Мұхамеджан Тынышбайұлының туған күніне арналған дөңгелек үстел

2025 жылдың 12 мамыр күні, сағат 15.00-де Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен қазақтың тұңғыш теміржол қатынастарының инженері, көрнекті, саяси және қоғам қайраткері Мұхамеджан Тынышбайұлының туған күніне орай дөңгелек үстел өтті. Алаш ардақтысының өнегеге толы өмірі мен тағдырын баяндап, теміржол инженері ретінде шойын жолды салуда қазақ халқының мүддесін бірінші кезекке қойған ұлт жанашырының тұлға бейнесін өскелең ұрпаққа жеткізу мақсатында М.Тынышбайұлының өмірі мен қызметіне қатысты көрме құрылды. Кештің құрметті қонақтары: Тарих ғылымдарының кандидаты, Ғ.Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің доценті Қабдушев Болат Жоламанұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ-нің phd-докторанты Әбілдос Рамазан, Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты аға ғылыми қызметкері, архивист-ғалым Оразов Рашид Ешенұлы, Ш.Уалиханов атындағы тарих және этнология институтының phd-докторанты Еркін Стамшалов, БАҚ өкілдері...

«Жансүгіров тағылымы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

17 сәуір күні Жетісу университетінде «Жансүгіров тағылымы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Алқалы жиын Басқарма төрағасы – ректор Ермек Бөрібаевтың алғысөзімен басталды. Конференцияға Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Ілияс Түстікбаев, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Бас директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. Шамек Тілеубаев, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қауымдастырылған профессоры м.а., ф.ғ.к. Ерлан Қасен, Жетісу облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ғабит Тұрсынбай, М.Тынышбайұлы атындағы Жетісу облыстық тарихи-өлкетану музейі қызметкері Қалқаман Абдрахманұлы, Гуманитарлық факультеттің деканы, т.ғ.к. Ержан Буланов, ф.ғ.к Сайлау Қожағұлов, студенттер, магистранттар, докторанттар қатысты. Конференция барысында Ілияс поэзиясындағы алаштық рух, балаларға арналған туындыларының лингвотанымдық сипаты, ақын еңбектерінде көрініс тапқан Жетісудағы 1916 жылғы ұлт-азаттық к...

«Археологиялық және этнографиялық зерттеулердің интеграциясы»

21 маусым күні Талдықорған қаласындағы Достық үйі ғимаратында, Жетісу облысының М.Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі мен Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының ұйымдастыруымен археолог, тарихшы, этнограф, шығыстанушы, өнертанушы Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл, археолог Кемел Ақышевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Археологиялық және этнографиялық зерттеулердің интеграциясы» тақырыбында семинар өтті.