатын қағидаларының бірі ол Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығы болып табылады, сол жарлықта Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы негізделген. Жарлықтың 2.2 тармағында Орта мерзімді перспективада шешуді талап ететін түйінді проблемалар көрсетілген. Олардың ішінде:

"Тұрмыстық" сыбайлас жемқорлық

Азаматтар мен кәсіпкерлердің күнделікті өмірде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл жасауына байланысты "тұрмыстық" сыбайлас жемқорлық іс жүзінде көптеген салаларда сақталып отыр.

Осы «Тұрмыстық» сыбайлас жемқорлыққа алып келетін негізгі себептер қатарында: сақталып отырған әкімшілік кедергілер, екіұдай мағыналы және дискрециялық нормалар, мемлекеттік органдардың жеткіліксіз ашықтығы, баламалы (қағаз) негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үлесінің жоғары болуы бар.

Мемлекеттік және жекеше секторлардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган сыртқы талдау шеңберінде айқындайтын сыбайлас жемқорлық алғышарттарын жоюға мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың мүдделілігі әлсіз екені байқалады.

Қолданыстағы декларациялау жүйесі шығыстар мен алынатын кірістердің айтарлықтай алшақ болу фактілеріне ден қоюдың тиімді құралдарымен тиісті түрде бекітілмеген.

Корпоративтік сектормен салыстырғанда мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік ұйымдар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жеткілікті түрде бәсекеге қабілетті болмай отыр. Осы жарлықта басқада ұзақ мерзімде шешілуі тиісті болатын мәселелер қарастырылған.

 

Танысты:

Директор: __________________ Аязбаева Р.А.

Комплаенс-офицер: __________________М.Жасұзақов