Музейды аралау этикасы

МУЗЕЙДІ АРАЛАУ ЕРЕЖЕСІ:
 

  • Экспонаттарды асықпай қарап, толығырақ мәлімет алу үшін, музейге неғұрлым бос уақыт көбірек болғанда келуді жоспарлаған дұрыс.
  • Музейді тамашалар алдында жол сілтемесімен немесе каталогпен танысып, алдын-ала білгіңіз келген мәлімет бойынша жоспар құрып алған дұрыс. Бұл жағдайда көбінесе келуші нақты бір суретші туралы, немесе белгілі бір шығарма, не болмаса қандай да да бір тарихи оқиға туралы мәліметті таңдауы мүмкін.
  • Барлық мекемелердегідей музейде де киім ілетін орын болады. Сыртқы киіміңізді немесе заттарыңызды сол жерге қойып кетсеңіз болады. Ірі немесе ауыр затттарды музей залдарында бірге алып жүруге болмайды.
  • Музейдегі этикет жөніне тоқталатын болсақ, залда өзіңізді салмақты, тыныш ұстауға тырысыңыз. Қатты дауыстап сөйлеуге болмайды. Қолыңызды сермеп, басқа келушілерге экспозицияны тамашалауға кедергі жасамаңыз.
  • Экскурсия жүргізушіні мұқият тыңдаңыз. Егер сізге қызық болмаса, басқа адамдарға экскурсияны тыңдауға кедергі келтірмеңіз.
  • Барлық музейлерде сақталатын тәртіп – экспонаттарды қолмен ұстауға болмайды!
  • Егер экскурсия кезінде сұрағыңыз туындаса, экскурсия жүргізушінің әңгімесін бұзбай, соңында қойсаңыз болады.

 

 
Құрметпен, Музей әкімшілігі