Абайдың «Жидебай-Бөрілі» музейі Талдықорғанда

Категория: Выставки
Дата: 14.04.2025
Просмотры: 18 Печать страницы
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» музейі Талдықорғанда

Абай Құнанбайұлының туғанына биыл 180 жыл!
Осыған орай, 14 сәуір күні Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы Жетісу облысының тарихи-өлкетану музейінде Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының «Ұлы халықтың Ұлы Абайы» тақырыбындағы жылжымалы көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Көрме экспозициясына Абай Құнанбайұлының өзі қолданған жеке заттары: тұмарша домбырасы, тұңғыш жинағы және отбасылық заттар, құнды құжаттар мен ақынның өмірінен сыр шертетін тарихи материалдар қойылды.
Шараға зиялы қауым өкілдер, мәдениет қызметкерлері, қала тұрғындары, мұғалімдер мен оқушылар қатысты.