Общая информация

Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи өлкетану музейіне қарасты 12 филиал бар. Олар: Алакөл, Сарқан, Ақсу, Қаратал, Панфилов, Ескелді, Кербұлақ аудандары мен Талдықорған қаласында орналастан. 

Музейлердің негізгі қызметі бірнеше бағыттан тұрады:

  • Жәдігерлерді жинау — Жетісу өңірінің тарихына қатысты археологиялық, этнографиялық, тарихи және мәдени заттарды жинақтайды.

  • Жәдігерлерді сақтау және есепке алу — музей қорындағы құнды заттарды арнайы талаптарға сәйкес сақтап, ғылыми тұрғыдан тіркейді.

  • Зерттеу жұмыстары — Жетісудың табиғаты, археологиясы, тарихы, этнографиясы және мәдениеті бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

  • Экспозиция және көрме ұйымдастыру — жиналған жәдігерлерді тақырыптарға бөліп, тұрақты экспозициялар мен уақытша көрмелер арқылы халыққа ұсынады.

  • Экскурсиялық-ағартушылық жұмыс — оқушыларға, студенттерге, тұрғындар мен туристерге экскурсиялар, дәрістер және мәдени-танымдық іс-шаралар өткізеді.

  • Тарихи мұраны насихаттау — Жетісудың белгілі тұлғалары, тарихи оқиғалары, салт-дәстүрі мен мәдени құндылықтары туралы ақпарат таратады.