Тоқтар Бейісқұловтың жеке заттары

Алакөл ауданының тумасы, жазушы, профессор, белгілі бейімбеттанушы Тоқтар Бейісқұловтың жеке заттары, наградалары, құжаттары мен суреттеріҚабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейініңқорына өткізілген болатын. Жазушының балалары мен туыстарының, ауыл азаматтарының, мектеп оқушыларының қатысуымен еске алу кеші ұйымдастырылып, тақырыптық экскурсия жүргізілді. Шара барысында ҚР Білім беру ісінің үздігі, Алакөл ауданының Құрметті азаматы Ұ.Дүйсебаева сөз бастап, №3 Қабанбай орта мектебінің оқушыларының баяндамалары мен арнаулары оқылды. Жазушының туыстары естеліктер айтып, келген қонақтарға кітаптарын таратты.

ҚХР Бейжің қаласы Ауылшаруашылық министрлігінен келген қала қонақтар

Үстіміздегі жылдың 14 қараша күні Алматы облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейіне ҚХР Бейжің қаласы Ауылшаруашылық министрлігінен келген қала қонақтарына арнайы музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді.

"Сара ақын - дара ақын"

Бүгін Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлерінің ұйымдастырылуымен, Сара Тастанбекқызының шығармашылығына арналған "Сара ақын - дара ақын" атты әдеби кеш өткізілді. Аталған іс-шараға ауыл қонақтары мен мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында Есболған Жайсаңбаев пен Ғали Орманов атындағы орта мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін жатқа айтып, ақынға арнауларын оқыды.Қапал ауылдық кітапханашысы Қорабаева Күләтай Қасенқызы Ақын Сараға арналып шығарылған кітаптары мен шығармаларына шолу жасады. Әдеби кеште Сара Тастанбекқызының өлеңдеріне талдау жасалып, әр өлеңдерінің шығу тарихы жайында мағлұмат берілді. Кеш мәдениет үйінің қызметкері Төлеген Ерахметұлының орындауында әсем әнімен аяқталды.

«Шоқ жұлдыз ізімен»

«Шоқ жұлдыз ізімен» атты тарихи-танымдық экспедициясы Қапал ауылына да келіп қайтты. Шоқанның ізімен жүрген экспедиция Ақын Сараның мемориалды музейін көріп, музей қызметкерлерімен сұхбаттасып қайтты. Музей қызметкерлері Ақын Сараның мемориалды музейі ғимаратының тарихы мен Тамшыбұлақ жайында мағлумат берді.

"Ерлік - ұрпаққа ұран"

Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері Ғали Орманов атындағы орта мектебінің оқушыларына "Ерлік - ұрпаққа ұран" атты лекция оқыды. Оқушылар тарихтан тағылым алып, ұлт үшін ерлік көрсеткен арыстар жайлы мағлұмат алды. Лекция соңында оқушылармен кері байланыс жүргізілді.

«Теңге - тәуелсіздік келбеті»

1993 жылы 12 қарашада еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақстан Республикасында валюта енгізу туралы" Жарлыққа қол қойып,15 қараша Ұлттық валюта күні болып белгіленді. Осы күнге орай Н.Алдабергеновтың мемориалды музейінде «Теңге - тәуелсіздік келбеті» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге еліміз Тәуелсіздік алғалы бергі шығарылған теңгелердің түрімен қатар, сонау ерте ғасырларда ата-бабамыз қолданған теңгелері қойылды. Көрмеде санғасырлық тарихи кезеңдерді қамтитын қазақ жерінде мекен еткен түркі мемлекеттердің ақша түрлері мен теңгенің шығу тарихы таныстырылып, өзінің 25 жыл тарихында тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәмізі екенін дәлелдеп, қаржы-несиелік саясатына орасан зор ықпалын тигізгендігі туралы айтылды.

«Что такое музей?»

Удачно осуществляется проект «Что такое музей?», разработанный сотрудниками Алматинского областного историко-краеведческого музея имени М.Тынышпаева для дошколят и учеников младших классов. Проводятся такого рода мероприятия для маленьких посетителей в простой и доступной форме. В процессе беседы дети узнают о первом зачинателе музеев, знакомятся с музейной терминологией. Проект «Что такое музей?» - вступительная часть для углубленного познания достопримечательностей нашего края. Воспитанники детского сада №1 приняли самое активное участие в новом проекте «Что такое музей?».

"Қапал тарихы"

Бүгін Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері, облыстық "Жетісу" телеарнасының журналистеріне "Қапал тарихы" турасындағы арнайы репортажға арнап Ақын Сараның мемориалды музейі ғимаратының тарихы мен Тамшыбұлақ жайында сұхбат берді.

Форум ректоров

8 ноября 2018 года Алматинский областной историко-краеведческий музей им. М.Тынышпаева посетили участники форум ректоров университетов стран Европейского союза и Центральной Азии «Университет будущего: цифровизация и академические традиции». Гостям была проведена подробная экскурсия, на которой была дана информация о древних памятниках, городищах, выдающихся людях и значимых событиях края.

«Өнерлі өлкенің өрені»

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында 2018 жылдың 14–21 қараша күндері аралығында І.Жансүгіровтің әдеби музейінде өтетін «Өнерлі өлкенің өрені» атты жылжымалы көрмені тамашалауға шақырамыз! Көрмеде Сарқан ауданы, Лепсі ауылындағы М.Төлебаевтың мемориалды музейінен арнайы әкелінген композитордың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін 80-нен астам жәдігерлер көпшілік назырына ұсынылады. Келіңіздер, көріңіздер! Мекен-жайымыз: Талдықорған қаласы, Абай көшесі 239 үй; Байланыс телефоны: 8(7282)24-06-94; e-mail: muzei_zhansugurova@mail.ru.