В областном музее прошел познавательный час, посвященный Дню национальной валюты

В честь этой знаменательной даты в историко-краеведческом музее имени Мұхамеджана Тынышбайұлы был организован познавательный час на тему «Теңге – тәуелсіздік символы». В мероприятии приняли участие студенты-практиканты Жетысуского университета имени И. Жансугурова и учащиеся 9 класса средней школы №2 города Талдыкорган. В ходе познавательного часа учащиеся познакомились с историей национальной валюты, периодами становления тенге и его значением в укреплении независимости страны. Кроме того, были разыграны познавательные игры. Учащиеся приняли активное участие в интересных заданиях, поделились своими знаниями, приняли участие в конкурсе знаний. По итогам конкурса победители были награждены специальными призами. Редакция музея

МУЗЕЙ ҚОРЫ АҚЫННЫҢ ЖЕКЕ ЗАТТАРЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

Жетісу топырағынан түлеп ұшқан айтыскер ақын, әнші, сазгер Жандарбек Әкімбекұлы Бегімбетовтің өнер жолынан сыр шертетін құнды жәдігерлер Жетісу облысының М. Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің қорын толықтырды. Музей қорына өнерпаздың жеке қолданысында болған домбырасы мен баяны, өмірінің әр кезеңінен сыр шертетін түпнұсқа фотосуреттері, сахнада киген шапандары және өзге де тарихи маңызы бар заттары қабылданды. Бұл жәдігерлер бір кездері ақынның қолында күмбірлеген домбыра, әсем әуенге тербелткен баян, өнер сахнасында киген киімдері еді. Әрқайсысы Жандарбектің шығармашылық әлемінен, өнерге деген құштарлығынан, ел жадында қалған жарқын бейнесінен сыр шертеді. 1980–1990 жылдары айтыс өнерінің қайта жаңғыруына өзіндік үлес қосқан Жандарбек Бегімбетов аз ғұмырында ақындық, әншілік, сазгерлік қырларымен дараланып, тыңдарман жүрегінен орын алды. Оның «Әкеме», «Анама», «Ұстазыма», «Солдат сағынышы», «Жалғыз аққу&raqu...

Музейде Республика күніне орай танымдық іс-шара өтті

Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Республика күніне орай «Республика – елдігімнің айғағы» атты танымдық іс-шара өткізілді. Тағылымды шараға Талдықорған қаласындағы №2, №4 және №18 мектептердің оқушылары қатысты. Шара барысында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті колледжінің студенті Дильназ Аркинова Ілияс ақынның «Жетісу суреттері» атты туындысын нақышына келтіре оқыды. Сонымен қатар, оқушыларға Республика күнінің шығу тарихы, бұл мейрамның еліміз үшін маңызы мен тарихи мәні туралы кеңінен баяндалып, Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы маңызды кезеңдері туралы құнды мәліметтер берілді. Өскелең ұрпақтың танымын кеңейту мақсатында ұйымдастырылған интеллектуалды ойынның жеңімпаздары арнайы сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараның соңында Қ. Байсейітов атындағы саз колледжінің студенті Бауыржан Құштардың орындауында «Атамекен» әні жиналған қауымға ерекше көтеріңкі көңіл-күй с...

В музее состоялся круглый стол

16 октября в историко-краеведческом музее имени Мұхамеджана Тынышбайұлы состоялся круглый стол на тему «Жетісудағы түркі тайпаларының қалыптасуы мен тарихи рөлі». В мероприятии приняли участие специалисты в области истории, учителя истории общеобразовательных школ и студенты. В ходе круглого стола участники обменялись мнениями об историческом наследии тюркских племён на территории Жетісу, археологических и историко-культурных памятниках, а также о значении краеведения в формировании национального исторического сознания. Кроме того, были обсуждены вопросы эффективного использования исторических источников в образовательном процессе, приобщения подрастающего поколения к истории родного края и сохранения историко-культурного наследия. Для гостей музея была проведена экскурсия по экспозиции, посвящённой тюркской эпохе. Участники получили подробную информацию об исторических артефактах, отражающих богатое наследие этого периода. Редакция музея

Сайын Мұратбековтің мерейтойлық конференциясына орай көрме ұйымдастырылды

Биыл қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, сыршыл жазушы Сайын Мұратбековтің туғанына 90 жыл толып отыр. Осы мерейлі датаға орай Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен «Сайын даланың Сайыны» атты мерейтойлық конференция өтті. Тағылымды шара аясында Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі арнайы көрме ұйымдастырды. Көрмеге қаламгердің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін жеке заттары, өзі тұтынған бұйымдары, құжаттары, фотосуреттері мен қолжазбалары қойылды. Көрмені конференцияға келген қонақтар, ақын-жазушылар, зиялы-қауым өкілдері, мәдениет қызметкерлері, қаламгердің ұрпақтары мен туыстары тамашалады. Жазушының көзі тірісінде қолданған заттары мен қолжазбалары – оның шығармашылық әлемінен сыр шертіп, оқырманды қаламгердің рухани мұрасымен жақындастыратын құнды жәдігерлер. Көрме келушілерге Сайын Мұратбековтің өмір жолы мен әдеби мұрасын тереңірек танып-білуге мүмкіндік берді. Музей редакциясы #көрме #сайынмұратбеков #әдебиет #тарих...

