Ү.ж. 16-шы қазанында Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Жер, су аттары - тарихтың ақиқат хаттары» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға Балқаш өңірінің тарихын зерттеуге қалам тартып жүрген өлкетанушы, ҚР құрметті журналисі С.Сихымбаев, жазушы, «Құйған ауылы» энциклопедиялық танымдық жинағының авторы А.Ш.Сиқымбеков, тарихшы З.Ә.Есілбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Сқабаев, аудандық «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру жөніндегі сараптама комиссиясының мүшелері, жергілікті тарихшылар, қоғамдық ұйымдар мен Бақанас аграрлы-индустриалдық колледж студенттері және жергілікті басылым «Балқаш өңірі» газеті, облыстық «Жетісу» телеарнасының тілшілері қатысты.
Конференция қонақтарына аудандық тарихи-өлкетану музейі бойынша экскурсия жүргізіліп, мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Конференция өтет...