Протокол собрания коллектива №5

Категория: Протоколы собраний
Дата: 09.12.2024
Просмотры: 8 Печать страницы

«Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі»мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорын.

 

Кәсіпорынның ұжым жиналысының хаттамасы №5

 

Талдықорған қ.                                                                              «09» желтоқсан 2024жыл

 

 

ҚАТЫСҚАНДАР:

«Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорынның қызметкерлері, кәсіпорынның комплаенс – офицері М. Жасузаков;

Жиналыс төрағасы: кәсіпорын директорыР.А. Аязбаева.

ТАҚЫРЫБЫ:

«Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорыны (бұдан әрі - Кәсіпорын)қызметкерлерінесыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсыныстарға сәйкес жасалған Кәсіпорынның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стандарты ішкі құжаттаманың қағидалары туралы түсіндіружөніндегі тақырыбында.

Баяндамашы, кәсіпорын комплаенс офицері М. Жасузаков тындалды:

«Кәсіпорында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стандарт» «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына және «Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 112 бұйрығына сәйкес әзірленді.

Аталмыш Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стандарт сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсыныстарға сәйкес жасалған, сонымен қатар Музей қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары салалардағы тыйымдар, шектеулер мен рұқсаттарды айқындайды.Стандарттың мақсаты – Музей жұмыс барысындағы (қызметіндегі) сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қамтамасыз ету.

Стандарттың міндеттері:1) қызметкерлердің қызметтік міндеттерін орындау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлық қалыптастыру және олардың жауапкершілігін арттыру;2) сыбайлас жемқорлық көріністерін уақытылы анықтап, олардың жағымсыз салдарын болдырмау;3) Музей қызметінің тиімділігі мен ашықтығын арттыру, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа тәуекелі жоғары салаларда.

4. Стандарттың қағидаттары:

1) заңдылық;

2) ашықтық (транспаренттілік);

3) этикалық нормаларды сақтау;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;

5) мүдделер қақтығысын болдырмау.

Стандарт Музей қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін адал орындауын және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуына бағытталған іс-қимылдары мен шешімдерін айқындайды.Осы стандарттың тыйымдары, шектеулері мен рұқсаттары келесі жағдайларда қолданылады:

1) Музейдің Жарғылық мақсатын жүзеге асыру барысында;

2) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде;

3) Музей қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау барысында.

7. Стандартты орындау Музейдің барлық қызметкерлері үшін міндетті.

Стандарт талаптарының орындалуын бақылау Музейдің құрылымдық бөлімшелері басшыларына жүктеледі.

 

Танысты:

Директор: __________________ Аязбаева Р.А.

Комплаенс-офицер: __________________М.Жасұзақов