
Ұлы Жеңіске 80 жыл!
11 маусым күні Текелі қалалық мәдениет үйінде Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен “Ұмытылмас ерлік - ұрпаққа аманат” атты жылжымалы көрме жалғасын тапты. Көрмені Текелі қалалық орта мектептерінің жанынан құрылған жазғы лагерь балалары тамашалады. Соғыс жылдарынан сыр шертетін экспонаттар қойылып, сол жылдардың тарихи оқиғалары айтылып, мол мағлұмат берілді.