Музейде «Адал мәдениет» акциясы өтті
23 қыркүйек күні Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлерінің қатысуымен ашықтық, адалдық және сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділік» мәдениетін орнықтыруға арналған «Адал мәдениет» атты ақпараттық-түсіндіру акция-семинары ұйымдастырылды!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында өткен бұл шара музей ұжымының басын қосып, кәсіби әдеп пен ашықтықты талқылауға мүмкіндік берді. Шара барысында музейдің Комплаенс-офицері Тлеубергенов Наир Айдосұлы «Адалдық — музей мәдениетінің негізі» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, заңнамалық талаптарды түсіндірді. «Адал жолды таңда» интерактивті сессиясында қызметкерлер ситуациялық кейстерді талқылап, дұрыс комплаенс-шешімдерді қабылдады. «Менің адалдық формулам» стендіне ұжым мүшелері өздерінің адалдық ұстанымдарын жазды.
«АДАЛ МӘДЕНИЕТ — БІЗДЕН БАСТАЛАДЫ!»
#АдалМәдениет #МұхамеджанТынышпаевМузейі #АдалАзамат #ЗаңМөнТәртіп #Талдықорған #Комплаенс
