Еңбекпен өрілген гүл ғұмыр

Биыл Социалистік Еңбек Ері, ел еңбегінің даңқын асқақтатқан ардақты тұлға Зылиха Тамшыбаеваның туғанына 90 жыл. Осы айтулы датаға орай Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Еңбекпен өрілген гүл ғұмыр» атты ғылыми-мерейтойлық конференция өтті. Тағылымды шара аясында Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі арнайы жылжымалы көрмесін көпшілік назарына ұсынды. Көрмеден Зылиха Тамшыбаеваның ғибратты ғұмырынан сыр шертетін жеке заттары, құжаттары, фотосуреттері және тарихи жәдігерлері қойылды. Көрмені Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев, зиялы қауым өкілдері, облыс тұрғындары, конференция қонақтары тамашалады. Әрбір жәдігер — ел тарихында өзіндік із қалдырған еңбек адамының өмір жолынан, қажыр-қайраты мен маңдай терімен жеткен биігінен сыр шертеді. Зылиха Тамшыбаеваның тағылымды ғұмыры — еңбекке адалдықтың, елге қызмет етудің және маңдай термен жеткен абыройдың жарқ...

«Қазақтың әскери мұрасы» атты жылжымалы көрме

​Ата-бабаларымыз осынау ұлан-ғайыр жерді ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Ал, осы Ұлы Даланы жаудан қорғап, ел тәуелсіздігін сақтауда қазақтың дәстүрлі қару-жарақ түрлері мен қорғаныс киімдерінің маңызы ерекше болды. Олардың қатарында: қылыш, шоқпар, сойыл, айбалта, найза, садақ және тағы басқалар жатады. 12 желтоқсан күні М.Тынышбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі № 29 орта мектеп-лицейінде «Қазақтың әскери мұрасы» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Экскурсия барысында қару-жарақтың тарихы мен маңыздылығы айтылды.

Домбыра күніне көрме құрылды

Ұлттық домбыра күніне орай, Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Тарих тұнған қос ішек" атты көрме құрылды. Көрмеге қазақ жұртына аты мәлім белгілі ақын Бақтыбай Жолбарысұлы, Қуат Терібаев, Темірғали Рүстембеков, Кәкімжан Қазыбаев, Қанипа Бұғыбаева, Құдаш Мұқашев, Әсімхан Қосбасаров пен күйші Малгаждар Әубәкіровтың ұстаған домбыралары қойылды. Көрмені Талдықорған қалалық орта-мектеп жанынан құрылған жазғы лагерь балалары тамашалады.

Астанадағы Ұлттық музейде «Шоқан Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы» атты мерейтойлық көрменің ашылу салтанаты өтті

12 июня в 15:00 в Национальном музее состоялось торжественное открытие юбилейной выставки «Шоқан Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы», посвящённой 190-летию со дня рождения учёного, просветителя, путешественника и этнографа Шокана Уалиханова. Выставка организована в сотрудничестве с Национальным музеем Республики Казахстан, Мемориальным музеем Ш. Уалиханова в Алтынэмеле и Историко-этнографическим музеем в Сырымбете. В рамках мероприятия прошёл круглый стол на тему «Шоқан Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы». В нём приняли участие учёные в области истории и филологии, краеведы, сотрудники музеев и почётные гости. Выставка продлится до 12 июля.

“Ұмытылмас ерлік - ұрпаққа аманат”

Ұлы Жеңіске 80 жыл! 11 маусым күні Текелі қалалық мәдениет үйінде Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен “Ұмытылмас ерлік - ұрпаққа аманат” атты жылжымалы көрме жалғасын тапты. Көрмені Текелі қалалық орта мектептерінің жанынан құрылған жазғы лагерь балалары тамашалады. Соғыс жылдарынан сыр шертетін экспонаттар қойылып, сол жылдардың тарихи оқиғалары айтылып, мол мағлұмат берілді.

