"Елбасы - ел мақтанышы"

І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай "Мамания"орта мектебінің 3 сынып оқушыларының қатысуымен "Елбасы - ел мақтанышы" атты шара өтті. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалды. Музей қызметкерлері Елбасының балалық шағы, еңбек жолы, Қазақстан Үкіметін басқарғаннан бүгінгі күнге дейінгі ел үшін атқарған еңбегі жайлы балаларға ақпарат берді. Берілген ақпараттарды қорытындылау мақсатында балалар назарына Президент өміріне, қызметіне байланысты сұрақтар дайындалып, шараға қатысушылар белсенді жауап беріп, өздерінің жақсы деген білімдерін көрсетті. Балалар Елбасы туралы өлең жолдарын мәнерлеп оқып берді.

«Ел ертеңін нұрландырған Елбасы!»

2018 жылдың 30 қараша күні Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай №1 Бақанас орта мектебінде «Ел ертеңін нұрландырған Елбасы!» атты танымдық сабақ өткізді. Балаларға Елбасының өмірі мен еңбег жолы туралы айтылып, деректі фильмдер көрсетілді.

"Елін сүйген Елбасы"

Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Елін сүйген Елбасы" атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Елбасы Н.Ә. Назарбаев жайлы кітаптар қойылып, мәліметтер айтылды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі жайлы деректер айтылып, қызықты ақпараттар баяндалды. Қазақ халқы қашан да кемеңгер Елбасын қолдайтынын іс-шараға келген қонақтардың бірі ауылдың құрметті азаматы Балаев Бақыт ерекше атап өтті. Жамбыл орта мектебінің оқушылары күй шертіп, ән шырқады.

«Ел үшін еңбек еткен Ер тұлға»

Бүгін Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Ел үшін еңбек еткен Ер тұлға» атты тарих сағаты Ғали Орманов атындағы орта мектеп оқушыларымен өткізілді. Аталған іс-шара ҚР Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Оқушылар Тұңғыш Президентке арналған өлеңдер оқып, Елбасының қанатты сөздерін жатқа айтты. Сонымен қатар ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі жайлы слайд арқылы мағлұмат алып, еңбек жолымен танысты. Шара соңында оқушылармен кері байланыс жүргізіліп, сұрақтарға жауап берілді. Тарих сағаты оқушылар үшін қызықты да мағыналы өтті. Ұстаздар музей қызметкерлеріне өз алғыстарын білдірді.

Очередное занятие для членов примузейного кружка «Лидер-2»

В преддверии декабрьских праздников в Алматинском областном историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева прошло очередное занятие для членов примузейного кружка «Лидер-2» . «Мудрая сова» (старший научный сотрудник Бержанова Р.Ж.) провела ученикам 1 «Г» класса (классный руководитель Грибанова С.Ю.) КГУ сш.№2 мероприятие «Моя Родина-Казахстан в легендах и преданиях», в котором рассказала о происхождении казахской земли, о ее мудром и мужественном народе, традициях и обычаях, а также о славных ее сыновьях.

«Социально-культурная роль музеев в духовном возрождении Республики Казахстан: Центрально-Азиатский и отечественный опыт»

28 ноября 2018 года в рамках реализации программы Елбасы Н.А.Назарбаева «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания» при поддержке Акима Алматинской области состояласьМеждународная научно-практическая конференция на тему «Социально-культурная роль музеев в духовном возрождении Республики Казахстан: Центрально-Азиатский и отечественный опыт».В работе конференции принималиучастие историки, ученые, этнографы, представители научно-исследовательских институтов и центров, а также ученые из Кыргызстана и Таджикистана.

"Ел сенімін арқалап"

1 желтоқсан -Тұңғыш Президент күніне орай Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Ел сенімін арқалап" тақырыбында іс-шара өткізілді.Шарада Елбасы Н.Назарбаевтың өмірі мен қызмет жолы, жетістіктері, сындарлы саясаты, шығармалары туралынасихатталды.

"Ер қаруы - бес қару"

Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері "Ер қаруы - бес қару" тақырыбында аудан мектептерінде жылжымалы көрме ұйымдастырды. Көрмеге қарудың ұру, кесу, шабу түрлеріне жататын қару-жарақтар көшірмесі және батырдың қару асынатын кісе белдігі қойылды. Қару туралы толық мәлімет беріліп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

«Президент, которым можно гордиться»

В преддверии празднования Дня Первого Президента Республики Казахстан-1 декабря, сотрудники Алматинского областного историко - краеведческого музея имени М.Тынышпаева для учащихся 9 классов средней школы-гимназии № 17 провели лекционный час «Президент, которым можно гордиться». Ребята узнали о деятельности Первого Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева, об исторической роли Главы государства в развитии независимого, процветающего, демократического государства. В завершение ученикам была проведена познавательная экскурсия по залам музея.

«Елбасы - ұлткөшбасшысы»

Н.Алдабергенов мемориалды музей қызметкерлері - 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай көрме «Ұлт тірегі – Елбасы» атты көрме мен «Елбасы - ұлткөшбасшысы» тақырыбында лекция өткізілді. Іс шараның мақсаты – оқушыларды ҚР Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың егемен Қазақстанның жаңа мықты және тәуелсіз мемлекет ретінде дамуына қосқан үлесі жөніндегі білімдерін кеңейту. Көрмеге Елбасының өмірі мен оның тарихи еңбектері, ол туралы жазылған кітаптар мен фотосуреттері қойылды. Қазақстан Республикасының тәуелсіз даму тарихын және негізін қалаушы әрі Тұңғыш Президенті – Н.Ә.Назарбаевтың шығармашылық мазмұнымен таныстыруды мақсат еткен бұл іс шара адамзат тарихын терең білетін замана ағымын ойлайтын, әлемнің озық тәжірибесін ұтымды пайдаланып, ата- бабадан қалған асыл өнегені әдемі ұштастырып келе жатқан, бүгінде әлем таныған саясаткер және де өмір жолын, туып өскен, оқып, білім алған, қызмет атқарған жерлері туралы мағлұмат бер...