«Сұлулық әлемді құтқарады»

24 қыркүйек күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Сұлулық әлемді құтқарады» атты суретшілердің халықаралық симпозиумының қатысушылары Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейіне келіп тамашалады. Экскурсия барысында қонақтарға Жетісудың баға жетпес құндылықтары таныстырылып, толықтай мәліметтер берілді.

"Музей түні"

Ағымдағы жылдың 30-тамызынан бастап, Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен жалпыреспубликалық "Музейлер шеруі" акциясы аясында "Музей түні" жобасын ұйымдастыру қолға алынған болатын. Осыған орай, 20-қыркүйек күні, "Батыр бабалар" мемориалды кешенінде 21.00-ден - 3.00-ге дейін "Музей түні" шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында, келуші қонақтарға - музейдің көрме-экспозициялық залынан орын алған - фотоколлаждар мен панорамалар бойынша қазақ тарихының Сақ заманынан бастап - Тәуелсіз Қазақстанға дейінгі кезеңдері, сондай-ақ, қазақ халқының ел болып қалыптасу жолындағы әйгілі хандары мен билерінің және жаугершілік замандағы жауынгер батырлардың ерен ерлігі жайында экскурсиялар жүргізілді. Сонымен қатар, музей экспозициясындағы артефактілер бойынша оқушыларға викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген оқушыларға сыйлықтар үлестірілді.

"Сұрасаң менің атым Үмбет еді"

22 қыркүйекте Ү.Кәрібаевтың әдеби-мемориалды музейінде «Музейдегі түн» жобасы аясында"Сұрасаң менің атым Үмбет еді" атты іс-шарасы өткізілді. Шараға Үмбетәлі Кәрібаев мектебінің жоғарғы сынып оқушылары мен жас ұстаздар қатысты. Жиын барысында ақынның ұрпағы Ә.Ысқақов атасының жыр-термелерін орындап, қойылған сұрақтарға жауап берді. Музей түні жастардың музей ауласында еркін демалуымен жалғасты.

«Музейдегі түн»

20 қыркүйек күні Ш.Уәлихановтың «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейінде «Музейдегі түн» жобасы аясында Кербұлақ ауданының құрметті азаматы, зейнеткер ұстаз Бақбергенов Қозыбек Бақбергенұлымен «Өнегелі отбасы» атты тақырыпта кездесу өтті. Ел болашағы жастардың бойына жақсы мінез қалыптастыра отырып, туған жеріне адал қызмет етумен бірге әркез көшбасшы болуға ұмтылуға бағыттау мақсатында өткен кездесу барысында өзінің өмірімен де,еңбегімен де өзгеге үлгі бола білген Қозыбек Бақбергенұлы жиылған көпшілікке мектеп жасынан зерек болып, оқу мен еңбекке құштар болудың арқасында ұстаздық жолға бет бұрып, зейнеткерлік жасқа жеткенше көптеген шәкірттер тәрбиелеп шығарғаны жайында көптеген өнегелі әңгімелерін айтып берді. Сонымен бірге Шоқан ауылының құрылуы мен Шоқан музейінің ашылу тарихына қатысты көрген, білген деректерімен бөлісіп және ондағы атсалысқан жанашыр жандардың адал еңбектері жайында да бірталай қызықты әңгімелер айтып, көпшіліктің қойған ә...

"Музей түні

20 қыркүйек куні Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінде "Музей түні" жобасы аясында, мекеме басшыларымен және Қазақстан Халықтар Ассамблеясының Төрағасы Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен, музей залындағы экспозиция бөлімінде Мемлекет және Қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың өмірі мен еңбек жолын насихаттау мақсатында экскурсия жүргізілді.

Талдықорған – Көлсай көлдері бағыты

Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанында Қазақстан халқына жолдаған жолдауында: «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасын көтерген болатын. Аталмыш жолдау аясында алдағы уақытта М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі «Жетісу жауһарлары» атты жобаны іске асыру мақсатында 10 бағытта экскурсиялық саяхат жүргізуді бастаған болатын.21-22 қыркүйек күндері Талдықорған – Көлсай көлдері бағыты бойынша саяхатқа Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 49 оқушысы мен ұстаздары қатысып, экскурсиялық саяхат жүргізілді.