Ұмытылмас ерлік – ұрпаққа аманат

В честь 80-летия Победы историко-краеведческий музей имени М. Тынышбайұлы области Жетісу 5 июня организовал передвижную выставку под названием «Ұмытылмас ерлік - ұрпаққа аманат» для детей летнего лагеря при средней школе имени Б. Кундакбаевой в посёлке Балпык би, Коксуского района. Дети с интересом ознакомились с уникальными экспонатами и новыми сведениями, касающимися советской эпохи и периода Второй мировой войны.

Ұмытылмас ерлік – ұрпаққа аманат

В честь 80-летия Победы историко-краеведческий музей имени М. Тынышбайұлы области Жетісу 5 июня организовал передвижную выставку под названием «Ұмытылмас ерлік - ұрпаққа аманат» для детей летнего лагеря при средней школе имени Б. Кундакбаевой в посёлке Балпык би, Коксуского района. Дети с интересом ознакомились с уникальными экспонатами и новыми сведениями, касающимися советской эпохи и периода Второй мировой войны.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» музейі Талдықорғанда

Абай Құнанбайұлының туғанына биыл 180 жыл! Осыған орай, 14 сәуір күні Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы Жетісу облысының тарихи-өлкетану музейінде Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының «Ұлы халықтың Ұлы Абайы» тақырыбындағы жылжымалы көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрме экспозициясына Абай Құнанбайұлының өзі қолданған жеке заттары: тұмарша домбырасы, тұңғыш жинағы және отбасылық заттар, құнды құжаттар мен ақынның өмірінен сыр шертетін тарихи материалдар қойылды. Шараға зиялы қауым өкілдер, мәдениет қызметкерлері, қала тұрғындары, мұғалімдер мен оқушылар қатысты.

"Ұлттық киім - ұлт бейнесі"

«Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі» - деген ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киім үлгілері әлемнің этнографиялық музейлері мен көрмелерінен орын алған. Сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан ұлттық киімдер әлі де өз құндылығын жоғалтпай бүгінде трендке айналып келеді. Қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан шапан, камзол, көйлек, бас киімдер заманауи үлгіде жаңа лепке енуде. Сондай-ақ, әр мекеме ұжымы жұмыста ұлттық киім киюді дағдыға айналдырып келеді. Наурызнаманың он күндігі аясында «Ұлттық киім күні» еліміз бойынша биыл екінші рет тойланып отыр. Осы орайда, Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі «Ұлттық киім – ұлт бейнесі» тақырыбында көрме құрды. Көрмеге ХІХ ғасырдан жеткен ер адамдарға арналған түлкі жағалы сең-сең ішік, қой терісінен жасалған ішік, қасқыр ішік, пұшпақ ішіктермен қатар сең-сең тымақ, қаракөл тымақ, түлкі тұмақ, кимешектер көпшілік назарына ұсынылды. Көрменің ашылу...

ЕҢБЕКПЕН ЕР АТАНҒАНДАР

ЕҢБЕКПЕН ЕР АТАНҒАНДАР Мемлекет басшысы Жолдауында кәсіптік білім беру саласына реформа жасаудың маңыздылығына тоқталып, жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясы насихатталатынын айтқан еді. Ел экономикасының дамуына, өндіріс, құрылыс саласының қарыштауына жұмысшы мамандарының еңбегі қашан да ерен. Айтулы жылды насихаттауды республика бойынша алғаш болып біздің аймақ бастап кетті. Облыс әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен мәдениет мекемелері бірлескен «Еңбекпен ер атанғандар» атты көш керуенінің ашылу салтанаты Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде өтті. Еңбек адамдарына арналған көрме құрылып, оған елге танылған тұлғалардың өмірінен сыр шертетін фотосуреттер мен олардың жеке заттары, құжаттар, өткен ғасырдың әр кезеңінде Жетісу өңірінде өндірілген өнімдерден жалпы саны 145 экспонат қойылды. Бұл көрме қоғамдағы қарапайым еңбек адамдарын дәріптеу,...