Музей тарихы

«Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі» МКҚК (бұрынғы Талды-Қорған облыстық тарихи-өлкетану музейі) ҚазақКСР Министрлер Кеңесінің 4 желтоқсан 1973 жылғы № 992-Р Жарлығы және ҚазақКСР Мәдениет Министрлігінің 21 ақпан 1974 жылғы № 41 бұйрығына сәйкес жылы «Талдықорған облыстық тарихи-өлкетану музейі» ретінде құрылды.

Музей Жетісу облысы әкімінің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 35 Қаулысына сәйкес «Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы  тарихи-өлкетану музейі» МКҚК болып өзгерді. Қазіргі уақытта музей құрамында 12 филиал бар.

Бүгінгі күнде қорда негізгі және көмекші қорды құрайтын 25 мыңнан аса музейлік маңызы бар заттар бар.

Экспозицияның жалпы көлемі - 1091 шаршы шақырымды құрайды. Ал, музейдің жалпы бес бөлімінде Жетісудың бай табиғатымен, көне тарихынан бастап еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы Жетісу облысының даму тарихымен танысуға болады. Олар:

1. «Жетісудың табиғаты»;

2. «Жетісудың көне және ортағасырлық тарихы»;

3. «ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті»;

4. «Жетісу Кеңес дәуірі кезеңінде»;

5. «Тәуелсіз Қазақстан».

Музей залдарымен танысу барысында Жетісу өңірінің табиғат жағдайынан бастап, археология, этнография, кеңес кезеңі мен Қазақстанның тәуелсіздік жылдарынан толық ақпарат алуға болады.