«Ел атағын – Ер сақтар»

Үстіміздегі жылдың 20 қыркүйегінде Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музей қызметкерлері «Ел атағын – Ер сақтар» тақырыбында «Музейдегі түні» өтті. Музей қызметкерлері дәл осы күні қонақтарды ерекше, «түнгі» форматта қарсы алды. Арнайы ұйымдастырылған көрме көптеген жағымды және танымды ақпараттарды қамтыды. Атап айтсақ, ауданымызға еңбегі сіңген азаматтарымыздың фото картиналарынан басталып, өмір жолдарымен таныстырылды. "Өткенді айтпай, болашақ жоқ" демекші, адамзаттың өткені мен өшкенін жаңғырту, тарихын ұлықтау, өскелең ұрпаққа таныстыру мақсатында ұйымдастырылатын мәдениет пен тарихтың негізгі орталарының бірі музей. Музей түніне аудандық мәдениет колледж студенттері, қала тұрғындары келіп тамашалады. Бұл кеште келушілер музейдің тарихымен танысып қана қойған жоқ, оны көзбен көріп, жүрекпен сезінді деуге толық негіз бар, ал музейг түні сағат 1900 ден 24 00 дейн жалғасын тапты.

«Жамбыл елінің жайсандары»

20 қыркүйек күні «Музейдегі түн» жобасы аясында Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде «Жамбыл елінің жайсандары» атты кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Жамбыл ауылы мәдениет үйінің директоры, термеші Ермек Шаштайұлы мен округ әкімі Мантаев Данияр мырза шақырылды. Мақсаты Жамбыл ауданының тарихы туралы түсінік беру, осы ауданнан шыққан ақындар мен батырлардың өмірі мен шығармашылығы туралы көзқарастарын кеңейту, жас ұрпақты өз елін, жерін сүюге тәрбиелеу.Іс-шара барысында Жамбыл ауданының мәдениеті мен ұлы Жамбыл баба жайында естеліктер айтылды. Кездесу соңында Жамбыл Жабаев туралы 1937 жылы түсірілген кинофильм көрермен назарына ұсынылды.

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»

Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінде Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері мерекесіне орай «Музей түні» жобасы аясында 20 қыркүйек күні «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты шара ұйымдастырылды. Мақсаты: Ана тілінің қадір-қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. Оқушылардың сөздік қорларын молайтып, шешендік өнерге баулу. Ана тілін қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Шараға Байысов орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары, мекеме қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты. Шара барысында оқушылар үш топқа бөлініп, мақал-мәтел айту, музей қорындағы жәдігерлердің атауын тауып сипаттау, жалпы музей туралы сұрақтарға жауап беру кезеңдерінен тұратын сайысқа белсене қатысты. Сайыс соңында әділқазылар алқасы жеңімпаз топты анықтап, марапаттады. Сонымен қатар келушілерге музей залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «Жетісу өлкесінің туристік маршруттары» атты деректі фильм көрсетілді. Шара соңында...

«Қазақстанның қолданбалы сәндік өнері: Кеше және бүгін»

Үстіміздегі жылдың 20 қыркүйек күні «Музейдегі түн» жобасы аясында Сүйінбай Аронұлының әдеби – мемориалды музейінде «Қазақстанның қолданбалы сәндік өнері: Кеше және бүгін» атты қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды.Көрменіңмақсаты - қолданбалы өнер туындыларын таныстыру және насихаттау, қазақ халқының қол өнерін жаңғырту. Қолданбалы өнер – халықтың мәдени өмірін көрсететін сала. Бұл өнер түрі өткеніміз бен бүгінімізді ортақ бір арнада тоғыстырады. Қолөнер туындыларының арасында киіз,кесте, ою,тері, өнерлерін ерекше атаған жөн. Себебі ерте дәуірден халық мәдениетіне енген бұл өнер бүкіл елдің тарихын, рухани өмірін насихаттайды»,- дейді көрмеге өз қолынан тіккен бұйымдарын алып келген Жанысбаева Айшақан апамыз. Көрме түнгі уақытта да өз жалғасын тауып артынан Мустафаева Нәсенхан апамыз бастаған «Ару ана» әжелер тобының концертімен аяқталды.