Еңбекпен өрілген гүл ғұмыр

Биыл Социалистік Еңбек Ері, ел еңбегінің даңқын асқақтатқан ардақты тұлға Зылиха Тамшыбаеваның туғанына 90 жыл. Осы айтулы датаға орай Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Еңбекпен өрілген гүл ғұмыр» атты ғылыми-мерейтойлық конференция өтті. Тағылымды шара аясында Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі арнайы жылжымалы көрмесін көпшілік назарына ұсынды. Көрмеден Зылиха Тамшыбаеваның ғибратты ғұмырынан сыр шертетін жеке заттары, құжаттары, фотосуреттері және тарихи жәдігерлері қойылды. Көрмені Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев, зиялы қауым өкілдері, облыс тұрғындары, конференция қонақтары тамашалады. Әрбір жәдігер — ел тарихында өзіндік із қалдырған еңбек адамының өмір жолынан, қажыр-қайраты мен маңдай терімен жеткен биігінен сыр шертеді. Зылиха Тамшыбаеваның тағылымды ғұмыры — еңбекке адалдықтың, елге қызмет етудің және маңдай термен жеткен абыройдың жарқ...

В Талдыкоргане состоялась литературная встреча, посвященная юбилею Саина Муратбекова

В этом году исполняется 90 лет выдающемуся представителю казахской литературы, писателю, умело описывающему тонкие струны человеческой души Саину Муратбекову. В связи с этим, историко-краеведческим музеем имени Мұхамеджана Тынышбайұлы области Жетісу была организована литературная встреча ««Қаламгерлік ғұмыр – халықтық мұра». В литературном вечере приняли участие родственники С. Муратбекова, поэты и писатели, работники культуры, школьники и учителя. В ходе мероприятия состоялось интервью с братом писателя Галымом Муратбековым и сестрой Майрой Муратбековой. Сотрудник Литературного музея Ильяса Жансугурова Шакир Багдаулет и ученица средней школы №9 имени Саина Муратбекова города Талдыкорган Серикболат Амина прочитали отрывок из произведения «Запах полыни". В исполнении певицы филармонии им. Данеша Ракишева, отличницы культуры Гульбану Лахаевой прозвучала песня «Саиын аға». Вниманию гостей была представлена выставка, рассказывающая о жизненном...

В Каратальском историко-краеведческом музее прошел круглый стол

24 сентября в Каратальском историко-краеведческом музее города Уштобе состоялся круглый стол «Бостандық үшін басталған күрес», посвящённый 110-летию национально-освободительного восстания 1916 года. Круглый стол был организован историко-краеведческим музеем имени Мұхамеджана Тынышбайұлы области Жетісу. В ходе мероприятия были широко обсуждены социально-политические предпосылки восстания 1916 года, колониальная политика царского правительства, влияние царского указа от 25 июня 1916 года на казахское общество, ход и особенности национально-освободительного движения в Жетысуском регионе, а также вынужденное переселение населения и историческая судьба народа. В мероприятии приняли участие заместитель директора по научной работе Института истории и этнологии имени Ч.Ч. Валиханова, кандидат исторических наук Шамек Баянұлы Тлеубаев; научный сотрудник Института истории и этнологии имени Ч.Ч. Валиханова, магистр гуманитарных наук Рашид Ешенұлы Оразов; ведущий научный сотруд...

Балалар үйінде жылжымалы көрме құрылды

22 қыркүйек күні Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі «Айналайын» балалар үйінде «Жетісу кереметтері» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырды. Көрме барысында балалар Жетісу өңірінің қайталанбас табиғатымен, көрікті жерлерімен және өлкемізде мекендейтін жануарлар әлемімен танысты. Балаларға Жетісудың табиғи байлығы, аң-құстары және оларды қорғаудың маңызы туралы қызықты ақпараттар ұсынылды.

Жас ақындар айтысының шешуші кезеңі Қапал ауылында өтті

Бүгін Қапал ауылдық мәдениет үйінде Жетісу облысының мәдениет басқармасының қолдауымен, Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында «Біржан мен Сара айтысы – ұлттық өнердің айнасы» атты облыстық жас ақындар айтысының екінші әрі шешуші кезеңі өтті. Іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен жас айтыскерлер жұпқа бөлініп, суырыпсалмалық өнерде бақ сынады. Сөз сайысында олардың тапқырлығы, шешендігі, ой ұшқырлығы мен импровизациялық қабілеті сараланып, үздіктері анықталды. Дүбірлі додада бас жүлдені Жаркент қаласындағы Дәнеш Рақышев атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы Болатхан Мейрамбек жеңіп алды. Бірінші орын Талдықорған қаласындағы Қ. Қасымов атындағы №28 IT мектептің 5-сынып оқушысы Мұхамади Нұрлыға бұйырды. Екінші орынды Ескелді ауданындағы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептің 5-сынып оқушысы Рақымжан Ғалымжан иеленсе, үшінші орынға Талдықорған қаласындағы №30 мектептің 5-сынып оқушысы Айқынқызы Айсе...